Германиядағы естімейтін балаларды оқыту



Дата22.01.2022
өлшемі33,5 Kb.
#129607
Байланысты:
Германиядағы естімейтін балаларды оқыту
12.5, present simple, звуки, Мустафин Бердига, Киберкауипсиздик, колледжге Абила апайга, Абдикалыкова Ж аг 90, Султанова У (2), уРАЗОВА Г 90 тарих, Ұйымдастыру

Германиядағы естімейтін балаларды оқыту
XVIII ғасырда Германиядағы алғашқы рет естімейтін балаларды оқытуды сәтті жүзеге асырған дәрігер В.Кергер болатын. Ол естімейтіндерді сөз дыбыстарымен оқытты. Сонымен қатар, В.Кергер естімейтін балалардың сөздік қорының , әсіресе тілдік синтаксистің дамуына аса мән берген болатын.

Жеке дара оқытуға өзіндік еңбегін сіңірген немістің суодопедагогы Георг Рафель (1673-1740). Георг Рафельдің сурдопедагогикалық жұмысы, әсіресе XVIII ғасырдың бірінші ширегін қамтыды. Оның естімейтін балаларды оқытуының өзіндік себебі болды: алты баласының үшеуінің құлағы естімеген, бұндай жағдайлар сурдопедагогиканың тарихында бірнеше рет орын алған. Бұл қайғылы оқиға Г.Рафельді балаларының білім алуына, сонымен қоса ой-өрісінің және тәрбиесінің дамуына жағдай жасауына итермелейді. Г.Рафель И.А.Амманның еңбектерімен танысып, Шульц ұстазбен бірге өзінің бірінші естімейтін қызын оқыта бастады. Г.Рафель оқыту барысын кейін 1718жылы жарық көрген “Естімейтіндер мен мылқауларды сөйлеуге үйрету шеберлігі ” атты кітабында баяндап берген.

Бастапқыда ол қызды дауысты дыбыстарға, кейін даыссыздардың дауыстылармен келуін оқытқан. Содан соң оқытуды үйретуге кіріскен. Дыбыстық әдісті қолданудың арқасында оқытуды үйрету оған оңайға соқты. Мұғалім кітаптағы “а” әріпін көрсетіп, соңынан өзі қайталап тұрған. Осы кезде мұғалім қыздың қолын дірілді сезінуі үшін өзінің тамағына қойып , оқушысына кейін осы дыбысты қайталауын өтінген.

Оқыту мен жазуды үйретуге баланың толық дыбысталуы жақсарғанда көшкен. Г.Рафель дыбыстың айтылуына ерекше мән берген. Дыбыстың дамуы үшін оқушысымен бірге деректі заттар, іс-әрекеттер мен сапалыққа көп көңіл бөлді. Осыдан соң дерексіз түсініктегі сөздерді анықтау үшін жест арқылы түсіндіруге тырысты. Г.Рафель сонымен қатар грамматиканы оқытуға аса назар аударды, сол себепті балаға коптеген жаттығулар жасатты.

Бірінші қызымен жұмыс жасауда Г.Рафель үлкен жетістікке жетті. Осы нәтиже қалған екі қызымен жұмыс жасуына серпіліс берді. Алайда қалған екі қызымен айналысу оған соншалықты нәтиже бере алған жоқ.

Кейінгі неміс педагогтарының естімейтіндерді жеке оқыту істері естімейтіндерге арналған жоғарғы оқу орны ашылғаннан кейін пайда болды. Кейбір педагогтар жаңа көзқарастарға ие болып, өзіндік жаңа ойларымен бөлісті. Осылайша, Иоганн-Людвиг Фердинанд Арнольди (1737-1783) өзінің естімейтіндермен жеке оқыту ісін жүзеге асыра отырып, оларды ерте жастан, яғни 4-5 жастан оқыту керек деген ойын айтқан болатын. Оның “Естімейтіндер мен мылқауларды сөйлеуге үйретудің тәжірибелік нұсқауы” атты еңбегінде оқытудың нақты тәсілдері берілген. И.Арнольди естімейтін балаларды есте сақтау қабілетіне сүйене отырып емес, материалды түсіну қабілетіне сүйене отырып оқытуды алға тартты. Ол педагогтарға сабақты шыдамдылықпен жүргізуді және осы арқылы естімейтіндердің тәрбиесіне ықпал жасау кекректігін ұсынған. И.Арнольди ақырындап оқушының дүниетанымын арттыруға, сабақта оқушының шаршауына мүмкіндік бермейтіндей етіп жоспарлау керектігін, осының бәріне мейіріммен қараудың өзіндік педагогтарға жәрдемі тиетінін айтып өтті. Сонымен қатар И.Арнольди қала ішіндегі саяхаттарға, жәрмеңкелерге көп көңіл бөлді.

Ең алдымен И.Арнольди естімейтін балаларды дыбысты қалай айту керектігіне үйретті. Жақсы нәтижелерге жету үшін ауызша сөйлеу дыбыстарына баланы 4-5 жасында үйретті. Ол үннің шығуын бірнеше аптада жүзеге асырды. Сөйлеуді қалыптастыру мен дамыту үшін, И.Арнольди баланың таныс сөздермен жаттығуын жалғастырды. Осыдан бала ол сөздерді біртіндеп қайталай бастаған. Дыбыстау сабағына И.Арнольди хат пен ерін арқылы оқуды да қосты. Оның оқушылары өзіне бағытталған сөздерді түсініп,оны жазып алуға мүмкіндік алуы үлкен жетістік еді. Дактильді сөздерді ол қолданған жоқ. Жесттік сөздерге И.Арнольди көп мән бермеген және оқушыларға сабақ беруде оны қолданбағанымен, мұғалімдерден дактильді білімді талап еткен.

И.Арнольди өзінің шәкірттері үшін грамматиканы жазған. Грамматикалық форманы үйрену көрнекілік оқыту мен практикалық және сөздік дыбыстармен тығыз байланысты еді. Ауызша сабақ беру кезінде балаларға географияның элементтерімен, күнтізбені қалай пайдалануды және санақ жүргізумен таныстырды.Сонымен қатар дінге де аса назар аударып, оны да оқытуды алға тартты.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Воронкова. В.В. Воспитание и обучение детей в вспомогательной школе. Москва 1994

  2. .Моргулис. И.С. Некоторые вопросы теории специального обучения. Москва 1989.

  3. .Носкова. Л.П. Дошкольное воспитание аномальных детей. Москва 1993.

  4. .Назарова. Н. М. Специальная педагогика. Москва 2007.

  5. Намазбаева Ж.И., Сулейменова Р.А. Дефектологиялық сөздік. Алматы 1993.

  6. Тебенова К.С. Дамуындағы ауытқулары бар балалар. Оқулық құрал. Қарағанды, 2003.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет