Гильманова Айша Кажмукановна ия-41 тобы ОҚушының сипаттамасы: сабырлы және қАМҚор рауан



Дата20.11.2023
өлшемі18,63 Kb.
#192085
Байланысты:
Гильманова А.К. ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Геодезия-, Шұғаның белгісі

Гильманова Айша Кажмукановна
ИЯ-41 тобы

ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: САБЫРЛЫ ЖӘНЕ ҚАМҚОР РАУАН
Мен «Черный двор» немесе қазақ тілінде «Қара аула» телехикаясындағы Рауан атты балаға сипаттама жасамақшымын. Бұл телехикая өмірден алынған болатын. Телехикаяда үлкен сынып оқитын жасөспірімдердің өмірлері және бастарынан кешкен хикаялары туралы көрсетіледі.
Рауан 11-ші сынып оқитын жасөспірім бала. Отбасындағы жалғыз бала. Рауанның әкесі кішкентай кезінде қайтыс болған. Анасы жалғыз өзі көшеде немесе базарда сүт, айран, қаймақ сатып баласын өсіреді. Ақшалары бірде жетсе, бірде жетпей жатады. Анасы оба ауруымен ауыратын еді.
Рауан өмірде сабырлы, тұйық және әдепті бала. Бірінші орында анасын ойлап, бұзықтық жасамай, тәртіпті жүретін. Мектепке барып, мектептен кейін анасының жанына барып сауда жасап, анасына ауыр зат көтергізбей, кешке дейін өзі жүретін.
Рауанның сабақ үлгерімі жақсы, уақыты тапсырмаларды орындап, мұғалімдердің сүйікті, үлгі тұтар оқушысы болады. Сабақтан болек спорт үйірмесіне қатысып, үнемі жарыстардан орын алатын. Анасына көмектескендіктен үй жұмысын түнде орындайтын еді. Ал екінші күні сабақта шаршаңқы отыратын. Соған қарамастан сабақ үлгерімі жақсы болатын. Рауанның достары аз еді, өйткені достарымен қыдырудың орнына, анасына көмектесуді жөн көретін.
Анасының обамен ауыратынын білгеннен кейін, Рауанның сабағы төмендеп,мүлдем мектепке баруды тоқтатады. Анасынан жасырып ота жасауға ақша іздеп, жұмыс жасайтын.
Біртіндеп мұғалімдер анасына хабарласып, шағымдарын айтады. Рауан анасының көңіліне қарап, өкпелетпеу үшін сабаққа бара бастайды, бірақ сабағы бұрынғыдай жақсармайды, өйткені ойы мүлдем басқада еді.
Бұл телехикаядан түсінгенім, баланың сабақ ұлгерімінің жақсы немесе жаман болуы тек қана баланың өзінен емес, отбасыдағы факторлар да әсер етеді.

ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ МҰХТАР
Мен оқушының сипаттамасы ретінде «Районы» фильміндегі Мұхтардың бейнесін алдым. Мұхтар орташа отбасыдан шыққан бала. Әкесі маскүнемдікке салынған, үйге ақша әкелмейтін адам. Ал анасы жұмыс жасамайтын, бар уайымы күйеуінде, дұрыс жолға салуға тырысып жүрген адам. Мұхтардың ағасы Астанаға жұмыс бабымен кетеді. Ол отбасындағы сүйікті бала, барлығы оны мақтайды, Мұхтармен салыстырады.
Мұхтар 11-ші сынып оқушысы. Отбасындағы кенже бала, сабағын нашар оқитын, ата-анасының назарынан тыс қалған бала. Ата-анасы әрдайым ағасын мақтап, ал оның ағасы секілді бола алмайтындығын айтып, салыстыратын.
Мұхтар мектепте сабақ үлгері төмен, ешқашан үй жұмысын орындамайтын, бұзық бала. Қасындағы балаларды ұрып-соғып, кіші сыныптың балаларынан ақша алып, мұғалімдерін келеке жасайды. Барлығы одан сескеніп, айтқанын жасайды. Ал отбасында ол мүлдем басқаша еді. Әкесі Мұхтарды тентектігі үшін ұрып-соғатын, арақ әкелуге мәжбүрлейтін. Ал анасы баласын қорғамайтын. Отбасында жылу мен қамқорлықты көрмеген Мұхтар, күш арқылы басқалардан назар алатын.
Мұхтардың араласатын орны жаман болатын. Олар Мұхтарды қолпаштап,мадақтап жаман істер жасататын. Ал Мұхтарға мұндай назарда болған ұнап, барлығын жасайтын. Солай күндер өте ол бұзықтығы үшін балаларға арналған абақтыға түсіп қалуға жаздайды. Дәл уақытында есін жиып, өзін дұрыс жолға тартады. Ал ата-анасы өз қателіктерін түсіне бастайды, балаларына жылу мең қамқорлық бере бастайды. Солай біртіндеп Мұхтардың сабағы жақсарады, әр бағасы үшін ата-анасы мақтап, қолпаштай бастайды. Өзінің күшін спортқа арнап, жүлделі орындар алып, атын таныта бастайды. Әкесі баласымен қалай мақтанатындығын көрсете бастайды, әр жарысына келіп қолдайды.
Бұл фильмнен ұғатын түйін, әр баланың өмірде алатын орны ата-анаға байланысты
Әр бала ата-ананың қолдауына, жылуына және қамқорлығына зәру. Бұл баланың өмірінде үлкен рөл атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет