Гимнастика дене тәрбиесі жүйесінің негізі



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата31.05.2020
өлшемі50,13 Kb.
#71850
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Гимнастика

Ағаш аттан секіру

Жүгіріп келіп тұтқадан ұстап, аяқты екі қолдың арасынан өткізіп

секіріп түсу. Үлкен ағаш атты ұзынынан қойып, қолды бір-ақ рет тіреп

аяқты   ашып   секіріп   өту.   Үлкен   ағаш   атты   көлденең   қойып,   аяқты   бір

жанынан алып бір қолға таянып секіріп түсу.

Арқанмен тартылу

Ұзындығы 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз (уақытқа) өрмелеп шығу.

Ең   әуелі   аяқтың   көмегімен   өрмелеп   шығу   жаттығуын   орындауға

дағдылануды талап етеді.



Шығыршық  Асылу, күшпен тартылып шығып қолға тұру. Бұрыш

жасау. Артқа құлап түсіп бүктеліп асылып тұрып, аяқты жоғары сермеп

қайтадан   қолға   таяну.   Алдыға   қарай   аунап   екі   бүктеліп   асылу,   аяқты

алдыға сермеп секіріп түсу.



Акробатикалық   жаттығулар  Акробатикалық   жаттығулар   -

белгілі бір осьтің айналымы арқылы орындалатын жаттығулар. Тоңқалаң

асу  -  жүреден  отырған   бетте  алдыға,   артқа  қарай тоңқалаң  асып  түсу.

Тоңқалаң асып түсіп барып, қайтадан жүреден отыру. Аунау - алдыға,

артқа   қарай   қолды тіреп   аунап   түсу.   Алдыға   тоңқалаң   асу   -   жартылай

отырып және жүгіріп келген бетте тоңқалаң асады. Жүгіріп келіп секіріп

қолға   тұрып,   содан   кейін   басты   ішке   қарай   алып   арқамен   аунап   түсу.

Арқамен аунап түспес бұрын жауырынға тұру. Аунап түскеннен кейін екі

қолға тіреліп жауырынға тұру. Қайтадан аяққа түсіп, аяқты алма-кезек

жоғары   сілтеп   қолға   тұру.   Осы   жағдайдан   артқа   қарай   құлап   түсіп,

«көпір»   бейнесін   жасау.   Осы   жағдайдан   аяқпен   итеріліп,   қайтадан

айналып аяққа тұру.



Үйге: Конспект жасау және оқу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет