Гүлдеу және тозаңдау Гүлдің диаграммасы мен формуласы


Апаспория — ұрықтың нуцеллус немесе интегументтердің диплоидты жасушаларынан қалыптасуы. Полиэмброния



бет10/11
Дата10.05.2020
өлшемі196,18 Kb.
#66913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гүлдеу және тозаңдау

Апаспория — ұрықтың нуцеллус немесе интегументтердің диплоидты жасушаларынан қалыптасуы.

Полиэмброния (көп ұрықтылық). Тұқымда екі және одан көп ұрықтың пайда ботуы полиэмброния деп аталады. Полиэмброния цитрустарда, пияздарда жиі кездеседі. Екі ұрықты болған жағдайда оның біреуі ұрықтың алғашқы жасушасынан қалыптасады. Кейде бір тұқым (мандарин) ішіндегі эмбриондар саны 20-ға жетеді, бұлардың көпшілігі нуцеллус жасушаларынан ұрықтанбай-ақ (апомиксис) пайда болады. Мұндай ұрықтар нуцеллярлы эмбриондар делінеді.

Партенокарпия. Жемістің тұқымсыз дамуы партенокарпия деп аталады. Партенокарпия кезінде тұқымсыз жеміс ұрықтануға немесе ұрықтанбауға байланыссыз өтуі мүмкін. Партенокарпиялы жемістерге жүзімнің (мейіз) сорттары, құрманың тұқымсыз жемістері, тұқымсыз алмұрт, інжірдің тұқымсыз жемістері жатады. Партенокарпты жеміс беретін өсімдіктер тек вегетативті жолмен ғана көбейеді.

Партенокарпияның екі түрі бар: вегетативті және үдеткішті (стимулятивті). Бірінші түрінде жеміс тозаңдануға дейін неме­се тозаңсызданусыз (тұқымсыз алмұрт) пайда болады; үдеткішті партенокарпияны аралық ауыз үдеткіштер (стимуляторлар) арқылы қолдан тітіркендіріп тудырады. Үдеткіш ретінде пісіп жетілген туыстарының тозаңы жиі қолданылады. Мысалы, алма аналық аузын алмұрт тозаңымен, бұрышты картоп тозаңымен, қара өрікті өрік тозаңымен және тағы сол сияқты тозаңдандырады. Партенокарпияны аналық аузын химиялық реактивтерді, әлсіз электр тогы, рентген сәулелері және тағы басқа да тітіркендіргіштерді пайдаланып туғызуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет