Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік



бет6/42
Дата11.12.2021
өлшемі66,73 Kb.
#99034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (2)

Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.

Әлеуметтік мониторинг –қайталанатын социологиялық зерттеулер сәйкес келетін ұйымдық жұмыста әлеуметтік ақпар алудың жаңа түрі

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың  құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ  тәжірибелік құндылығы  жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық  зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.  Аналитикалық зерттеу дайындығы  біршама уақыт талап ететін, мұқият  құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және  бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым  бағдарлама  мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және эксперименттердің мақсатының негізділігі мен барабарлығы.

Гипотеза (гр. πόθεσις — негізгіжорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылымитеория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет