Глоссарий абстракция


Бағалық кемсітушілік (дискриминация)



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория
123476, docx1549914411
Бағалық кемсітушілік (дискриминация)
– сапасы мен шығындары бір-дей 
тауарды әртүрлі бағамен әртүрлі тұтынушыларға сату тәжірибесі. 

Бағаның төменгі шегі
– тепе-теңдік бағадан жоғары үкіметтің бекіткен 
минималды бағасы. 

Баж
– импортталатын тауарларға салынатын салық. 

Базистік жыл
– бағалар индексін басқа жылдарда орын алған бағалармен 
салыстыру үшін негізге алынып қолданылатын жыл. 

Баламалы шығындар
– өнімдердің белгілі бір құнын өндіру үшін бас тартуға 
тура келетін басқа өнімдердің құны. 

Бартер, бартерлік сауда
– бір тауарды немесе қызметті басқа бір тауарға 
немесе қызметтің түріне табиғи айырбастау. 

Бәсеке
– нарықта пайда табу және пайдалылық көру мақсатында 
бақталастыққа түсетін тәуелсіз сатып алушылар мен сатушылардың үлкен 
санының орын алуы және олардың нарыққа еркін кіріп одан шығып кете алу 
мүмкіндіктері. 



Бірлік икемділік 
– икемділік коэффициенті мәнінің 1-ге тең болу жағдайы; 
сұраныс немесе ұсыныс шамасының пайыздық өзгеруінің бағаның пайыздық 
өзгеруіне тең болуы. 

Бірін-бірі алмастырушы тауарлар (субститут тауарлар)

бір тауардың 
бағасы мен екінші бір тауардың көлемі арасында тура байланыс орын алатын 
тауарлар немесе қызметтер, яғни бір тауар бағасының төмендеуі немесе 
жоғарылауы екінші бір тауар көлемінің қысқаруына немесе жоғарылауына алып 
келуі. 

Бірін-бірі толықтырушы тауарлар (комлементарлы тауарлар)
– бір 
тауардың бағасы мен екінші бір тауардың көлемі арасындағы кері қатынасы бар 
тауарлар немесе қызметтер, яғни бір тауар бағасының төмендеуі немесе 
жоғарылауы екінші бір тауар көлемінің жоғарылауына немесе қысқаруына алып 
келуі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет