Глоссарий Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование


Дәріс №5. Ақпараттық білім беру ортасы



бет23/52
Дата07.02.2022
өлшемі220,49 Kb.
#95438
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Байланысты:
ҒИАМК Шынар апай
жалпы педагогика

Дәріс №5. Ақпараттық білім беру ортасы


Қазақстан Республикасындағы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін (ББАЖ) ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін анықтайды.


ББАЖ-ның мақсаты білім беру ұйымдарын, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметі туралы толық, сенімді және салыстырмалы ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады.
ББАЖ-ның міндеттері:
1) білім беру мониторингін және білім беруді басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қатысушылары мен элементтерін бірдейлендіру;
3) білім беру ұйымдарының қызметі, кадрлық құрамы және білім алушылардың жетістіктері туралы мәліметтерді жинақтау және өңдеу процесін автоматтандыру;
4) талдау және ақпараттық мәліметтердің мекен-жайлық ұйымдары:
әрбір білім алушы бойынша;
әрбір білім беру қызметкері бойынша;
әрбір білім беру ұйымы бойынша.
5) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін ұйымдастыру;
6) интернет-ресурстары және/немесе мобильдік байланыс арқылы оқушылардың жетістігі туралы қоғамды хабардар ету;
ББАЖ-ны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуінің тәртібі:
ББАЖ (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгей және білім беру ұйымдарының дең­гейі) білім беру ұйымдарымен басқару иерархиясы негізінде ұйымдастырылады және жұмыс істейді.
ББАЖ ақпараттық ортада деректер ағынын ұйымдастыруды бес бағыт бойынша жүзеге асырады:
1) ақпараттық - Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ету;
2) әкімшілік - білім беруді басқарудың барлық деңгейінде басқару шешімдерін ақпараттық қамтамасыз ету;
3) оперативтік - желілік мониторинг және әкімшілік ету, деректерді резервтік сақтау және өңдеу жүйесін іске асыру, оперативті-техникалық персоналдық техникалық байланысын ұйымдастыру;
4) технологиялық - ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету, ағымдағы талаптарға байланысты ішкі жүйелерді құрылымдау, бірыңғай технологиялық кешен мен әдістемелерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды қолдану, оңтайландыру және технологиялық консалтинг;
5) нәтижелілік - білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының жедел мониторингі және оны бағалау.
ББАЖ-ны ұйымдастыру төмендегі бағыттар бойынша білім алушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуын болжайды:
1) педагогтар және білім алушылардың форумдары мен чаттары;
2) білім бері ұйымдарының web-порталдары.
ББАЖ-ны ұйымдастыру кезінде білім беру қызметкерлерін оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

  1. білім беру желісінің операторлары мен әкімшілерін сертификаттау;

  2. білім берудің техникалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

  3. білім берудің педагогикалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

  4. барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының басшыларына арналған оқыту семинарлары;

  5. жарияланатын әдістемелік әдебиеттерді қолдану арқылы ББАЖ-ның элементтерімен жұмыс істеуге өз бетінше оқыту.

ББАЖ-да апаттар, табиғат катаклизмдері, техногендік апаттар болған жағдайда аналитикалық жұмыстар мен қалпына келтіру мақсатында білім беру жүйесі қызметінің Ұлттық білім беру базасын, деректер базасын, ашық қорларды және ББАЖ-ның техникалық жағдайын жүргізу жүзеге асырылады.
ББАЖ-ның терминалдары мен интерфейстері қазақ және орыс тілдеріне аударылған болу керек.
ББАЖ-ны ұйымдастыру жүйелік талаптар және аппараттық-бағдарламалық құралдарына қойылатын талаптар негізінде жүзеге асырылады:

  1. біріктірілу - жүйе ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттар талаптарына сәйкес болу керек;

  2. интероперабелдік - жүйе басқа жүйелермен қарымқатынас жасауға мүмкүндік беріп керекті жағдайда ол жүйелердің ақпараттық ресурстарына бағытталу керек;

  3. масштабтау - бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылардың саны және өңделген ақпарат көлемінің арту өлшемі бойынша жүйенің даму мүмкіндігін кепілдендіретін салынымдық үнем көзқарасымен ауқымдалады;

  4. кеңею - пайдаланушылардың спецификалық қажеттіліктеріне сәйкес бастапқы қабылданған дамыту тұжырымдамасының және технологиялық базасының шегінен шықпай жүйенің функционалдық әлеуетінің үдеу мүмкіндігі;

  5. бейімделу - Қазақстан Республикасының Заңнамалары мен білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды, ұсынылатын нормативтік құжаттарын есепке ала отырып нақты ұйымдардың ерекшеліктеріне арналған автоматты баптау мүмкіндігі;

  6. ББАЖ-ның аппараттық - бағдарламалық жүйесі дүние жүзіндегі озық технологиялардың деңгейіне сәйкес келу керек.

ББАЖ - ның жұмыс жасауы келесіге мүмкіндік туғызады:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтарының алдында білім беру ұйымдарының және білім беруді басқару органдарының ашық есептерін дамыту;

  2. электрондық қызметтерді көрсету;

  3. білім беру ұйымдарының және білім беру басқармаларының қатысуымен ашық форумдар ұйымдастыру;

  4. инновациялық методикалық материалдарды жариялау және ашық талқылау;

  5. аумақтық белгі бойынша ашық рейтингтік жүйенің іс-әрекет жасауы;

  6. ата-аналар қауымына ағымдағы және кезең үлгерімі және келушілер саны бойынша жиынтық жасау;

  7. Министрлікке және оның оның ағымдағы және кезең үлгерімі және келушілер саны бойынша жиынтық жасау;

ББАЖ жергілікті желіде және коммуникацияда жұмыс жасайды;
ББАЖ техникалық сүйемелдеуі тиісті профильдегі сертификатталған мамандармен жасалынады.
Қазіргі заман мектептеріндегі оқу үрдісін технологияландырудың көкейкестілігі білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына өтуге себеп болды. Бұл парадигманы жүзеге асыру мектептерді компьютерлендіру мен интернеттендірумен, бағдарламалық және контенттік жабдықталуға сәйкес оларды электрондық инфраструктурамен қамтамасыз етумен, ең бастысы, кіріктірілген заманауи жетістіктердің негізінде педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайында мүмкін болады.
Осыған байланысты бүгінде бүкіл әлемдік педагогикалық қалың көпшіліктің назары материалдық негізін қолданбалы бағдарламалық өнімдер (ҚБӨ) құрайтын оқытудың жаңа электрондық түріне көңіл бөліп отырғаны белгілі. Электрондық оқыту құралдары интерактивті тақталар, мультимедиалық лингофондық кабинеттер (МЛК), интерактивті пәндік кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер болып табылады.
Әрине, мектептерде электрондық оқытуды іске асырудың идеалды шарттары болған болар еді «1 компьютер – 1 оқушы» немесе, маңыздырақ, «1 пән кабинеті – 1 компьютерлік мультимедиалық сынып». Бірақ, қолайлы жағдайы төмендеу жағдайларда да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Электрондық оқыту ортасы түрлі қолданбалы бағдарламалық өнімдер болып табылады. Қазақстанда электрондық оқыту үшін жағдай жасалған, мектепте білім беру мазмұнының 90%-ы “Электрондық оқулық“ ҚБӨ түрінде әзірленді.
Электрондық оқулықтарды оқытудың кезекті техникалық құралы ретінде немесе қосымша дидактикалық материал, оқу құралы, оқу-әдістемелік кешен ретінде қарастыру тәсілдерін қолдау. Электрондық оқулық бір жағынан, мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға да арналған бірыңғай ақпараттық-білім беру ортаны, екінші жағынан – білім беру үрдісінің субъектілерінің қашықтан интербелсенді өзара әрекет етуі ретінде электронды оқыту технологиясын қамтамасыз етеді. Сондықтан білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық-білім беру орта ретіндегі электрондық оқулықтарға қатынасын қалыптастыру болып табылады.
ҰАО мен БАПТО-ның электрондық оқулықтары менің технологиям бойынша құрылған және мақсаттан нәтижеге дейінгі өзара байланысты компоненттердің тұтас жүйесінде автоматтандырылған оқыту үрдісін қамтамасыз етеді: модуль – гипермәтін – интерактивті тапсырмалар – оқу жетістіктерін бағалау. Олар оқыту үрдісінің міндетті компоненттерін бейнелейді: мотивациялы-мақсатты, мазмұнды, іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелі. Бұл барлық кезеңдерді міндетті түрде өту, оқыту технологиясын сипаттайды, ал технология, өз кезегінде мектеп оқушыларының белгілі нәтижеге – жоғары сапалы үлгірім жетістіктеріне жетуін қамтамасыз етеді. Бірақ кез келген технология, сабақта негізгі тұлға болып табылатын мұғалімнің тікелей әдістемелік жетекшілігін талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет