Глоссарий Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование



бет26/52
Дата07.02.2022
өлшемі220,49 Kb.
#95438
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Байланысты:
ҒИАМК Шынар апай
жалпы педагогика
Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) — негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады. Телекоммуникациялардың арқасында абоненттік жүйелер қосу орталықтары арқылы бір-біріне деректер таратады. Бұл жүйелердің байланысы коммуникациялық желілер құрумен жүзеге асады. Телекоммуникациялар аймағындағы стандартты Халықаралық Электр Байланысы Одағы және Халықаралық Стандарттар Ұйымы анықтайды. Телеграф желілері технологиясын пайдаланудан бастап телекоммуникациялар әрбір мемлекеттің даму деңгейін айқындайтын маңызды салалардың біріне жылдам айналды. Олардың негізін РТТ (пошта, телефон, телеграф) деректер таратудың қоғамдық желілері қүрады. Ұлттық желілер бір-бірімен қосылып, глобальдік байланыс желісін жасайды. Бастапқыда телекоммуникациялар сөзді ғана таратты, сондықтан, негізінен электрлік аналогтік сигналдарды пайдаланды. Компьютерлердің пайда болуы және оларды байланыста кеңінен қолдану дискретті сигналдарға ауысуға алып келеді. Ауқымды ақпарат ағындарын тарату қажеттігі оптикалық арналарды пайдалануға және жарық сигналдары көмегімен деректер таратуға қол жеткізді. Телекоммуникацияны қамтамасыз ететін негізгі объектілер — аймақты желілер. Солар арқылы жекелеген абоненттік жүйелер мен төңіректік желілердің өзара әрекеті жүзеге асады. Бұл жүйелердің пайдаланылатын типтерінің спектрі орындайтын функцияларына байланысты радиошақыру құрылғыларынан, телефон аппараттарынан, дербес компьютерлерден, жұмыс станцияларынан, т.б. тұрады. Осы заманғы телекоммуникациялар дерекгер таратуды ғана емес, желілік қызметтерді, абонент қажеттері үшін деректер өңдеуді жүзеге асыратын қосымша қызметтерді де қамтамасыз етеді.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіруезі Шартараптандыру – әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.
Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.
8 дәрiс. Қазiргi компьютердiң педагогикалық мүмкiндiктері. Оқытуды ақпараттандыру және компьютерлендiру негiзінде психолого-педагогикалық теория.

Білім беру үрдісінде қарқындатудың алғышарттарын құрайтын, сонымен бірге білімді өз бетінше оқуға және ұсынуға, оқушының ақыл-ойын дамытуға арналған әдістемелерді жасайтын АКТ дидактикалық мүмкіндіктерін сипаттамасына тоқталайық. Оларды атап өтсек:



  • зерттелетiн объект, процесс туралы оқу ақпаратының визуализациясы (көрнекi мысал экранда ұсынылған: объект, оның құрама бөлiктерi немесе олардың үлгiсі; процесс немесе оның үлгiсi; зерттелетiн процесстің зерттелетiн заңдылықтардың график түрiнде түсiндiруi);

  • зерттелетін нысандардың ақпараттарын және олардың қатынастарын, үрдістерін, оқиғаларын – нақты және де виртуалды моделдеу және интерпретациялау (экрандағы математикалық, ақпараттық-сипаттамалы, көрнекі үлгілер түпнұсқаға ұқсас);

  • ақпаратты беру, тарату, көбейту оған жеңiл қол жеткiзудiң мүмкiндiгімен үлкен көлемдердi ақпаратты архивтеу, сақтау;

  • есептеуіш, ақпараттық-іздестіру, сонымен бірге фрагменттің немесе сол тәжірибенің бірнеше рет қайталанатын мүмкіндігімен оқу тәжірибесінің нәтижелерін өңдейтін үрдістерді автоматтандыру;

  • ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз ету, ұйымдастыру басқаруы және жобалауды автоматтандыруды, жедел жоспарлау тұратын меңгерудiң нәтижелерiне бақылау, және оқу орында бiлiм беретiн процестi басқару, ақпараттық қызметтiң автоматтандыруын және көмекпен бiлiм беретiн процесi қатысушылардың арасындағы ақпараттық өзара iс-әрекет жергiлiктi және жаhандық компъютер желiлерiмен процестердi автоматтандыру.

Бiлiм беру үшiн қолайлы, жоғарыда көрсетiлген мүмкiндiктердi белсене жүзеге асыратын қазiргi программалық әзiрлемелерде оқу қызметiнiң келесi түрлерiн ұйымдастыруға болады.

  • Зерттелетін нысандардың, оқиғалардың, үрдістердің, сонымен қатар әртүрлі түрде ұсынылатын әжептәуiр үлкен көлемдердi ақпараттарды беру туралы ақпаратты цифрлық қалыпта тiркеу, жинау, қор жинақтау, сақтау, өңдеу.

Интерактивті диалог – диалогты дамыған енгізу құрылғыларымен сипатталатын(диалогтiктен қарағанда мәтiндiк командалар, сұраныстар мен жауаптар, шақырулармен айырбас); сонымен бірге оқу материалын, олармен жұмыс істеу режімінің нұсқаларын таңдауға мүмкiндiк беретін, пайдаланушының бағдарламалық (бағдарламалық-аппараттық) жүйемен өзара іс-әрекеті.
оның әр сұранысы жүйенің қызметіне жауап шақырады және керісінше, реплика қолданушының реакциясын соңында талап ететін, ЭЕМ мен қолданушының өзара әрекетінің интерактивті режимі.
.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет