Глоссарий «Әлеуметтану ғылымы, оның объектісі мен пәні» тақырыбы бойынша глоссарий


«Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы» тақырыбы бойынша глоссарий



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі24,24 Kb.
#117354
1   2   3
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ
the answers, Орыс т шпор, Актай МФ
«Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы» тақырыбы бойынша глоссарий
Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік институттар, әлеуметтік рольдер мен мәртебелер жиынтығы. Отбасы, өнеркәсіп, дін, білім, әскер, меншік, мемлекет – бұлар ертеден пайда болған қоғамның фундаментальды институттары.
Статус ― адамның қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы айқын позициясы (орны).
Әлеуметтік институт - қоғамдағы белгілі бір фундаментальды тұтынысты қанағаттандыру үшін осыған сәйкесті әлеуметтік функцияны іске асырудың стандартталынған формасы. Фундаменталды тұтыныс дегеніміз қоғам және даралық тұтыныстарының бір мүддеде тоғысуы. Ондай тұтыныстарға мыналар жатады: өмір сүруге қаражат табу, жас ұрпақтарға білім беру, қоғамды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б. Осы тұтыныстар мыңдаған адамдардың тұрақты қызметі арқасында іске асырылады, яғни осы негізде біріктірілген адамдар мен олардың қызметі әлеуметтік институтты құрайды.
Әлеуметтік роль - әрбір институт өзіне дәл көрсетілген қызметті атқарады, яғни осы қызмет қаласындағы жеке адам өзіне берілген әлеуметтік рольде ойнайды. Мысалы, мыңдаған адамдар оқытушы немесе дәрігер ролінде ойнап кетеді, бірақ бұл әлеуметтік роль өз орнында қала береді. Бір адам бір мезетте бірнеше рольді атқарады: біреуге әке, бірегу бала, ата, біреуге бауыр, біреумен қызметтес, басшы, жолаушы, пациент, т.т.
Әлеуметтік мәртебе - қоғамдағы жеке адамның әлеуметтік жағдайы. Кейбір мәртебеге адам туылғанынан ие, мысалы: ұлты, ал кейбір мәртебелер әлеуметтендірілудің арқасында, қол жеткізген (оқуы, тәжірибе жинақтауы) болады, мысалы: ана, әке атану, біредің ағасы немес сіңлісі, студент, жұмысшы, компания қызметкері, коммерциялық банк басшысы, т.т.
Әлеуметтік топтар – бір деңгейдегі әлеуметтік жағдайдағы адамдар топтары. Олар аз немесе үлкен топтар болуы мүмкін. Аз топтарға достар компаниясы, отбасы және т.б. жатады. Үлкен әлеуметтік топтар мыналарға бөлінеді: мысалы жас мөлшеріне қарай (қарттар, жастар); жынысына қарай; ұлтына қарай; кәсібіне қарай (инженер, оқытушы); экономикалық топтар (акционер, рантье); діни топтар (христиан, мұсылман); саяси топтар (либерал, консерватор, демократ).
Әлеуметтік стратификация - әрбір әлеуметтік роль немесе мәртебе бір-бірімен құқықтар мен міндеттер арқылы байланысқан, яғни қоғам біреуінің құқығы артық, екіншісінікі кем, немесе біреуінің міндеті аз, ал екіншісінікі көп болып келетін пирамида түрінде орналасады. Міне осы пирамида - қоғамда әлеуметтік стратификация арқылы түсіндіріледі және осындағы қатынастар әлеуметтік стратификация жолымен іске асырылады.

Әдебиет:


  1. http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=147318

Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі [Мәтін] / К. Биекенов, М. Садырова - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007

  1. https://sozdikqor.kz/search?q

Sozdikqor.kz порталы - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер.

  1. https://openu.kz/kz/book/oksford-leumettik-gylymdar-sozdigi

Әлеуметтік ғылымдар сөздігі. Редакциясын басқарған К.Калхун. Oxford, 2002 Ұлттық аударма бюросы. Нұр-Сұлтан, 2019 ж.

  1. https://openu.kz/kz/book/aleumettanu-negizderi

Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет