Глоссарий тақырыбы



Дата03.01.2022
өлшемі16,25 Kb.
#108783
Байланысты:
ДӨТ 9 тақырып Өтегенова А. глоссарий
ref, n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Иррационал өрнектерді түрлендіру, англ флажок, metod gidrataciya, Түсінік хат дайын, Шабдалы А.Алматов

  1. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ АҚ
    ДӘРІЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


ГЛОССАРИЙ

Тақырыбы: Таблеткаларды қабықшамен қаптау. Дражделген қабықшалармен қаптау тәсілі. Драждеу технологиясы. Драждеудің суспензиялық әдісі. Аппаратура.

Орындаған: Өтегенова А. Тобы: 401 ФК Б Қабылдаған: Иманалиева С.М.




  1. Дражделген қабықшалар - (drаgее - француз тілінде қантты кабықша жағу) бұл таблеткалық қабықшалардың ең ескі түрі. Ол XX ғасырдың басынан бастап қолданылады. Бұл қабықшалардың ең негізгі мақсаты сыртқы әсерлерден сақтау, дәрілік заттың жағымсыз иісі мен дәмін бүркеу, таблетканың сыртқы түрін жақсарту. Кейде қабықша құрамына таблетканы асқазан сөлінің әсерінен сақтайтын заттар қосады.

  2. Таблеткалар (лат. Tabulettae) — бір немесе бірнеше ұсақталған затардан тұратын, сусымалы қасиетке ие, ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік форма.

  3. Грунттау немесе қатпарландыру - араласып тұрған таблеткаларды драждеуші казанда (сурет 83) 61-70% қант шырынымен ылғалдаудан және бидай ұнымен немесе оның магний карбонатымен коспасымен себелеу.

  4. Түйіршіктер (латын тілінен аударғанда granula - дән деген сез) түйіршіктелген түйір немесе цилиндр тәріздес, дұрыс емес формадағы, құрамында дәрілік және қосымша заттардан тұратын, іш тәнге қолдануға арналған дәрілік түр.

  5. Драже деп (Dragee - франц.) – ішуге қолданылатын дәрілік заттар мен косымша заттарды бірнеше рет қант түйіршіктерінде қабаттау арқылы алынатын дозаланған дәрілік түрді айтады.

  6. Буып-түю - бұл дәрілік затты қоршаған ортаның әсерінен, зақымданудан, ысыраптан қорғауға және айналым процесін жеңілдетуге арналған әдістер мен шаралар жиынтығы.

  7. Жалтырату - драждеудің ең соңғы сатысы яғни, таблеткалар жалтырланып, олар жақсы түрге келтіріледі. Бұл операцияны екі әдіспен жүргізеді.

  8. Аэросил (кремнийдін аморфты Қос тотығы) - суспензияда тұрақтандырғыш ретінде қолданылады.

  9. Суспензия — қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік орта-да таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәре-жесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмен-дейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін мик-роскоп, электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седимен-тациялық анализ көмегімен анықтауға болады.

  10. Ротакс - таблеткаларды бір уақытта орау үшін қолданылатын аппарат, ол екі тізбекті таблеткадан түсуді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет