Государственная и общественно-политическая деятельность нуртаса дандыбаевича ондасынова


Т Ү Й І Н Утегенов Ғалымжан Қалыбекұлы



бет3/3
Дата02.07.2018
өлшемі247,5 Kb.
#45395
түріАвтореферат
1   2   3

Т Ү Й І Н
Утегенов Ғалымжан Қалыбекұлы

Н.Д.Оңдасыновтың мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметі
07.00.02 –Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену үшін диссертация
Диссертацияда нақты зерттеулер мен мұрағат материалдары негізінде мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткер Н.Д.Оңдасыновтың өмірі мен еңбегі сараланады.

Тарихтың ең қиын да қилы кезеңдерінде бұл тұлға Қазақ КСР-інің үкіметін басқарған. Бұл жұмыста оның соғыс алдындағы, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметі сарапталады.

Автор Н.Д.Оңдасыновтың өмірі мен еңбек жолына деген өзіндік көзқарасын баяндайды.

Зерттеу нысаны мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткер Н.Д.Оңдасыновтың 1904-1989 жылдар аралығындағы өмірі мен қызметі болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі. Тарих ғылымында тұлғаның рөлін зерттеу қашанда өзекті мәселе деп саналады. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін бұл мәселенің маңызы одан да арта түсті, өйткені тарихтың кеңестік дәуіріндегі партия басшыларының өмірі мен қызметі ақ таңдақтарға толы.

Бұл мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткер Н.Д.Оңдасыновтың өмірі мен қызметін зерттеудің көкейтесті мәселесіне айналды.

Бұл тұлғаның рөлін зерттеу сол кезеңдегі республиканың көптеген мемлекеттік басшыларының тағдырына ықпал еткен күрделі тарихи дәуірден бастау алады.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздемесі. Диссертацияның методологиялық негізі ретінде шынайы деректерді сұрыптау, нақты тарихи жайтты талдау, оқиғалардың себеп-салдарын анықтаудан тұратын тарихилық пен кешенділік ұстанымдары алынған.

Диссертацияның методологиялық негізі Н.Д.Оңдасыновтың қызметінің мәнін айқындап беретін мұрағат материалдарына сүйенеді.



Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу мақсаты - Н.Д.Оңдасыновтың тұлғасы мен қоғамдық қызметін, оның іс-әрекеттерінің өзара ықпалдасуын 30-60 жж.тарихи оқиғалар тұрғысынан тану, оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесіне нақты баға беру. Осы айқындалған мақсатқа сай зерттеудің төмендегідей міндеттері анықталды:

- Н.Д.Оңдасыновтың мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткер ретінде қалыптасу жолын саралау;

- Н.Д.Оңдасыновтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегінің орны мен рөлін айқындау;

- Н.Д.Оңдасыновтың 1946-1955жж.қоғамдық-саяси қызметін талдау;

- Н.Д.Оңдасыновтың Гурьев облысындағы қоғамдық-саяси оқиғалардағы орны мен рөлін қарастыру;

- Н.Д.Оңдасыновтың ғылыми-зерттеушілік шығармашылығын сипатау.

Сондай-ақ міндетіміздің негізгісі - Н.Д.Оңдасыновтың еңбектерін жан-жақты зерттеу, сол кезде Қазақстанда орын алған үрдістерді терең пайымдап, таразыға салу, еңбегін ғылыми тұрғыдан жинақтап, сол кездегі республиканың экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі мен рөлін көрсету деп білеміз.

Диссертацияа төмендегі негізгі жағдайлар қарастырылады. Ғылыми зерттеу барысында төмендегідей тұжырымдар мен нәтижелерге қол жеткіздік:

- автор 1961 жылға дейінгі мұрағат құжаттарын зерттеп шықты, Н.Д.Оңдасыновтың мемлекет басшылығында атқарған қызметінің алғышарттары мен негізгі бағыттарын айқындады;

- бұл тұлғаның еңбек жолы мен дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға тоқталып, талдау жасалды. Автор Н.Д.Оңдасыновтың қоғамдық қызметінің қалыптасуына комсомолдың ықпалы болғандығы жөнінде қорытынды түйеді;

- Н.Д.Оңдасыновтың әртүрлі мемлкеттік лауазымдардағы қызметінің мәні мен ұйымдастырушылық қабілеттері көрсетіледі. 1938-1951жж.аралығында Қазақ КСР-ін басқарған уақытында оның жеке басының қасиеттерінің арқасында Қазақстан аграрлық сала мен өнеркәсіпті жетекші орындарға шықты;

- Н.Д.Оңдасыновтың Ұлы Отан соғысы кезінде рөлі анықталды, ол кезде Қазақстан мал шаруашылығының негізгі тірегіне сайналды. Бұл жылдары республика аумағында жаңа өнеркәсіптік нысандар бой көтеріп, жоғарғы оқу орындары ашылды. Бұл оқиғалардың бәрі Н.Д.Оңдасыновтың тікелей араласуымен жүзеге асырылды;

- мұрағат материалдарының негізінде соғыстан кейінгі жылдардағы өзгерістер сараланып, Н.Д.Оңдасыновтың республиканың қираған шаруашылығын қалпына келтірудегі еңбегі еленеді;

- мерзімдік баспасөз бен Н.Д.Оңдасыновтың әртүрлі партия жиналыстарында жасаған баяндамалары негізінде оның Гурьев облысын дамытуға қосқан үлесі баяндалады. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешеуілдеп қалған Гурьев облысының басына келген бұл адам облыстың шаруашылығы мен өнеркәсібінің аяғынан тік тұруына себеп болған тың идеяларын жүзеге асырды;

- Н.Д.Оңдасыновтың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі ғылыми еңбектері зерттелді. Тәжікстан мен Қазақстанның ғалымдарының пікірлері авторға бұл тұлғаның тілтану мен лингвистика саласындағы ғылыми мүмкіншіліктерінің де мол болғанын ашуға көмектесті.



Қолданылу аясы. Бұл жұмыстың пайымдаулары мен тұжырымдары Қазақстан тарихы бойынша жинақтық ғылыми еңбектерді дайындауда, ХХ ғасырдың 30-60жж.қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы еңбектер жасақтағанда, дәрістер мен арнайы курстар оқуда пайдаланылуы мүмкін.

Бұл тұлғаны Отан тарихы сабақтарында студенттерді патриоттық сезімге баулу мақсатында үлгі-өнеге ету қажет.

Жалпы алғанда бұл жұмыс Н.Д.Оңдасыновтың өмірі мен қызметін әрі қарай зерттеуге негіз бола алады.

Жұмыстың апробациясы. Диссертациялық зерттеудің негізгі мазмұны, қорытындылары мен тұжырымдары ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау жүргізуші Комитеті ұсынған 4 басылымда көрініс тапқан. Диссертацияның қорытындылары мен жекелеген бөліктері 4 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда ресми мақұлданған.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет көздерінің тізімінен және қосымшалардан тұрады.


SUMMARY
Utegenov Galymzhan Kalibekovich

N. Ondasynov’s state, public and political activity
Dissertation for the Degree of Candidate of History in Specialty 07.00.02-Native Land History (History of the Republic of Kazakhstan)

The given dissertation analyses the life and activity of the national and political leader N. Ondasynov based on the impartial research and archive materials available.

N. Ondasynov was the leader the Government of the Kazakh SSR at the most difficult times of the country’s history. The work analyses his state and social-political activity at the prewar, war and post-war periods.

The author provided his own vision of many aspects of the life and activity of N. Ondasynov.



Subject of the study is the life and activity of the state, public and political leader N. Ondasynov for the period of 1904-1989.

Importance of the study. Study of the person’s role in the history has always been an important issue in the historical sciences. This issue became more important since Kazakhstan got the independence. The reasons for this are a lot of unexplored facts in the life and activity of the political leaders of the Soviet period.

That was the main problem for study of the life and activity of the national and political leader N. Ondasynov.

The key point for the research was the difficult historical period that influenced the life of the national leaders of the Republic at those times.

Theoretical and methodological background of the study.

The methodological background of the dissertation is a principle of historism and complexity of the research that include impartial collection of the facts, analysis of the specific historical situation, genesis of the events and their consequences.



The methodological framework of the dissertation is based on the archive materials which defined (uncovered) the nature of N. Ondasynov’s activity.

Purpose and objectives of the study. The purpose of the study is an all-round study of the personality and public activity of N. Ondasynov, interconnection of the aspects of his activity in the context of the historical events of the 30-60’s of the XX century as well as an impartial assessment of his contribution into development of Kazakhstan. The following objectives have been formed for the goals stated above:

  • to observe N. Ondasynov’s formation as a national and political leader;

  • define the place and role of N. Ondasynov during the Great Patriotic War (World War II);

  • analyze public and political activity of N. Ondasynov during 1946-1955;

  • study the place and role of N. Ondasynov in public and political events in Guryev oblast;

  • to describe N. Ondasynov’s scientific and research activity;

Also our objective is the all-round study of the N. Ondasynov’s works, deep analysis and understanding of the processes that took place in Kazakhstan, as well as to give a scientific generalization of his activity and show his contribution, role in the development of the economics and culture of the Republic at those periods.

Study results. The following conclusions and results have been made as a result:

  • The author has studied the archive materials available for the period till 1961. The factors and N. Ondasynov’s main types of activities at the national posts have been defined.

  • The conditions for his world view formation as well as his early working days have been analyzed. The author made conclusions on the role and importance of the Komsomol in public activity of N. Ondasynov.

  • The personality and organizational skills of N. Ondasynov at different national positions have been defined. For the period of 1938 till 1951 when N. Ondasynov was the head of Sovnarkom of KazSSR thanks to his personal skills Kazakhstan took one of the leading positions in agrarian sector and industry.

  • N. Ondasynov’s role during the Great Patriotic War (World War II) has been defined and at that time Kazakhstan was leading in cattle breeding. The new industrial facilities and new educational establishments were founded. N. Ondasynov was implicated in these events.

  • The changes happened postwar and importance of N. Ondasynov in reconstruction of the destroyed economy of the Republic have been analyzed based on the archive materials;

  • The role in strengthening and development of Guryev oblast has been defined based on the analysis of the N. Ondasynov’s speeches at the party conventions from the periodicals. Guryev oblast was economically and socially backward at that time and after his assignment the innovative ideas were introduced to stimulate the economy and industry of the oblast.

  • N. Ondasynov’s works written after his retirement have been studied. References of Kazakhstan and Tajikistan scientists helped the author to define the scientific value of the works for the language studies and linguistics.

Sphere of application. The ideas and conclusions can be used in compiling of the selective works on the history of Kazakhstan, preparation of lectures and special courses on the history of Kazakhstan, as well as autobiographies of other public and state leaders of the 30-60’s of the XX century.

This historical phenomenon can be discussed and studied for students’ patriotic upbringing at the national history lessons.

In general, this study can be a good ground for further research of N. Ondasynov’s life.

The study’s implementation. The main content of the dissertation, its results and conclusions have been included in four publications recommended by the Committee for the Control in Education and Science of the Ministry of Education and Science of the RoK. The results and separate conditions of the dissertation have been evaluated at four international scientific and practical conferences.


Structure of the study. The study consists of an introduction, two chapters, a conclusion and a list of the used sources and attachments.

Подписано в печать 02.06.2010 г.

Бумага офсетная. Объем 1,5 п.л.

Формат 60х84 1/16.

Тираж 100 экз.

Заказ №71

Отпечатано в Издательском центре и СМИ

Западно-Казахстанского государственного университета

им. М. Утемисова

090000, г. Уральск, ул. Сарайшык, 34






Каталог: images -> stories -> downloads -> avtoreferaty
avtoreferaty -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
avtoreferaty -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
avtoreferaty -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
avtoreferaty -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
avtoreferaty -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі
avtoreferaty -> Сарсенов Алдар Сарсенович Қазақстан ауыл-селосындағы интеллектуалдық әлеуеттің қалыптасуы мен этномәдени дамуының тарихи тәжірибесі
avtoreferaty -> Боевой путь и военно-теоретическое наследие баурджана момыш-улы: исторический анализ
avtoreferaty -> Социально-экономическое и культурное развитие малых городов Казахстана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет