Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет10/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
Графемалар
˚′
 
 
<а> – /а/ <а> <ата> [ата], 
ата
а 
<ә> – /ә/ <ә> <ән> [ән′], 
ән 
ә
<д> – /д/ <д> <дән> [д′ә н′], 
дән 
д
<ж> – /ж/ <ж> <жақын> [жақын], 
жақын 
ж
<з> – /з/ <з> <зейін > [з′
j
е й і н], 
зейін 
з
<м> – /м/ <м> <мен> [м′
j
е н], 
 мен
м 
<
н

– /н/ <м> <нан> [нан], 
 нан
н 
 
<
ң

– /н/ <ң> <соң> [с˚
у
оң], 
 соң
ң 
 
 
<о> 
– /о/ <о> <он> [
у
он], 
 он
о
 
<ө> 
– /ө/ <ө> <өн> [
у
өн˚′], 
 өн


ө
 
<с> 
– /с/ <с> <сан> [сан], 
 сан
с
 
<т> 
– /т/ <т> <таң> [таң], 
 таң
т
 
<ұ> – /ұ/ <ұ> <тұр> [т˚ұ р˚], 
 тұр
ұ
 
<
ү

– /ү/ <ү> <үн> [үн˚′], 
үн 
ү
 
<ы> + <й>
<сыйрақ> [ сыйрақ], 
сирақ
и 
<і> + <й>
<сійрек> [ с′ійр′
j
ек′], 
сирек
и
/и/ 
 
<ү> + <й>
<дүрүйа> [ д˚′үр˚′үй′ә], 
дүрия
и
<ұ> + <й>
<шұқшұйа> [ ш˚ұқ˚ш˚ұйа], 
шұқшия
и 
<л>

<төл> [т′у′өл˚], 
төл 
л

<ы> + <л>
<ылақ> [ ылақ], 
лақ 
л 
/л/
 
<і> + <л>
<ілек> [ іл
j
ақ], 
лек 
л 


 
<ұ> + <л>
<ұлоқұлдау> [ ұл˚оқ˚ұл˚дау], 
лоқұлдау 
л 
 
<ү> + <л>
<үлпүлдеу> [ үл˚′үп˚′үл˚′д˚′еу], 
үлпілдеу 
л
 
 
<р>

<ора> [уор˚а], 
ора 
 р
 
<ы> + <р>
<ырас> [ ырас], 
рас 
р
 
 
 
/Р/ 
<і> + <р>
<ірет> [ ір˚ет], 
рет 
р
 
<ұ> + <р>
<үр ұу> [ үр˚ұу], 
ру 
р
 
<у>

<сау> [сау], 
сау 
 у
 
/У/
<ұ> + <у>
<сауұу> [сауұу], 
сауу 
у
 
<ү> + <у>
<келүу> [кел′үу′], 
келу 
у
 
 
 
<й> + <ү> + <у>
<ойүу> [уойұу], 
ою 
ю 
 


<й> + <ү> + <у>
<тұйүу> [т˚′үй′үу], 
түю 
ю 
/ю/
 
<ұ> + <у>
<бүртұйүу> [б˚ұр˚түйұу], 
бұртию 
ю 
 
<ү> + <у>
<бүрсүйүу> [б˚үр˚′с˚′үй′үу], 
бұртию 
ю 
 
 
<й> + <а>
<сайа> [ сайа], 
сая 
я 
 
<а>

<жарыйа> [жарыйа], 
жария 
 я
 
 
/я/ 
 
<ы> + <й> + <а>
<ыйағыный > [ыйағыный], 
яғни 
я 
 
<і> + <й> + <ә>
<ійәкій > [ій′әк′ій], 
яки 
я 
 
<е>
/е/

<егін> [егін], 
егін 
 е
 
 
<ө>
/ө/

<көгөн> [к˚′өг˚′өн˚′], 
көгөн 

 ө
 
 
 
<ы>
/ы/

<қыны> [қыны], 
қыны 
 ы
 
 
<ұ>


/ы/

<құнұ> [қ˚үн˚ұ], 
құны 
 і
 
 
<і>
/і/

<іні> [ін˚і], 
іні 
 і
 
 
<ү>
/і/

<үнү> [үн˚′ү], 
үні 
 і
 
 
<к>
/х/

<қат> [қат], 
хат 
 х
 
 
<к>
/қ/

<кат> [кат], қал
 
 қ
 
 
<к>
/к/

<кел> [к′ел], 
кел 
к
 
 
<к>
/һ/

<какарман> [қақарман], 
қақарман 
һ
 
 
<п>
/п/

<патша> [патша], 
патша 
п
 
 
<п>
/ф/

<пәній> [п′ән′ій], 
фәни 
ф
 
 
<й>
/й/

<сыи > [сыи], 
сый 
й
 
<и>
/и/

<қыи > [қыи], қи
 
й
 
<ш>
/ш/

<шаш > [ш′аш], 
шаш 


ш
 
<ш> + <ш> 
/щ/

<ашшы > [ашшы], 
ащы 
щ
 
<г>
/г/

<егін > [ег′ін′], 
егін 
г
 
<г>
/ғ/

<ағын > [ағын], 
ағын 
ғ
 
<б>
/б/

<бал > [бал], 
бал 
б
 
<п>
/б/

<арап > [арап], 
араб 
б
 
Бұл талдаудан графемалардың үш түрлі типі бар екенін көре аламыз: 
1)
бір әріп – бір фонеманы белгілейді;
2)
бір әріп бірнеше фонеманы белгілейді. Ал бұлардың тұрақты және
факультативті түрлері бар;
3)
бірнеше әріп бір фонеманы белгілейді, бұлардың да тұрақты және
факультативті түрлері бар.
Міне, бұдан қазіргі қазақ жазуы жүйесінің ішкі құрылымын: «дыбыс – 
фонема – графема – әріп» біршама толық байқауға болады. Осы ішкі 
құрылымға иек арта отырып, жазу жүйесіне талдау жасау оның жөндейтін, 
жетілдіре түсетін тұстарын айқын ашып береді. Тіпті басқа әліпбиге 
көшкеннің өзінде мұндай талдаудың бұрынғы жазуда кеткен олқылықтарды 
қайталамайтындай тағылымдық мәні де болады.
«Дыбыс – фонема – графема – әріп» деген төрт мүшелі қатынас 
жазудың ішкі құрылымын біршама толық аша түседі. Мұндағы сөз 
дыбыстары фонемалардың ауызша тілдегі өкілі болса, фонеманың жазба 
сөздегі өкілі – графема (инвариант), ал графема фонема тәрізді дерексіз 
единица, бірақ ол нақты әріптер (варианттар) арқылы көрінеді. Ал әріп 
дегеніміз – «жазуда фонемаларды немесе оның варианттарын белгілейтін 
белгілі бір әліпбидегі графикалық таңба». Олай болса, бар мәселе алдымен 
әліпбиге келіп тіреледі.
 


1.2 Графема – әріп – әліпби 
Әдетте әліпби «белгілі бір жазуда қолданылатын, белгіленген тәртіппен 
орналасқан әріптердің жиынтығы» деген ұғымды білдіреді. Алайда әліпбидің 
мәні бұл ұғымда айтылғаннан гөрі әлдеқайда тереңде. Әсіресе «әліпби 
дегеніміз жазуда қолданылатын әріптердің жиынтығы» дегенге көңіл 
аударсақ, жазу дегеннің өзі не нәрсе деген сұрауға келіп тірелеміз. Егер 
«жазу» акустикалық сигналды оптикалық сигналға көшіруге мүмкіндік 
беретін кодтың түрі» [14, 42] болса, онда сол кодтың кілті (шифері) болуға 
тиіс. Сонда кодтың элементтерін әріптер деп түсінсек кілті әліпби. Олай 
болса «әліпби дегеніміз белгілі бір фонемалардың жазудағы өкілі болып 
табылатын әріптердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар сол 
әріптерден түзілген жазуда оқудың кілті болып табылады. Ал әліпбидегі 
әріптердің саны, түптеп келгенде, тілдегі фонемалардың санына тәуелді 
болып келеді. Жалпы жазу теориясы бойынша белгілі бір тілдегі 
фонемалардың саны мен алфавиттегі әріптердің саны идея бойынша дәл 
келуге тиіс, яғни бір әріп бір фонеманы белдіруге, ал бір фонема бір әріппен 
таңбалануы қажет. Бірақ ешбір ұлттың жазуында фонемалардың саны мен 
әліпбидегі әріптердің саны тепе-тең бола бермейді. Мысалы, ағылшын 
тілінде 46 фонема, әліпбиінде 26 әріп болса, орыс тілінде 41 фонема, 
әліпбиінде 33 әріп бар. Неміс тілінде 39 фонема 26 әріп бар.
Бұл жерде жазу типологиясына байланысты байқалатын бір ерекшелік, 
қалай болғанда да, «әліпбидегі әріптердің саны тілдегі фонемалардың 
санынан артпауға тиіс деген талап айтпаса да өзінен-өзі түсінікті, тіпті, 
керісінше, әліпбидегі әріптің саны фонемалардың санынан азды-көпті кем 
болуға тиіс» (Зиндер Л.Р.).
Жазу типологиясы бойынша қазақ әліпбиіндегі әріптердің саны, әрине, 
қазақ тіліндегі фонемалардың санынан артық болмауға тиіс. Ал, керісінше, 
азды-көпті кем түсіп жатса құба-құп. Қазақ әліпбиі дәл осы талапқа сай ма? 
Қазіргі әліпбиде 42 әріп бар екені белгілі, ал жазу-сызу үшін бұл сан аз ба, 
әлде көп пе? Міне, бұл мәселе алдымен «қазақ тіліндегі фонемалардың саны 
қанша?» деген сұраудың жауабын іздеуге келіп тіреледі.
Бұрын-соңды жазылған оқулықтарда, зерттеулерде қазақ тіліндегі 
фонемалардың саны әр түрлі көрсетіліп жүр. Мұның өзі әлі де болса қазақ 
тіліндегі фонемалардың анвентары жөнінде зерттеушілердің бір тоқтамға 
келмегенін көрсетеді.
Қазақ тілінің фонемалық инвентарын анықтауда мұндай әркелкілік, 
біріншіден, қазақ тілінің дыбыстарын фонетикалық ыңғайда, екіншіден 
фонологиялық тұрғыда қарастырумен байланысты. Ал фонологиялық 
тұрғыда қарастырған зерттеулердің өзі, қай фонологиялық мектептің (МФМ, 
ЛФМ, принципін ұстануына байланысты тілдегі фонемалардың санын әр 
түрлі көрсетуі ықтимал.
Қазақ тілінің фонологиялық жүйесін талдауда дәстүрлі көзқарастан 
мүлде басқаша бағыт ұстанған соны зерттеу Ә.Жүнісбековтің «Проблемы 
тюркской словесной просодии и сингармонизм казахского слова» 


(Автореферат дессерт. На соискание ученой степени доктора филол.наук. 
Алма-Ата, 1988) деген еңбегі. Автор қазақ тілінде тоғыз сингармодауысты, 
он жеті сингармодауыссыз бар деп көрсетеді.
Қазақ тілі фонетикасының фонологияға дейінгі зерттелу тарихына
шолу жасалған шолуда мынадай деректер бар: «Н.И.Ильминский қазақ тілі 
дыбыстарын екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а, ä, е, ы, і, о, ө, 
у, ÿ ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, қ, 
ғ, к, г, н) атап өтеді; В.В.Радлов Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, 
ө, ы, і, ұ, ÿ) консанантизм саласы жиырма дауыссыздан құрылатынын атап, 
дауыссыздарды қатаң (j, к, t, р, S,s), ұяң (j , d, z, ………….), үнді (т,п, ң, ч, е і) 
деп таптастыра келіп, w (у) дыбысын жартылай дауысты және j (й) 
сонорының жіңішке түрін дербес дыбыс деп қарайды; П.М.Мелиоранский 
қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, о, ы, і, у, ÿ), консонантизм 
саласы жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, к, г, қ, 
ғ, ң, й, дж) құралатынын атап өтеді. Мелиоранский де 
л
сонорының жіңішке 
түрін дербес дыбыс деп қарайды» (Айдаров Ж. қазақ фонетикасы бойынша
этюдтер. Алматы, 1989, 5-7 бб.). Проф. Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ 
тілінде 26 түрлі дыбыс бар. Олар мыналар: а, б, ш, ж, д, е, г, ғ, и, к, л, м, н, ң, 
қ, р, п, о, с, т, ұ, у, үу, з, ы, ый (Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 
Алматы, 1966, 170-бет).
Олар: [а], [ә], [е], [о], [ө], [ы], [і], [ү], [ұ] сингармодауыстылар (36-б.) 
және [б], [г-ғ], [д], [ж], [з], [і], [к-қ], [л], [м], [п], [р], [с], [т], [у], [ш] сингармо 
дауыссыздары (43-б.). Ал [к], [қ] дыбыстарын зерттеуші қатаң жуыспалы тіл 
ортасы дауыссыздарының тепе-тең варианттары деп қарайды ғ.г әріптерімен 
таңбаланып жүрген [г], [ғ] дыбыстары да осы тәрізді. Бұл жөнінде қазақ
тілінің дауыссыздарын фонологиялық ыңғайда қарастырушылардың пікірі 
бір жерден шығып жатады. Мәселен, қ-ғ, к-г дыбыстары жеке фонемаларға 
жата ма, екеуі архифонема – гиперфонеманы құрайды ма? Еңбектерде 
бұларды дербес-дербес фонемаларға жатқызып жүрміз. Шынында, қосымша 
дистрибуция әдісін қолдансақ, олар жеке-жеке фонема болып есептелмейді»
1
Сондай-ақ Жүнісбеков Ә. [х], [һ] дыбыстары қазақ тілінің төлтума 
дауыссыздарының қатарына жасанды түрде жатқызылып жүр деп біледі. [х] – 
[к – һ] қазақ консонантизм жүйесінде оппозиция құра алмайды, егер мұндай 
оппозиция бар болса, орыс тілінен ертеректе енген қамыт [хомут] 
хамыт
түрінде жазылуы (айтылуы) керек еді деген уәж айтады. Сөйтіп, 
«Безусловно, [х] как интервокальный ассимилятивный вариант [к – һ] в 
казахском языке существует» (42-б.) деп пікір түйеді, зерттеушінің [һ] 
дыбысы жөнінде айтқан мына пікіріне де біршама қосылуға болады: «В 
непринужденной живой речи носителей языка этот звук вообще не 
встречается, и лищь написанный текст понуждает интеллигенцию 
(дикторов, артистов, учителей) произносить его. Однако его произношение 
требует сознательный, заранее подготовленной артикуляции, из-за которой 
оно лишено автоматизма в речи. У рядового носителя звук, обозначенный 


этой буквой, реализуется в виде щеловых позиционно-комбинаторных 
вариантов [к – һ], [қ - х] қаһарман (кахарман) «отважный» [16, 19б.].
Зерттеушінің бұл дәлелдері мен айтқандырына қосыла отырып, оны әлі 
де болса тиянақтай түсу керек тәрізді. Тегінде, фонемалық статусы даулы 
көрініп жүрген [х], [һ] дыбыстарын, біздің ойымызша, төрт әуез (тембр) 
тәсілімен тексеріліп, бұлардың қазақ тілінің фонологиялық жүйесіне кірген-
кірмегенін анықтауға болатын тәрізді.
Қазақтың төл сөзінде қолданылатын әрбір дауыссыз инварианттың [у] 
–дан басқа, қай-қайсы болмасын төрт түрлі әуезбен айтатын варианттары 
және тоғыз реңкі болады: 
 
[қ]
[қа]
қаз 
[қы]
қыз
[к˚]
[қо]
қоз
[құ]
құз 
<к> 
[к′]
[кі]
кісі
[ке]
кесе
[кә]
кәсіп
[к˚′]
[кө]
көз
[кү]
күз
[д]
[да]
дал 
[ды]
дым
[д˚]
[до]
долы
[дұ]
дұрыс
<д> 
[д′]
[ді]
келді
[де]
дем
[дә]
дән
[д˚′]
[дө]
дөп
[дү]
дүрмек
Ал [х], [һ] дауыссыздарының жоғарыда айтылған дауыссыздарындай 
төрт әуезбен тоғыз түрлі реңкте түрлене алмайды.


[х]
[ха]
халық 
[хы] ––––––
[х˚]
[хо] –––––
[хұ] –––––
<х> 
[х′]
[хі] ––––
[хе] ––––
[хә] ––––
[х˚′]
[хө] ––––
[хү] ––––
[һ]
[һа]
қаһарман
 
[һы] ––––––
[һ˚]
[һо] –––––
[һұ] –––––
<һ> 
[һ′]
[һі] ––––
[һе] ––––
[һә] ––––
[һ˚′]
[һө] ––––
[һү] ––––
[х], [һ] дыбыстары тек 
халық, қаһарман
тәрізді бірер сөзде жұмсалып, 
онда да спонтанды түрде емес, тек бір ғана әуезде [х] = [ха] = [һ] = [һа] 
айтылады. Қазақ тілінің төл сөздеріндегі он жеті дауыссыздың 
артикуляциялық базасы (ойнақы болып келсе, олардың тоғыз ([у] бес) түрлі 
реңкте айтылуы да сондықтан, ал [х], [һ] дыбыстарының тек бір ғана реңкте 
болып, оппозиция құра алмауы олардың әлі де фонемалық кезеңге өтпегенін 
көрсетеді. Сондықтан бұл дыбыстарды к фонема-инварианттың варианттары 
деп тануға тура келеді.
Сонымен, қазақ тілінің фонологиялық жүйесінде тоғыз дауысты <а>, 
<ә>, <ы>, <і>, <е>, <о>, <ө>, <ұ>, <ү> және он жеті дауссыз: <б>, <г>, <д>, 
<ж>, <з>, <и>, <к>, <л>, <м>, <н>, <ң>, <п>, <р>, <с>, <т>, <у>, <ш> 
фонема-инвариант бар. Ал қазақ әліпбиінде қырық екі әріп бар: а, ә, б, в, г, ғ, 
д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ң, ы, і, 


ь, э, ю, я. Басқа тілдердің жазуында әріп саны фонемалардың санынан 
әлдеқайда кем. Салыстырыңыз: ағылшын жазуында 26 әріп, 46 фонема, орыс 
жазуында 33 әріп, 41 фонема, неміс жазуында 26 әріп, 39 фонема, ал қазақ 
жазуында, керісінше, 42 әріп, 26 фонема.
Ағылшын, неміс, орыс мектептерінің оқушылары 26-33 әріптің 
төңірегінде сауат ашып, қара таныса, қазақ оқушылары қара тану үшін 42 
әріпті үйренеді. Бұдан қазақ мектебі оқушылары мен мұғалімдерінің тек 
сауат ашуда қаншама уақыт пен күш-жігер жұмсайтыны ойша шамалауға 
болады.
Қазақ әліпбиінде фонема мен әріптің сандық қатынасы 26:42 «Число 
букв в алфавите не должно превышать число фонем. Это само собой 
разумеющееся требование: желательно же, чтобы оно было меньше» [14, 
108б.] 
Қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің ішінде, төл сөздерді жазуда 
жұмсалмайтын в,ё, ф, ц, ч, ь, ъ, э тәрізді әріптерді есептемегенде әріптердің 
саны отыз төрт екен (а, ә, б, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, 
ұ, ү, х, һ, ш, щ, ы, і, ю, я.). Осының өзінде әріп пен фонеманың сандық 
қатынасы 34:26 болып шығады. Мұндай алшақ сәйкессіздіктің өзі, түптеп 
келгенде, қазақ әліпбиінде басы артық әріптер шамадан тыс көп емес пе 
деген күмән тудырады.
Қазіргі әліпбидегі үйлесіміз көрінетін тағы бір жайт-құрамының
бірыңғай еместігі. Мысалы, қазіргі әліпбидегі әріптерді шартты түрде екі 
топқа бөлуге болады: бірі шеттілдік сөздерді жазу үшін қолданылатын 
әріптер тобы (в, ф, ц, ь, ъ, э), екіншісі төл сөздерімізді жазуда жұмсалынатын
әріптер. Тегінде, жазу-сызу дәстүрі ежелден келе жатқан ағылшын, неміс, 
француз, араб т.б. тілдердің әліпбиінде шеттілдік сөздерді жазу үшін 
әліпбиде арнайы алынған әріптер тобы болмайтын көрінеді. Олар әліпбиге 
сәйкес келмейтін шеттілдік сөздерді жазуда әріп тіркестерін, графикалық 
контекст, әріптердің әр түрлі тіркестері мен комбинацияларын пайдаланады. 
Мұндай тәсілді, арнайы әріптер тобын әліпбиге алмай-ақ, қазақ жазуында да 
қолдануға болар еді.
Біз бұл жерде, өзінен-өзі түсінікті болса да, негізінен шет тілдік 
сөздерді хатқа түсіру үшін әліпбиге арнайы әріптерді (в, ф, ц, ь, ъ, э) 
енгізудің қажет еместігіне, оның біркелкі әріптерден түзілуіне тоқталдық. 
Өйткені мәселенің түйіні, түптеп келгенде, алдымен әліпбидегі әріптердің 
дұрыс түзілуіне, ондағы таңбалардың тілдің дыбыстық құрылымына сай 
болуына келіп тіреледі.
Енді арнайы сөз етуді қажет ететін әліпбидегі тағы бір өзекті мәселе – 
қазақтың төл сөздерін жазуда жұмсалатын әріптердің қызметі.
1. Бұл жерде алдымен байқалатын кемшілік бір фонеманың әліпбиде 
төрт түрлі таңбамен берілуі: <к>: 
к, қ, х, һ (кеше, қашан, қалық, қаһарман)

Ал, шындығында, <к> фонемасын әліпбиде бір ғана таңбамен (к) белгілеп, 
бұл сөздерді
кеше, қашан, қалық, қақарман 
түрінде, ал <г> фонемасы үшін 
әліпбиде алынған 
г, ғ-
ның орнына бір ғана таңба (г) алып

мысалы
, гүл, 
ғарыш 
тәрізді сөздерді 
гүл, гарыш 
түрінде жазуға болар еді.


Бұл арада графикалық контекстің үлкен мәні бар: көршілес дауысты 
жазылған сөздің жуан не жіңішке әуезбен айтылатынын байқатып тұрады. 
Сондай-ақ <и> фонемасы әліпбиде 
й, и 
әріптерімен таңбаланады: 
кейін, киін 
[к′ій′ін′], ал, дұрысында, бұл фонема үшін бір ғана таңба алып, 
кейін, кіиін 
түрінде жазуға әбден-ақ болады. Өйткені дәл осыған ұқсас дауыссыз <у> 
фонемасы үшін әліпбиде екі таңба 
У
және 
Ў 
алынбай, бір ғана таңба 
берілген: 
тау, ту 
[тұу]. 
2. Тағы бір атап айтпауға болмайтын кемшіліктің бірі – әліпбиде <и>, 
<а> фонемалары үшін 
и, а 
әріптері бола тұра, қосымша я таңбасының, дәл 
осы тәрізді <и>, <ұ>, <у> фонемалары үшін 
и, ұ, у 
әріптері бола тұра 
қосымша 
ю
таңбасының алынуы жазуда басы артық таңбаларды көбейту 
болып табылады. Әліпбиде <ш> фонемасын белгілейтін 
ш
әрпі бар, осыған 
қарамастан қосымша 
щ
таңбасын алу қисынды болып көрінбейді. 
Ащы, 
тұщы, кеще 
тәрізді сөздерді 
ашшы, тұшшы, кешше 
түрінде жазуға да 
болар еді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде 
х, һ, й, щ, ю, я 
таңбаларын әліпбиге кіргізудің пәлендей дерлік графикалық мәні жоқ деуге 
болады.
3. Енді әліпбидегі әріптердің нақты қолданысын «дыбыс» «фонема» – 
«фонема – графема» – «графема – әріп» – «әріп – әліпби» тәртібі бойынша 
қуалай қарастырсақ, кейбір графемалардың инициал, медиал, финалдық 
позицияда факультативті вариант түрінде қолданылатынын байқауға 
болады:
<б> фонема – /г/ графема4 <б> фонема
біз, бала
б әріп
Осы графеманың факультативті варианты:
<п> фонема – /б/графема <п> фонема [арап]
 араб
б әріп [бап] 
баб 
Финалдық позицияда /б/ графемасының <п> фонемасын білдіру жүйелі 
емес, факультативті болып келеді. Ал бұлай жазу емледегі шарттылықты 
көбейтеді және ондай сөздердің саны артқан сайын жазудағы автоматизмді 
әлсіретіп /қандай сөздердің финалында 
б
жазылатынын есте сақтауға тура 
келеді, санаға күш түсіреді. Жазу теориясында «Единственным 
универсальным и притом конкретным требованием является то, что графема 
не должна иметь факультативных вариантов» [14] деген қағида бар. Инициал 
позицияда қолданылатын /Л/ графемасы жөнінде де осыны айтуға тура 
келеді: 
лек, лекер, лек-лек, іле, ілескізу, іле-шала 
т.б.
<л> 
/л/
лек, лекер, лек-лек
л
/л/-дың факультативті варианты:
<і>+ <л> 


 /л/
 
іле, іліскізу, іле-шала
л
Әліпбиді басы артық бұл тәрізді таңбалардан арылта және 
графемалардың факультативті варианттарынан екшей келгенде, жазу-
сызуымыз артық-ауыс таңбалардан арылып, біршама ықшамдала түсетінін 
байқауға болады. Бірақ, түптеп келгенде, әліпби жазуымыз, мықтағанда, 
фонологиялық транскрипцияның қайталамасы (аналогы) болып шығады. Ал 
мұндай жазу жүйесі графикалық лингвистикада аса бір үлгілі жүйе деп 
танылмайды. Бұл жөнінде зерттеушілердің мына бір пікіріне ден қоюға 
болады: «Нельзя рассматривать, например, фонемную транскрипция как 
наилучший алфавит. Фонемная транскрипция и алфавитное письмо служат 
различным целям: первая используется в лингвистическом анализе и в 
лингводидактике, а второе служит для целей коммуникации» [17, 64б.].
«Хотя буквенное письмо имеет целью передачу звукового облика слов 
(разумеется, в его фонемной интерпретации), отдельная буква алфавита не 
должна соответствовать одной фонеме, т.е. число букв не должна быть равно 
числу 
фонем 
соответствующеге 
языка. 
Этим 
отличается 
от 
транскрипционной системы, в которой каждой фонеме отводится 
определенный знак, а каждый знак определенной фонеме, т.е. соответствие 
между ними однозначно. Законы сочемаемости фонем, присущие каждому 
языку и специфические для каждого языка, дают возможность путем 
различной комбинации одних и тех же букв передавать сочетания разных 
фонем» [14, 67б.]. 
Жоғарыда зерттеуші айтқандай, фонемалардың тіркесу заңдылығын 
еске ала отырып, дыбыстық тілдегі фонемалар мен әліпбидегі әріптердің 
сандық қатынасын (26:26) үйлестіре келе, әліпбидегі әріп санын әлкіде болса, 
бірер таңба көлемінде ықшамдай түсудің мүмкіндігі бар тәрізді. Мысалы, 
фонемалардың тіркесу қабілетіне сүйене отырып, <ң> фонемасы үшін 
әліпбиде арнайы 
ң
таңбасын алмай-ақ, бұл дыбысты 
нг 
әріптерінің тіркесімен 
де беруге болады. Мысалы: 
танг, 
[таң], 
анг 
[ан] т.б. Осының өзінде 
жазуымыз негізінен фонологиялық транскрипция жүйесінің қайталамасы 
болып шығады.
Ал әліпбиіміз фонологиялық транскрипцияның таңбалары болып 
шығады: <а>, А, <ә> Ә, <б> Б, <г> Г, <д> Д, <е> Е, <ж> Ж, <з> З, <и> И, <к> 
К, <л> Л, <м> М, <н> Н: арнайы таңбаланбайды, әріптердің тіркесімен 
беріледі <о> О, <ө> Ө, <п> П, <р> Р, <с> С, <т> Т, <у> У, <ұ> Ұ, <ү> Ү, <ш> 
Ш, <ы> Ы, <і> І (26:25).
Әрине, бұл түзілімге енгізілмей отырған 
ё, я, щ, э, ь, ъ
және 
й
тәрізді 
әріптердің орыс жазуында фонемалық мәні мен қызметі ерекше. Бұл әріптер 
арқылы орыс әліпбиінде 15 таңбаға дейін үнемделеді екен. Мысалы, я әрпі 
өзінің алдындағы дауыссыздың жіңішке фонема екенін білдіріп қана 
қоймайды, сонымен бірге <а> фонемасының позициялық вариациясын да [ả] 
танытады. Осындай тәсілдер арқылы орыс жазуындағы әріптер тек 
фонемалық мәнді емес, дыбыстық мәнді де білдіреді. Әріптердің фонемалық 


мәні мен дыбыстық мәні біте қайнасқан түрде болады. Орыс жазуының 
ғажаптығы да осында.
Ал қазақ жазуында қолданылып жүрген 
я, ю
әріптерінің кей позицияда 
бір-үш таңбаға дейін үнемдейтін жағдайы болмаса, орыс жазуындағыдай 
фонологиялық қызметі немес дыбыстық мәні жоқ (әліпбидегі 
й, а, й, ү, у

лардың қайталамасы).
Сондай-ақ қазіргі біздің жазуымызда қолданылып жүрген қайсыбір 
әріптер кей позицияда өзінің фонемалық мәнінде жұмсалса, дыбыстық 
мәнінен ажырап қалып жатады. Мысалы, 
көген, дүйім, ұлым 
дегендегі 
е, і, ы 
әріптері фонемалық мәнде жұмсалып тұрғанмен (МФМ бойынша) дыбыстық 
мәні басқа. Кейбір зерттеушілер мұндай позицияда әріпті дыбыстық мәніне 
қарай «еріндікті екінші, үшінші буынға дейін жазған жөн» деп біледі [18, 
30б.].
Әрине, мұндай пікірді фонологтердің (ЛФМ) біразы құптай түсері 
сөзсіз. Бұл жөнінде 70 жылдардың басында фонологиялық тұрғыда пікір 
айтып, мәселе көтергендер де ЛФМ-нің өкілдері (мысалы, Ә.Жүнісбеков), ал 
фонологтердің біразы бөл жөнінде С.Мырзабековпен мәмлеге келе қоюы 
қиын. Өйткені бұл жерде әріпті дыбыстық мәніне қарай жазғанмен, 
фонемалық мәні сақталмайды. Сондай-ақ әріптерді бірыңғай дыбыстық 
мәніне қарай белгілесек (ЛФМ), онда 
басшы, бізсіз, көз жібер 
дегендерді 
башшы, біссіз, көжжүбөр 
деп жазуға тура келер еді. Бұл қазақ әліпбиі мен 
орфографиясының аса даулы мәселелері болып табылады.
Әдетте фонемалардың инвентарын анықтап алғаннан кейін, әр 
фонеманы бір-бір таңбамен белгілеп, әліпби түзу пәлендей дерлік қиын емес. 
Мәселенің күрделілігі мынада: белгілі бір әріппен фонеманы бейнелей 
отырып, оның әр түрлі позициялық реңкіне сол әріпті үйлестіре алатындай 
(мысалы, орыс жазуындағыдай) әліпби түзу – қиынның қиыны.
Бұл арада әліпбиге байланысты талдауымызды осымен де аяқтауға 
болар еді. Бірақ тағы бір мәселенің басын аша кету қажеттігі байқалып 
тұрады. Қазақ жазуы, жұртшылыққа мәлім, дүниежүзіне аса кең тараған және 
ғасырлар бойы қызмет етіп келе жатқан үш әліпбидің екеуін (араб, латын) 
басынан өткізіп, үшіншісін (орыс әліпбиін) қолданып келеді. Біз осы аталған 
әліпбиге 
негізделген 
жазу-сызуымыздың 
жүйесін 
құрылымдық 
(структуралық) тұрғыда шама-шарқымызша талдаудың елегінен өткіздік.
Сөйте отырып, әліпбидегі басы артық-ау дейтін әріптерді және 
әріптердің нақты қолданысындағы кейбір қайшылықтар мен даулы 
мәселелерді байқадық. Мұның өзі ендігі жерде бір кездерде қолданылған 
араб нұсқалы әліпбидің (А.Байтұрсынов), латын әліпбиінің, сондай-ақ 
олардың ешқайсысына ұқсамайтын әліпби жобасының (Ә.Жүнісбеков) 
қазіргіден артық немесе олқы түсіп жатқан тұстары бар ма деген сұраудың 
төңірегінде қысқа да болса өз пікірімізді айтуға мүмкіндік береді. Өйткені бір 
зат құбылысты екіншісімен салыстырғанда барып, айырмасы байқалып 
тұрады.
Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонологтар деп әдетте әліпби түзушілерді 
айтады (кейде олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай болса, 


қазақ тіл біліміндегі алғаш фонологтар – Ахмет Байтұрсынов, Құдайберген 
Жұбанов. 
А.Байтұрсыновтың 
қазақ 
тілінің 
дыбыстары 
жөнінде 
фонологиялық көзқарасы алдымен өзі түзген әліпбиден көрінеді 
(Байтұрсынов А. Тіл тағылымы, 324-329 бб.). «қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс 
бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз. Дауысты дыбыстар: …/а/, 
…/о/, …/ұ/, … /ы/ … /е/. Дауыссыздар мыналар: … /б/, …/п/, …/т/, … /ж/, … 
/ш/, … /д/, … /р/, …/з/, … /с/, … /ғ/, …/қ/, …/к/, …/г/, …/н/, …/л/, …/м/, … /н/. 
Жарты дауысты дыбыстар: шолақ … /у/, һәм шолақ … /й/ [19]. Бұл түзілімде 
қазақ дауыссыздарының инвентарына және оларды таңбалайтын әріптерге 
байланысты аса бір елеулі айырма жоқ, әйтседе [х], [һ] тәрізді дыбыстарды 
ғалымның дауыссыздар жүйесіне енгізбегені көрініп тұр. Ал ең басты 
ерекшелік дауыстыларға байланысты екені бірден байқалады. Біздің 
ойымызша, А.Байтұрсынов көрсетіп отырған қазақ дауыстыларының жүйесін 
фонологиядағы «инвариант-вариант» қисыны бойынша негізінен былайша 
түсінуге болады.
Қазақ тілінің дауыстылар жүйесінде бес инвариант-фонема бар. Осы 
инвариант-фонемалардың нақты қолданыста әрқайсының, е 
–ден 
басқасының, жуан және жіңішке әуезбен (тембрмен) түрленіп отыратын екі 
варианттары бар:
1.
инвариант – фонема <а> вариант [а] 
ақ
вариант [ә] 
әк
2.
инвариант-фонема <о> вариант [о] 
оқ
вариант [ө] ө
к 
3.
инвариант-фонема <ұ> вариант [ұ] 
ұқ
вариант [ү] ү
к
4.
инвариант-фонема <ы> вариант [ы] 
ық
вариант [і] 
тік 
5. инвариант-фонема <е> – е
ек
Әдетте [а] мен [ә] варианттарын бір инвариант-фонема деп тану үшін 
олардың өзара ортақ белгілері болуы шарт. Ол – екі варианттың да ашық, 
езулік болуы; ал осы екеуін екі түрлі вариант деп тану үшін олардың ортақ 
белгісінен басқа айырмасы да болу керек. Ол – бірінің жуан [а], екіншісінің 
жіңішке [ә′] әуезде айтылуы. <о>, <ұ>, <ы> инвариант-фонемалары жайында 
да осыны айтуға болады. Бұл – бір. Екінші, варианттар парадигмалық 
қатынаста болады, яғни «екінің бірі» принципі бойынша сөзде не [а] 
варианты, не [ә′] варианты қолданылуы шарт. Ал инварианттар синтагмалық 
қатынаста болады, ал бұл қатынас «және … және» принципі бойынша жүзеге 
асады. 
Бұл айтылған дауыстылар жүйесінің (варианттар) мен синтагмалық 
(инварианттар) қатынасын былайша көрсетуге болады:
парадигма
синтагма
а о ұ ы


ә ө ү і е 
Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде [а], [о], [ұ], [ы] 
дауыстылары қолданыла береді: 
ақын, отан, ұлы, қызы; 
[ә], [ө], [ү], [і], [е] 
дауыстылары да осы тәрізді: 
әні, өнері, үні, елі 
т.б. Бұдан байқайтынымыз бір 
инварианттың варианттары синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір 
сөздің шенінде ұшырамауға тиіс. Қысқасы, А.Байтұрсыновтың «бес 
дауысты» жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты» 
жүйесімен әліпби түзе келіп, Байтұрсынов бес инвариант фонеманың 
әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. Сөйте отырып, әлгі әріптер арқылы 
жазуда әр фонеманың екі түрлі әуезін (жуан, жіңішке) сол фонеманың 
таңбасына «сыйғызып» береді. Сөйтіп, инварианттардың варианттары үшін 
бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы жуан немесе жіңішке (дәйекші 
болмауы жуан оқуды, дәйекші болуы жіңішке оқуды) әуезде оқылатындай 
жазу жүйесін жасайды. Сонымен, А.Байтұрсынов әліпби жүйесінің, түптеп 
келгенде, қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере отырып, 
дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі 
құрылымдық ерекшелігінде. «Біте қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің 
сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім табады: «Тәнді жан қандай билесе, 
дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді: яғни дауысты дыбыстар 
жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да жуан айтылады. 
Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. 
Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмаған белгілеп 
отырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да 
айырылғаны» (А.Байтұрсынов, Тіл тағылымы, 325-б.).
А.Байтұрсынов түзген әліпбидегі жүйені қатаң ұстана отырып, тек 
бірер дауыссызды ықшамдап алатын болсақ (қ, к, ғ, г-лердің орнына к, г-ні 
ғана алып), бұл әліпбидегі фонемалар мен әріптердің сандық қатынасы 26 
(фонема): 22 (әріп) болып шығады. Мұндай қатынас, «әліпбидегі әріптің 
саны фонеманың санынан аз-кем төмен болуға тиіс» деген жазудың жалпы 
шартымен үйлесіп жатады.
Әліпби және жазу-сызуға тікелей қатысты болған соң, Ә.Жүнісбеков 
түзген сингармоәліпбиіне қысқа да болса арнайы тоқтала кету керек. 
Жүнісбековтің зерттеуінде («Проблемы тюркской словесной просодии и 
сингармонизм казахского слова») сингармонизм құбылысының дәстүрлі 
сипаттаудан түбегейлі өзгерісі бар. Сингармонизм – дауыстылармен 
дауыссыздардың ықпалдасып, бір-бірінен мүлде ажырамастай ортақ төрт 
әуезбен (тембрмен) айтылуы. Дауыстылар мен дауыссыздардың өз алдына 
дербес тембрі болмайды немесе бірінің тембрі басыңқы (дауыстынікі), 
бірінікі бағыныңқы (дауыссыздікі) болмай, тепе-тең дәрежеде ықпалдасады. 
А.Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, «дауыссыздар мен дауыстылардың 
бірлігі тән мен жанның бірлігі» тәрізді. Мұндай тембр, зерттеуші 
көрсеткендей, әдеттегі фонетикалық тембрден (эмоционалды-экспрессивті, 


политембрлерден) 
мүлде 
бөлек 
сингармотембр 
деп 
аталады. 
Сингармотембрлер морфеманың, сөздің дыбыстық құндағын құрайды әрі 
тілдің мағыналық единицаларын бір-бірінен ажыратып тұрады. Басқаша 
айтқанда, фонологиялық қызмет атқарады. Сөйтіп, сингармонизмнің, 
зерттеушінің пайымдауынша, лингвистикалық мәні, түптеп келгенде, 
фонологиялық қызмет атқаруына саяды. Алдымен зерттеуші күллі 
дауыстылар жүйесінен үш сингармотипті анықтап алады. Олар: ашық, қысаң, 
дифтонг дауыстылар. Түсінуге ыңғайлы болу үшін бұл үш сингармотипті біз 
шартты түрде үш «инвариантфонема» деп алдық. Әр вариант-фонеманың сөз 
қолданысымызда бірнеше варианттары болады:
1. ашық дауысты инвариант
вариант [а]
вариант [ә] 
вариант [ы]
2. қысаң дауысты инвариант
вариант [і] 
вариант [ұ]
вариант [ү] 
вариант [е] 
3. дифтонг инвариант
вариант [о] 
вариант [ө] 
Бұл жерде [а], [ә] варианттарының бір типке, класқа жататын ортақ 
белгісі ашық және езулік болып келуі, солай бола тұра бір-бірінен айырмасы 
жуан және жіңішкелік қасиетінде.
Ал екінші топтағы [ы], [і], [ұ], [ү] варианттарының бір типке, класқа 
(инвариантқа) жататын ортақ белгісі бәрінің де қысаң болуы, солай бола 
тұра, вариант есебінде бір-бірінен айырмасы жуан, жіңішке, еріндік, езулік 
түрленуінде.
Үшінші топтағы [е], [о], [ө] варианттардың бір типке, класқа 
(инвариантқа) жататын ортақ белгісі дифтонг түрінде болуы, солай бола тұра 
вариант есебінде бір-бірінен айырмасы олардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік 
болу ерекшелігімен байланысты.
Сонымен, үш инвариант-фонема сөзде тоғыз түрлі вариантқа дейін 
түрленеді. Ал дауыссыздар жүйесі он жеті инвариант-фонемалардан түзіледі: 
б, г, д, ж, з, и, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Зерттеуші түзген дауыссыздардың 
жүйесі дәстүрлі филологиялық ұстаныммен бірдей. Айырма, түптеп 
келгенде, дауыстылардың типтері мен түрлерінде болып шығады. Сөйтіп, 
Ә.Жүнісбеков қазақ дауыстыларының осы жүйесін бейнелейтін жазу 
системасын ұсынады. Автор алдымен он жеті инвариант-фонеманы бір-бір 
таңбамен (сингармоәріппен) белгілейді (қосымшаны қараңыз). Ал осы он 
жеті инвариант-фонемалардың төрт тембрмен (жуан, жіңішке, еріндік, езулік 
болып) айтылып, сөз құрауын дауыстыларды белгілейтін (әр дауыстыға бас-


басына) арнайы таңба алмай-ақ дауыссыздарға қосылатын дәйекешінің әр 
түрлі орналасу ыңғайымен беріп отырады [20, 51-53б.]. 
Сөйтіп, күллі қазақ сөзін осы тәсілмен жазып шығуға болады. Бұл 
жазудың, түптеп келгенде, мәні мынада: белгілі бір әріп жазуда дауыссызды 
таңбалай отырып, оның төрт түрлі тембрмен қоса бейнелейді. Ал 
А.Байтұрсыновтың «бес дауыстыға» құрылған жазуындағы әріп белгілі бір 
фонеманы таңбалай отырып, оның жуан-жіңішке екі тембрін қоса 
бейнелейді. Сондай-ақ «бес дауыстыны» арқау еткен жазудағы дәйекші 
сөздің қандай тембрде айтылуына «дирижер» болып тұрады. Ал үш 
дауыстыны арқау еткен бұл жазудағы дәйекші буынның қандай тембрмен 
айтылуына «дирижер» болып тұрады. Ал осы екі жазудың ортақ қасиеті 
олардың ішкі құрылымында: әріптер сөзді, морфеманы құрап және ажыратып 
тұратын дыбыстарды белгілей отырып, оларды өзінің құндылығында қоса 
бейнелейді.
Үш дауыстыға негізделген жазудағы әріптер мен тілдегі инвариант 
фонемалардың сандық қатынасы жалпы әліпбиге қойылатын талаппен де 
үйлесіп жатады (фонемалардың санынан әліпбидегі әріптің саны аз-кем 
төмен болуға тиіс). Мысалы, автордың сингармофонологиялық зерттеуінде 3 
дауысты, 17 дауыссыз инвариант-фонема бар, ал әліпбидегі әріптің саны 17.
Сонда фонема мен әліпбидегі әріптің сандық қатынасы 20:17. Бұл қатынасты 
дәстүрлі фонологиялық жүйемен көрсетсек 26 инвариант фонема: 17 әріп 
болып шығады. Сондай-ақ бұл әліпбидің үнемділік жағын да айта кетуге 
болады. Мысалы, қазіргі әліпбиде 100 таңбамен жазылатын сөз 
сингарможазуда 60-қа жуық таңбамен беріледі (үнемділігі 40/-тай). 
1940 жылға дейінгі қолданылған латын жазуы жүйесі мен әліпбиі, 
әріптердің азын-аулақ ықшамдылығы, болмаса, осы күнгі жазу жүйемізден 
пәлендей принципті айырмасы жоқ, сондықтан бұл әліпбиге тоқталуды жөн 
көрмедік. Дегенмен айта кетететін нәрсе – қазіргі жазуымыздағы негізгі жүйе 
болып табылатын «бір әріп – бір фонема» тәсілі негізінен латын әліпбиі 
кезінде жасалды. Латын әліпбиі, кейбір ауытқуларды ескермегенде, 
фонологиялық сипатта болды. Осы күнгі емле принциптері сол кездің өзінде 
айқындала бастады (жазуда негізгі дыбыстарды белгілеу, сөздерді бір 
нұсқада жазу т.б.). Сөйтіп, қазақ жазуы бір жүйеден екінші бір ұқсас жүйеге 
оңай көшті. Әріптердің фонеманы білдіретін мәні сол күйінде қалды да тек 
символы (суреті) өзгерді: мысалы, латынша 
<р>
< п> 
/р/ графема
р
; қазіргіше /п/ графема
п
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан қазақ фонологиясында үш түрлі 
бағыттың бар екенін аңғарамыз.
1.
Тоғыз дауыстыға негізделген фонология.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   195




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет