Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет6/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
I ТАРАУ ДЫБЫС – ФОНЕМА – ГРАФЕМА – ӘРІП – ӘЛІПБИ 
 
Жазудың адамзат өміріндегі маңызы былай да түсінікті. Оны 
санамалап, егжей-тегжейлі айтып жатудың өзі артық. Жазу арқылы адамзат 
қоғамы мәдениетке қол жеткізіп, цивилизацияға қадам басты. Осы күнгі
жазулар бірден пайда болған жоқ. Олар дамудың небір жолдары мен 
сатыларынан өтті. Осының нәтижесінде адамзат тарихында зерттеушілердің
айтуынша
1
жазудың мынадай типтері мен түрлері пайда болды:
 
Жазудың тегі 
І
 
Семасиографиялық немесе
ІІ
 
Фонолографиялық
идеографиялық
(тілдің тұрпат 
(тілдің мазмұн жағына негізделген)
жағына негізделген) 
 
Жазудың түрлері 
А. Пиктография (хабардың
Б. Силлабографиялық
жалпы мазмұнын бейнелеуге
(графикалық таңбаның
объектісі – 
негізделген). 
буын). 
Б. Иероглифика немесе
Б. Фонемография (графикалық
логография (сөзге негізделген) таңбаның объектісі – фонема) 
Әрине, орыс әліпбиіне негізделген қазіргі қазақ жазуы я болмаса, араб 
әліпбиіне негізделген бұрынғы жазу (А.Байтұрсынұлының нұсқасы); немесе 
латын әліпбиін негіз еткен 30-40-жылдардағы қазақ жазуы ғылыми тұрғыда 
дәлелдемей-ақ жай ғана ой жіберіп қарағанның өзінде жазудың 
фонографиялық типіне, фонемографиялық түріне жататынын байқауға 
болады. Бірақ бұл топшылау басы ашық ақиқат болғанмен, дәл осы ақиқатқа 
қатысты шешілмеген түйіндер, жауабын күтіп тұрған сұраулар бар. Мысалы: 
араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуындағы әріптердің саны неге 24, ал 
латын әліпбиі бойынша 29, орыс әліпбиіне негізделген қазіргі жазуда 42? 
Ғылым мен техника, білім мен мәдениет, тіпті жалпы прогресс 
жазуымен байланысты. Сондықтан жазу-сызу мәселесі қашан, қай кезде, қай 
елде болмасын, ат төбеліндей зерттеушілердің ғана емес, жалпы 
жұртшылықтың назарын өзіне аударып отырады. Мысалы, ағылшын 
жазуының неше ғасырлық тарихы болғанына қарамастан, тіл мамандары 


жазуды оңтайлы етудің, емлені жеңілдетудің тиімді қолданудың жолдары 
мен теориялық негіздерін үнемі қарастырып келеді.
«Не случайно в литературе неоднакратно ставился вопрос об 
исчезновении всякого фонемного основания английской письменности. Не 
случайно и то, что английское письмо приводится в качестве примета 
письма, приближающегося к идеографическому.
Осознание этой ситуации лингвистической наукой выражается нередко 
в призывах к сближению письменного и звукового языков, выдвигаются 
самые различные проекты преобразования английской орфографии, вплоть 
до создания нового алфавита» [7]. 
Қазіргі орыс жазуы І Петр заманынан бері бірнеше өңдеуді басынан 
өткерді. Орыс жазуының зерттеле бастауы В.К.Традиаковский мен 
М.В.Ломоносов еңбектерімен байланысты. Ал одан беріде орыс жазуының 
жалпы және жеке мәселелері жөнінде жүздеген зерттеу жазылды [8]. 
«Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын 
пайдаланды. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қана қазақ 
оқығандары, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, 
қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық 
жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды біраз 
жетілдіруді қоя бастады [9]. 
Қазақ жазуын жақсарту, оңтайлы ету, тиімді қолдану, әліпбиін өзгерту 
т.б. мәселелер қазақ қоғамында дүркін-дүркін көтеріліп, үнемі қоғамдық 
назарда болып отырды. Мұндай пікірлер соңғы жылдарда да (1990 –1993 
жж.) айтыла бастады [10] 
Әрине әр автордың өзіндік дәлелі, уәжі бар. Бұл жерде әңгіме олар
жөнінде емес. Біздің ойымызша, қандай бағыт ұстансақ та, алдымен 
теориялық тиянақ керек. Ол үшін қазіргі қолданып жүрген жазуымыздың 
құрылымын, жүйесін қалай да бір талдау елегінен өткізіп алу аса қажет. 
Міне, осымен байланысты дыбыс тілі мен жазба тілді, олардың негізгі
құрылымдық элементтерін (сөз дыбыстары, фонема, әріп, әліпбиді) өзара 
байланысты қарай отырып, қазіргі жазуымыздың фонологиялық негізін іздеу 
жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет