Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет14/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
 
 
 
 
 
 
ІІ ТАРАУ ОРФОГРАФИЯ 
Қазіргі жазу-сызуымыз жарты ғасырдан астам уақыт бойы
қолданылып келеді және қазақ тілінің жазба түрі осы жазу-сызу арқылы
тиісінше қызмет етіп, сан қилы қоғамдық қажеттілікті шама-шарқынша өтеп 
те жатыр.
Әдетте тіл, мейлі ол ауызша, мейлі жазбаша болсын, өзінің қызметін 
жүйе түрінде жүзеге асырады. Олай болса қолданып жүрген жазу-
сызуымыздың ішкі құрылымы, өзіндік жүйесі болуға тиіс екені даусыз. 
Тіліміздің жазу жүйесін жетілдіру, жақсарту, реттеп отыру, оны дұрыс
қолданудың құралдарын жасау т.б. салада елу жыл ішінде едәуір шаралар
жасалды: Негізгі Ережелер түзілді, жазу практикасында байқалған 
тәжірибелердің жинақталу барысында Ережеге (1957, 1983) толықтырулар 
мен түзетулер енгізілді.
Тағы бір атап айтатын нәрсе – осы жазу-сызу жүйесін дұрыс қолдануды 
үйрететін құралдар жасалып, олар бірнеше дүркін жарық көрді:
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Алматы, 1941 (ред. Коллег. 
С.
Аманжолов, І.Кеңесбаев
);
М.Балақаев
. Емле сөздігі. 1948; Қазақ тілінің 
орфографиялық сөздігі (1963 ж. редакциясын басқарғандар 
І.Кеңесбаев, 
Ғ.Мұсабаев; 
1978 ж. Жауапты редакторы М.Балақаев; 1988 ж. Жауапты
редактор 
Р.Сыздықова
); 
Сыздықова Р
. Қазақ орфографиясы мен
пунктуациясы жайында анықтағыш (1964, 1974). Анықтағышта алғаш рет 
қазақ жазу-сызуына жұмсалып жүрген күллі графикалық таңбалардың 
(нүкте, қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір, сызық, сызықша, тырнақша, 
жақша, бас әріп, кіші әріп, леп белгісі, сұрау белгісі, жол басы т.б.) 
қолданылу тәртібі мен орындары, ережелері жинақталып берілді. Міне, 
мұндай практикалық құралдардың жазу нормаларын тұрақтандыруда,


жетілдіруде орны ерекше болды. Жазу жүйесін дұрыс қолдануға үйрететін 
мұндай құралдармен қатар қазақ жазу-сызуы мен орфографиясының
негіздерін 
қарастырған 
(
Оралбаева 
Н.
Қазақ 
графикасы 
мен
орфографиясының негіздері. – Алматы, 1968) және жазу тәжірибесінде 
кездесетін әртүрлі ауытқулар мен қайшылықтарды жинақтай отырып,
олардың себебін ашуға, бір ізге салудың жолын іздестірген зерттеулер 
жарық көрді (
Уәлиев Н, Алдашева А
. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. 
– Алматы: «Ғылым», 1988; 
Мырзабеков С
. Қазақ орфографиясының арнаулы
курсы бойынша методикалық нұсқаулар. – Алматы: «Қазақ университеті», 
1991). Сондай-ақ жазу-сызу мәдениетін жетілдіру, сауаттылықты көтеру, 
емле сөздіктерін дұрыстау, жеке сөздердің жазылуы жөнінде баспасөз 
бетінде ондаған мақала жарияланды [21]. Әрине, бұл айтылғандардан жазу-
сызу жөнге түсіп, емле мінсіз болып кетті деуге болмайды. Бұл салада 
атқарылатын жұмыстың дені жазу-жүйесін дұрыс пайдаланудың құралдарын 
жасауға келіп саяды. Ал қазіргі жазуымыз сөз дыбыстарына негізделген 
біртұтас жүйе түрінде және сол жүйені құрап тұрған элемент, сол 
элементтердің өзара қатынасы сияқты ішкі құрылымдық деңгейде әлі де 
болса зерттелмей келеді. Ал мұндай міндетті шешу жазуымыздың 
фонологиялық транскрипция мен фонетикалық транскрипция жүйесінен 
қаншалықты айырмасы мен ұқсастығы бар екенін айқындауға мүмкіндік 
береді. Графикалық лингвистиканың қисыны бойынша жазу жүйесі 
фонологиялық, фонетикалық транскрипциядан қалайда бөлек болуға тиіс. 
Осымен байланысты жазуымыздың ішкі түзілімін және фонологиялық негізін 
(қандай бағытта, қай мектептің іліміне жақын т.б.), оған ұстанып отырған 
емле принципінің сайма-сай болуын қарастыру қазақ тілі орфографиясының 
негізгі міндеті болып саналады. Ол үшін мына мәселелердің басын ашып алу 
қажет:
- инвариант фонема мен әліпбидегі (алфавиттегі) әріптердің сандық 
қатынасын көрсету;
-
жазудың фонологиялық негізін анықтау;
-
әліпбидегі әріптердің аттарын негіздеу;
-
жазудың фонологиялық негізіне сай келетін емле принципін дәлдей түсу;
-
жазу нормасында кездесетін қайшылықтар мен ауытқуларды жинақтай 
отырып, себептерін ашу т.б. 
Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан өзгеріс күрделі мәселелерді
шешуді күн тәртібіне қойып отыр. Осындай қоғамдық назарда болып
мемлекет көлемінде мән беріліп отырған мәселелердің бірі – республикадағы 
тілдердің дамуы. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өзінің сан алуан қызметін
өрістете отырып, өркендей түсуі қажет. Ол үшін жазу мәдениеті де жоғары 
талап деңгейінде болуға тиіс. Қандай жазуды ұстансақ та, басқа әліпбиге
көшсек те, әліпбиді тиімді етудің жолдарын қарастыру, емле принциптерін
дәлдей түсу, жазу жүйесін дұрыс қолданудың құралдарын (жазу ережесі,
емле сөздігі, анықтағыш т.б.) жетілдіру қай кезде де қоғамдық назардан тыс
қалмайтын мәселелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   195




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет