Гу «отдел образования города павлодара»



бет1/7
Дата23.08.2017
өлшемі1,43 Mb.
#25103
түріПлан работы
  1   2   3   4   5   6   7

Бекітемін



Павлодар қаласы білім беру

бөлімінің басшысы



________________З. Мұқашева

2014 жылғы «___» желтоқсан


Павлодар қаласы

Кривенко көшесі,25

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ» ММ ЖЫЛДЫҚ

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ


ГОДОВОЙ ПЛАН РАБОТЫ

ГУ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ

ГОРОДА ПАВЛОДАРА»


Басталды:_________________

Аяқталды:_________________
Сақтау мерзімі_____________

Үнемі_____________________





  1. БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ 2013 ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

2013 жылы атқарған жұмыстарының талдауы
Есептік кезеңде білім беру жүйесі қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігі Мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесімен айқындалады, оны жүзеге асыру шеңберінде қызметтің мазмұны және қаланың білім беру жүйесінің инфрақұрылымы жетілдірілді.

2013 жылы қаланың білім беру жүйесінің басым бағыттары төмендегідей болды:

  1. Білікті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін, тиімді білім беру жүйесін құру;

  2. 12 жылдық оқуға көшу үшін жағдай жасау;

  1. «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісін дамыту;

  2. балалардың денсаулығы мен өмірін сақтау, кәмелет жасқа толмағандардың, сондай ақ жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау бойынша шараларды орындау;


Білім беру ұйымдары желісін дамыту

Алға қойған мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде, мекемелердің инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жетілдіру болып табылады.

Есептік кезеңде ұйымдастырылған оқу және тәрбиемен барлығы 51249 балалар мен жасөспірімдер қамтылды (2012- 50211, 2011- 47003, 2010 – 47183, 2009 – 45087, соның ішінде қала мектептерінде 32957 оқушы білім алып жатыр).

3 жылдың ішінде білім беру мекемелерінің желісі 115 тен 134 объектіге көбейтілді, сол сияқты мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ұйымдары ретінде ұсынылды (2011-129, 2012-130), солардың ішінде 48 жалпы білім беретін мектептер, 67 мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар, 11 – мектептен тыс (қосымша білім беру ұйымдары). Мемлекеттік емес білім беру ұйымдары – 7, соның ішінде 1 мектеп, 6 мектепке дейінгі ұйымдар (5 шағын-орталықтар және «Smart Kid» сәбилер бақшасы ЖШС).


Мектепке дейінгі білім беру.

Балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» бағдарламасы шеңберінде позитивті өзгерістерге қол жеткіздік.

2013 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар саны 67 дейін артты.

Мемлекеттік – жеке меншік әріптестікті ынталандыру жұмыстарының шеңберінде 2 жастағы балалар үшін 296 орынға 4 жеке-меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. 2014 жылдың қаңтар айында «Асем-Ай» жеке-меншік шағын орталығында 30 орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс беру жоспарланып отыр. Осыған байланысты, республикалық бюджет есебінен 2013 жылы 50,0 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Бағдарламасын іске асыру барысында, «Қазақстан Алюминийі» АҚ 50 орынға арналған балабақша салып, келісім бойынша қаланың коммуналдық меншігіне тапсырды, ал «Компания Нефтехим LTD» ЖШС Павлодар қаласына кері қайтарымсыз 320 орындық балабақша ғимаратын берді, ол 2013 жылдың сәуір айында іске қосылды.

Осы жағдайдың барлығы 2 ден 6 жасар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуінің орташа көрсеткішін 83 %, (2012-80,7%, 2011- 77%), ал 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100% (2012-98%, 2011-90,6%) қамтуға мүмкіндік берді.

Соның өзінде, мектепке дейінгі мекемелерде орындардың жетпісеу мәселесі әлі күнге дейін орын алып отыр, бұл мәселенің шешімі – балабақша ғимараттарын қалпына келтіру және жаңа мектепке дейінгі мекемелер құрылысының қажеттілігінде.

2014 жылы, 3 жастағы (қазіргі 2 жастағы) балаларды толығымен қамту мәселесі алда тұр. Мектепке дейінгі ұйымдар желісі көбеитілмесе бұл мәселе шешіміне келмейді. Типтік үлгідегі (жобалау күштілігі 240, 280, 320 орынға арналған) балабақшалар құрылысына еркше көңіл бөлінуі қажет. Құрылыс басқармасымен, 320 орындық 2 балабақшаның құрылысына жобалау-сметалық құжаттары әзірленді және қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өту үшін тапсырылды. Жобалар дұрыстап бекітілген жағдайда осы балабақшалардың (жер телімі Ак. Чокин, Минин-Геринг көш.) құрылысына бюджеттен ақшалай қаражат бөлінуі қажет.

Одан басқа, Чкалов 128/1 көшесіндегі, тұрақты тұрғылықты орны жоқ адамдар орналастырылған, бұрыңғы балабақша ғимаратын қайтып алу жоспарланған болатын, алайда бұл ғимаратты босату мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ.

Сол сияқты, Павлодар қаласының аулдық жердегі балаларын мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесі де аса маңызды болып тұр. Қала маңындағы барлық 4 ауылда да (Кенжекөл ауылы, Ленинский кенті, Павлодарское, Мойылды ауылы,) бадабақшалар құрылысы қажет, сонда ғана 1 ден асқан балалар толықтай қамтылар еді.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту және тәрбиелеу сапасы толығымен тәрбиешілердің дайындығына, олардың біліктілігіне байланысты. Есептік кезеңде балабақшаларда және мектепке дейінгі шағын орталықтарда 1990 педагог қызмет етеді, солардың ішінде бірінші және жоғары санатта 578 (29%).

Кәсіби шеберлігін арттыру мәселелері барлық деңгейде жүйелі және мақсатты түрде шешіледі. Курстық қайта даярлаумен 338 педагог қамтылды, солардың 135 бюджеттік негізде. Шығармашылық белсенділікті ынталандыру, озық педагогикалық тәжірибені қалыптастыру мақсатында, білім беру бөлімімен кәсіби шеберлігіне байланысты, ең үздік әдістемелік нұсқаулықтар, «Жыл тәрбиешісі» сайыстары, сонымен қатар «Заманауи сабақ» интернет-фестивалі және басқа да сайыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Жас басшыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында педагогика еңбегінің ардагері Л.И. Беннердің басшылық етуімен №96 сәбилер бақшасының базасында «Жас басшы мектебі», әдіскерлер үшін қалалық «Жас әдіскерлер мектебі» ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі шағын орталықтарының педагогтары үшін семинарлар, дөңгелек үстелдер, өз ара тәжірибе алмасулар ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекемелер желісінің қарқынды дамуына байланысты жас педагогтардың ағымды келуі байқалады, алайда, балабақшаларға білікті кадрлар қажеттілігінің мәселесі өзекті болып отыр.

Білім беру бөлімінің әдістемелік қызметіне басшы, педагогтар кәсіптілігінің жаңа модельін қалыптастыру бойынша, олардың кәсіби қалыптасу жолындағы өзінің жеке рөлін түсінуде субъектілік бағытының қалыптасуы бойынша жұмыстарын белсендету қажет. Осыған байланысты 2014 жылдың жұмыс жоспарында МДМ жас директорларының, жас әдіскердің сабақтары жоспарланған.



Осылайша, балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен қамту бойынша алға қойған міндеттерді орындау үшін, мектепке дейінгі тәрбие беру мәселесінің кешенді шешімі қажет.

Жалпы орта білім беру

Сапалы білім мемлекет басшысымен, өмір сапасының қазақстандық стандарттарының маңызды көрсеткіші ретінде, әлеуметтік модернизациялаудағы 5 басым бағыттардың қатарында деп белгілеген. Оның қамтамасыз етілуі оқу-тәрбиелеу процессін модернизациялау және білім беру қызметтерінің тиімділігін және қол жетімділігін арттырумен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта қаламызда жалпы орта білім беру мекемелер желісін дамытатын жүйе өз қызметін атқарып жатыр, олар тұрақты түрде білім мен тәрбие беру үдерісін қамтамасыз ете алады.

Мектептердің жалпы санынан 8-і қазақ тілінде оқытады (16,7%), 16 мектеп – орыс тілді , 24 аралас мектептер (50%). № 7 ЖОМ кезең-кезеңмен мемлекеттік тілде оқытатын мектепке ауысуы басталды.

Мақсатты жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік тілде оқитын жергілікті (қазақ ұлтының) балаларының контингеті оң динамиканы көрсетіп отыр (2011-60%, 2012-63%, 2013-65%), ал 1 сыныпқа түсетін қазақ ұлтты балаларының үлесі 74% құрап отыр.

Білім беру мазмұнын жаңарту, жалпы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға ауысуы, көптілді оқытуды енгізу және бейіндік оқыту мектебінің модельін апробациялау бағытында қаладағы 10 мектеп аясында эксперименталдық алаңдар жұмыс істеп жатыр.

Инновациялық және эксперименталдық жұмыстармен айналысатын оқушылар санының жағымды динамикасы сақталып отыр, есепті кезеңде оның көрсеткіші – 10840 оқушыны құрайды (2012-2013 оқу жылдары – 9 мың), жаңашыл – педагогтер саны 828-ге дейін ұлғайды.

Мамандырылған сыныптар (гимназиялық, лицей сыныптары, алдынала бейіндеу және бейіндеу сыныптары) желісі сақталып отыр және даму үстінде. Ақырғы 3 жылдың ішінде осы сыныптардағы контингент 65% артты, соның ішінде 42% қазақ тілді мектептерде.

Ағымдағы жылы ҰБТ формасында қортынды аттестациядан қаланың 37 күндізгі түрдегі жалпы орта мектептерінің 1047 түлегі өтті, солардың 263 (22,5%) мемлекеттік тілде оқитындар. 2013 жылғы түлектердің ҰБТ қортындыларының орташа көрсеткіші4,38 б артқанын көрсетті (2012 жылы динамика – 15,53 баллды құрайтын). Павлодар қаласының жалпы орта мектептері бойынша орташа көрсеткіш – 81,38 б. құрады (2012 жылы – 77 б.) облыс бойынша көрсеткіш – 76,6 б.).

«Алтын белгі» атағын растаған, үміткерлер үлесі бойынша оң динамика байқалады 2012 жылы 33,3% дан 2013 жылы 50% ға дейін.



Осының барлығы 42,7% түлектеріне ЖОО мемлекеттік білім беру гранттарын алуға (2012 жыл -31,9%), негізгі және орта мектептердің 48,9% түлектеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ТИПО ұйымдарына түсуге мүмкіндік берді (2012 год- 47,5%).

Білім беру сапасын арттыруға педагогикалық кадрлармен педагогикалық лауазымның мәртебесін арттыру бойынша атқарылған жүйелі жұмыстар, мұғалімдерді еңбек ақысын 30 дан 100%ға арттыру құқығын беретін, жаңа форматтағы курстарда 1,2,3 деңгейде оқыту себеп болып отыр.

2012, 2013 жылдары жаңа форматтағы курстарда курстық даярлықтан 302 педагог өтті, соның ішінде 279 педагог – 3 деңгейде, 23 – 1 және 2 деңгейде.



Анықтама ретінде 2012-105, 2013-197.

Мектептердің педагогикалық кадрларының сапалы құрамы артуда: жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі 68,4 % құрайды (2012-63,3% ), жоғары білімді мұғалімдер 92% (2012 жыл – 90,7%).



«Электрондық оқыту» жүйесін енгізу шеңберінде қала мектептерін жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасуда: химия кабинетімен жабдықталу – 75,5%, биология – 100%, физика – 100%.

«Электронды оқу» жүйесін енгізу бойынша республикалық пилоттық жобаға енгізілген қаланың 35 мектебінде жабдықтар құрылды, бірыңғай локальдық желіге қосылды, электрондық журналды және күнтізбелі жосапрларды, сол сияқты оқушылар мен педагог кадрлардың қозғалысы бойынша статистикалық есеп беруді қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Есептік кезеңде мектептердегі компьютерлік паркі 4761 бірлікті құрайды (2012-2160, 2013 ж ақпаны-4752), қазіргі кезде 2005-2006 жылғы компьютерлер есептен шығарылуда. Жабдықталудың орташа көрсеткіші 1 компьютерге 6,6 адамнан (2012-14,3, 2011ж-20, 2010ж-21,7, 2009 ж-24,9, 2008-26,6, 2007-29).

Осылайша, компьютерлік техника сатып алу үшін қосымша қаражат қажет.

ҚР білім және ғылым министірлігінің жоспарларында белгіленген көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру индикаторларының талдауы, қаланың орта білім беру жүйесінің алға қойған міндеттерін толықтай орындалып жатқанын көрсетті.

Бағдарламаның бір қатар көрсеткіштері қазіргі кезде 100% орындалды – ол дегеніміз тасымалдауды ұйымдастыру, барлық оқушыларды оқулықтармен және аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамту, 3 аусымды және аппаттық мектептердің жоқтығы.

Білім беру мекемелерінде балалардың денсаулығын қорғау мәселесі сапалы білім беру жағдайларымен тура байланыста. Білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау жағдайын туғызу, білім сапасын жақсартудың бір бағыты болып табылады.

Соңғы жылдары әлеуметтік қорғалмаған балалар категориясын қолдау үшін жалпыға міндетті оқу қорын қаржыландыру көрсеткіші бір қалыпты өсіп келеді. 2013-2014 оқу жылында ол, жалпы орта білім беру мекемелерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 3 % (2010-2011- 3 %, 2009-2010- 2,8 %) құрады. Бұл көрсеткіштер республика бойынша жоғары болып есептеледі.

Бөлім мен мектеп басшыларының ерекше бақылауында мектеп тағамын ұйымдастыру мәселесі тұр, (сонымен қатар ыстық тамақпен қамтуды ұлғайту мәселесі) және оқушыларды тасымалдау мәселесі. Оқушыларды ыстық тамақпен ұйымдастыру 43 мектепте жүзеге асырылады (оның ішінде ауылдық жердегі КЖОМ, №38 НМ, №40 ЖОМ). Есептік кезеңде тамақпен 30897 / 97% (2012-29489 / 93,2%, 2011 – 28453 / 90,4%) оқушы қамтылды, оның ішінде ыстық тамақпен қамтылғаны – 23367/ 78,4% (2012-20713- 67,1 %, 2011- 20256 / 64,2%). Білім беру бөлімімен, бюджеттік қаражатты пайдалану және мектеп асханасын жалғаалушыларды тарту арқылы, біртіндеп ескірген техникалық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатпен 2012 жылы бюджеттен 38,0 млн.теңге бөлінсе, 2014 жылы – 42,0 млн.теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

Балаларды 100% тасымалдау қамтамасыз етілген. Қаланың 7 мектебіне барлығы 590 оқушыны тасмылдау қолға алынған, олардың барлығы мектпетептен 3 шақырым қашық жерде тұрады. Тасымалдауды ұйымдастыру үшін 9 автобус бөлінген, оның ішіндегі 5 автобус Кенжекөл, Павлодар, Ленин кенті әкімдігіне, 2 автобус жалға алынған, 2 автобус № 43 ЖОМ мен Кенжекөлдегі балалар аулына қарасты болып табылады.

Сонымен қатар, бүгінгі күні тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар ПАЗ маркасындағы 2003-2004 жылғы шығарылғандар (Кенжекөл-1, Павлодарское -1). ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту Бағдарламасындағы, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдесінде бекітілген жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес, әр балаға жеке орынымен жайлы тасымалдау және біртіндеп жаңарту мәселесін шешу қажет. Осы мақсатта қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Кенжекөл, Павлодарское ауылдарының және Ленинский кентінің әкімдерімен, оқушыларды тасымалдау үшін қосымша тағы әр қайсына 1 автобустан сатып алынады.

Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту жағдайын жақсарту бойынша тиімді шаралар қолданылуда.Үйде оқуды қажет ететіндер 100% қамтылған.

Инклюзивті оқыту үшін жағдайлар жасалуда. Психикалық дамуы тежелген балалар үшін 7 мектеп сыныптарында оқыту ұйымдастырылған, 15-де логопедагогикалық пунктер жұмыс істейді. Есептік кезеңде 93 мүгедек-балалар, қашықтықтан үйде оқытуды ұйымдастыру үшін, арнайы жабдықтар мен элктрондық құралдармен қамтамасыз етілді.

Материалдық көмекті қажет ететін балаларға материалдық көмек көрсетуінің маңызды жағдай, ол «жалпыға міндетті оқу қорына» бюджет қаражатынан 3% аудару болып табылады. Осы көрсеткіш республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.



(Анықтама ретінде: 2011 ж. - 103,8 млн. тенге, 2012 ж. – 135,8 млн. тенге, 2013 ж. – 135,9 млн. тенге).

430 кәмелетке толмаған балалар отбасылар қамқорлығында және қамқоршылығында солардың ішінде: 43 мектепке дейінгі жаста, 275 қала мектептерінде, 112 басқа оқу орындарында оқиды, сондай ақ 408 қамқоршыға 17310 теңге соммасында айсайынғы өтемақысы төленеді.

Алайда, орта және аға буындар үшін, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін дамытушы мектеп жиһаздарының жетіспеу мәселесі осы күнге дейін орын алып отыр.

Қалалық білім беру мекемелерінің жобалық күштілігі жеткіліксіз. Одан басқа, 2015 жылы 12 жылдық оқу жүйесін енгізілуіне және 6-7 жас аралығындағы балалардың біржолғы білім беру мекемелерінің 1 сыныбына келуіне байланысты, оқушылар орынының жетіспеушілігі шамамен 1000 орынды құрауы мүмкін. 1 сынып оқушылары үшін қосымша орындарды, екінші ауысымда оқитын орта буындағы оқушылар санын көбейту арқылы қамтамасыз ету керек болады, ол дегеніміз оқушыларға метептен тыс мекемелердегі (аула клубтары, метептен тыс үйірмелер, секциялар және т.б.) сабақтарға қатысу мүмкіндігін бермейді.

Бұл мәселенің шешімі – жаңа мектептер құрылысында. Кенжекөл ауылында 600 орынға арналған (746100,0 теңге соммасында), Амангелді-Ворушина көшелерінің аумағында 1200 орынға арналған (8 шағын аудан, 1500000,0 теңге соммасында) мектеп құрылысы басталды.

2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы жаңа технологияларды, электрондық оқыту жүйесін қарқынды енгізу, жалпы орта білім беру жүйесін модернизациялау, қазіргі кездегі басшылардың икемділігін және бүгінгі күннің талаптарына сай басқарушылық ету қызметінің сай келуін, ақпараттық ашықтылықтың түрлі формаларын дамыту қабілетін, өз мекемесінің абыройын сапалы жаңа деңгейде қалыптастыра білуін талап етеді. Ақырғы 3 жыл ішінде басқарушы директорлар және мектеп директоры орынбасарларының корпусы сапалы жаңартылды. Мектептер қызметінің негізгі бағыттарының жағдайын зерттеп білу, әкімшіліктің басқару қызметінің талдауын жасау, сонымен қатар білім берудегі қызмет көрсетулердің сапасын арттырудағы маңызды құралы ретінде, мектеп ішілік басқару жағдайының мәселесін зерттеп білу осы категориядағы әкімшілерге жүйелі әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеу қажеттілігі бар екендігі туралы шешім жасауға мүмкіндік береді. 2014 жылға арналған жоспарда жоғарыда аталған мәселелерді шешуге әрекет ететін шаралар қарастырылған.



Тәрбиелеу жүйесі. Қосымша білім беру.
Қалалық білім беру мекемелерінде тәрбие жұмыстарының тиімді жүйелері қалыптасқан. Қаңғыбастық, қайыр сұрау мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық профиликтикасының оң динамикасы байқалып отыр. 2013 жылдың қорытындылары бойынша кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау және тұлғалар санының деңгейі 2012 жылмен салыстырғанда 2 есе төмендеген.

2013 жылдың жазғы мезгілінде балалардың демалуын, сауығуын, бос уақытын ұйымдастыру мақсатында демалыстың барлық түрімен оқушылар 100% қамтылды. Осы мақсаттарға бюджеттен 51,5 (2012-49,8) млн.теңге бөлінді: оның ішінде мектеп жанындағы лагерьге – 10515 млн.теңге, еңбек отрядындағы жоғары сынып оқушыларының еңбек ақысы (1500 жоғары сынып оқушылар) – 17,153 млн.теңге.

«Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық филиалдарының, қала әкімдігінің қолдауымен, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында 500 жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етілді.

Қосымша білім берудің 11 ұйымдары тәрбие шараларын ойдағыдай жүзеге асырып келеді, онда 11 мыңна астам тәрбиеленушілер әртүрлі бағыттағы спорттық және шығармашылық істермен қамтылған (2012 жылы - 10306, 2011 жылы – 8429).



Мемелекеттік бағдарламаны, әсіресе бабалар мен жасөспірімдерді қосымша білім беру мен 50% қамту бөлігін іске асыру мақсатында метептен тыс мекемелер желісін арттыру қажет. Бүгінгі күні 2 Павлодар, Лесозавод, Сары-арқа аудандарында және Ленинский кентінде аула клубтары жоқ.

Осы мәселенің шешімі, балалар жасөспірімдер клубыбтары желісін көбейте отырып, 2013-2016 жылдар аралығында салынатын жаңа үйлер «Сарыарқа» тұрғылықты кешенінің тұруға болмайтын 1-ші қабаттарында орналастыру арқылы шешіледі деген үміттеміз.

Материалдық базаны дамыту
Ведомствоға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру білім беруді жаңартудағы басты бағыттардың бірі болып табылады.

Ақырғы 3 жылдың мекемелерді қаржыландыру динамикасының талдауы, республика, облыс және қаланың бюджеттері, білім саласын дамытуға айтарлықтай қаражат бөлетіндігін көрсетеді.

2013 жылы бөлімге қарасты мектепке дейінгі, мектептен тыс, мектептердегі күрделі жөндеуді өткізу және материалдық – техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Мекемелердің күрделі жөндеуден өткізілуіне және материалдық – техникалық базасын нығайтуға барлығы 501,7 млн.теңге, соның ішінде қаланың 25 мектебінің күрделі жөндеуіне – 291,1 млн.теңге бөлінді (№ 2,4,5,6,11,12,13,14,15,17,18,21,22,24,26,27,28,29,32,33,35,36,39,41, Стикс).

2014 жылы 27 мектепте 10,0 млн.теңге соммасында, 7 балабақшада (№ 11,16,39,111,102,121) 127,1 млн.теңге соммасында күрделі жөндеуді өткізу үшін ЖСҚ әзірленді.

Қазіргі уақытта қаланың 38 мектебіне 30,0 млн.теңге соммасында 3 мыңнан астам топтамадағы мектеп жиһаздары сатып алынды.

Жаңадан іске қосылған № 46 сәбилер бақшасына материалдық- техникалық жабдықтары 27,1млн.теңге соммасында, 4,5 млн. теңге соммасында №1 БММ концерттік рояль сатып алынды.

Олыстық бюджет қаражаты есбіне қала мектептеріне 11,9 млн.теңге соммасында спорттық инвентарлар сатып алынды.



Республикалық бюджет есебінен қаланың № 7, 9, 12, 19, 30, 35, 42 мектептеріне 7 химия кабинетін жабдықтау мақсатында 18,7 млг.теңге соммасына келісім шарттар жасалды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, ғимараттардың ағымдық және күрделі жөндеуін жүргізуге қаражат жетіспеушілігі мәселелердің бірі болып тұр. Қаланың білім беру мекемелерінің жөндеуіне нақты керек қаражат соммасы 914,5 млн.теңге.

2014 жылы ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығындарына байланысты қосымша қаражат қажеттілігі, біріншіден күрделі жөндеу жүргізуге, қазақ тілі кабинеттерін, жаңа тарих, бірінші Президент кабинетін жабдықтауға, сол сияқты, жиһаздар, компьютерлік техника, спорттық, музыкалық, технологиялық құралдарды, оқушыларды тасымалдау үшін қосымша автокөліктер сатып алуға, прожекторлық жарықтандыру құралын орнатуға, ІІД жалпы порталына қосылған бейне камералар орнатуға жалпы соммасы 1698,5 млн.теңге соммасында ақшалай қаражат қажет.

Білім беру бөлімінің 2013 жылғы жұмыс жоспары толықтай орындалды. Білім беру ұйымдарының қызметін координациялау, қаланың білім беру жүйесінің жағдайын зерртеп білу мақсатында, білім беру мекемелері қызметінің түрлі бағыттарының жағдайы мәселесі бойынша 36 мектеп, МТМ, МДМ директорларының жиналысы өткізілді. Биология, химия, өлке тану, тілдер пәндерін оқыту жағдайының кешенді мониторингі жүргізілді, №30 лицейінде, №27, 23 ЖОМ бөлім күні өткізілді, 46 сұрақ бойынша тақырыптық мониторинг жүзеге асырылды, олардың нәтижелері әр түрлі деңгейдегі жиналыстарда ұсынылды. Жеке категориядағы басқарушылар мен әдіскерлер үшін 52 нұсқаулық-әдістемелік семинар-кеңестері өткізілді.


2014 жылға қаланың білім беру жүйесін дамытудағы маңызды стратегиялық міндеттері төмендегідей болады

  1. Қалалық білім беру бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру, қаланың білім беру жүйесі жағдайына мониторингінің негізінде оның жетілдірілу және жаңартылу процессіне басшылық ету.

  2. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы (толық) орта білімнің жаңа білім беру стандарттарына көшу процессіне тиімді басқаруды қамтамасыз ету.

  3. Балаларға мектепке дейінгі, жалпы және қосымша білім беру саласында, сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік туғызатын тиімді механизмдерді жасау.

  4. Білім беру сапасына баға беру жүйесін жетілдіру.

  5. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісін дамыту және мектепке дейінгі білім берудің альтернативті формаларын енгізу арқылы мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  6. Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдай жасау.

  7. Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім лауазымының беделін арттыру.

  8. Дамуында тежеулігі бар балаларға білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  9. Панасыздықты, қараусыздықты, әлеуметтік жетімділікті болдырмау және жетім, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды отбасына орналастыруды жылжыту (алға басқызу).

  10. Балалардың оқуы үшін жайлы жағдайлар жасауға білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, 12 жылдық оқытуды енгізу шеңберінде олардың денсаулықтарын сақтау және нығайту.

  11. Ең жақсы білім беру мекемелерін, мектеп мұғалімдерін, талантты және дарынды балалар мен жастарды қолдау жүйесін дамыту.

  12. Білім беру мекемелерінің ақпараттық жайдарылығын және бұқаралық есептілігінің түрлі формаларын дамыту.



  1. бІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ 2014 ЖЫЛҒА МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ

Білім беру бөлімі қызметінің мақсаты:

- Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

-Азаматтардың, білім алуларында және білім беру саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруда, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда мемлекеттік кепілдеме мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесінің қызмет етуі мен даму барысына тиімді басқаруды қамтамасыз ету.

Білім беру бөлімінің міндеттері:

  1. Қалалық білім беру бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру, қаланың білім беру жүйесі жағдайына мониторингінің негізінде оның жетілдірілу және жаңартылу процессіне басшылық ету.

  2. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы (толық) орта білімнің жаңа білім беру стандарттарына көшу процессіне тиімді басқаруды қамтамасыз ету.

  3. Балаларға мектепке дейінгі, жалпы және қосымша білім беру саласында, сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік туғызатын тиімді механизмдерді жасау.

  4. Білім беру сапасына баға беру жүйесін жетілдіру.

  5. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісін дамыту және мектепке дейінгі білім берудің альтернативті формаларын енгізу арқылы мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  6. Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдай жасау.

  7. Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім лауазымының беделін арттыру.

  8. Дамуында тежеулігі бар балаларға білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  9. Панасыздықты, қараусыздықты, әлеуметтік жетімділікті болдырмау және жетім, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды отбасына орналастыруды жылжыту (алға басқызу).

  10. Балалардың оқуы үшін жайлы жағдайлар жасауға білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, 12 жылдық оқытуды енгізу шеңберінде олардың денсаулықтарын сақтау және нығайту.

  11. Ең жақсы білім беру мекемелерін, мектеп мұғалімдерін, талантты және дарынды балалар мен жастарды қолдау жүйесін дамыту.

  12. Білім беру мекемелерінің ақпараттық жайдарылығын және бұқаралық есептілігінің түрлі формаларын дамыту.




  1. 2013 жылдың соңына білім беру ұйымдарының желісі






                1. Мемлекеттік ұйымдардың атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Артуы (+),

төмендеуі (-)



1.

Күндізгі жалпы орта мектептері

соның ішінде:













Бастауыш

4

4

4

0

Негізгі

2

2

2

0
    1. Орта


42

42

42

0
    1. «Мектеп- балабақша» Кешені


1

1

1

0

Жалпы орта мектеп-интернаттар

1

1

0

-1




Шағын орталықтары бар жалпы орта мектептері

20

20

21

1

2.

Мектептен тыс ұйымдар

11

11

11

0

3.

Балалар мектепке дейінгі ұйымдары

57

66

67

10




Мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығы













Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет