Гуманитария мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы


Perfectum indicativi activi



бет7/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#42633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Perfectum indicativi activi перфект түбіріне арнайы жалғаулар жалғау арқылы жасалады. Жалғаулар барлық төрт жіктіктегі етістіктерге бірдей. Етістіктердің Perfectum indicativi activi формасы перфект түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:



Жақ

Singularis

Pluralis

1



-ĭmŭs

2

-ĭstī

-ĭstĭs

3

-it

-ērunt

Еске саламыз, перфект түбірі І жақ жекеше түрде тұрған Perfectum indicativi activi -дің –ī жалғауын алып тастау арқылы анықталады.





Numerus

Persona

orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу

Sing.

1
2
3

ornav - ī
ornav - ĭstī
ornav - it

мен әшекейледім
сен әшекейледің
ол әшекейледі

Pl.

1
2
3

ornav - ĭmŭs
ornav - ĭstĭs
ornav - ērunt

біз әшекейледік
сендер әшекейледіңдер
олар әшекейледі

Есте сақтаңыз, перфект түбірі етістіктерде біркелкі емес, алты түрлі жолмен құрылады:


І және IV жіктеуге жататын етістіктерде перфект түбірі -vī –ға аяқталады (v жұрнағы мен ī жалғауы инфект түбіріне жалғану арқылы жасалады). Мысалы: orno, ornāvī, ornātum, ornāre 1 - әшекейлеу; audio, audīvi, audītum, audīre 4 - тыңдау
ІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -uī –ға аяқталады (u жұрнақ + ī жалғау). Бұл жерде инфект түбіріндегі соңғы –ē дауысты әрпі түсіп қалады. Мысалы: moneō, monuī, monĭtum, monēre 2 – сендіру; doceō, docuī, doctum, docěre 2 – оқыту
ІІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -sī –ға аяқталады (s жұрнақ + ī жалғау). Бірақ s - жұрнағының алдындағы дауыссыз әріптер өзгеріске ұшырайды. Тіл арты дауыссыз g s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады, с [k] дыбысы s дыбысымен қосылып, x дыбысымен белгіленеді. Мысалы: duco, duxi ( duc + si), ductum, ducere 3жетелеу; rego, rexi (reg + si), rectum (reg + tum), regere 3билік жүргізу; Ұяң b дыбысы s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады. Мысалы: scribō, scripsī (scrib + si), scriptum, scriběre 3 – жазу.
Тіл алды d және t дауыссыздары s – дыбысының алдында ассимиляцияға ұшырайды. Мысалы: mittō, misī (mit + si), missum, mittěre 3жіберу, жөнлту, жолдау
Біршама етістіктердің перфект түбірі инфект түбіріне жұрнақ жалғау арқылы емес, түбірдегі дауысты дыбыстың ұзақ дыбысқа ауысуы арқылы жасалады. Мысалы: videō, vīdī, visum, vĭdēre 2 - көру
mŏveō, mōvī, mōtum, movēre 2 – жылжыту, қозғау
legō, lēgī, lěctum, legěre 3 - оқу
veniō, vēnī, věntum, věnīre 4 - келу
Берілген етістіктердің:



Инфект түбірі

Перфект түбірі

vĭdē-, movē-, legě-, věnī-

vīd-, mōv-, lēg-, vēn-

Егер түбірде ă тұрса, жаңа ē тудырады. Осы жолмен жасалған перфект үндіеуропа тілінен келген дауыстылардың орын ауыстырылуы деп аталады. Қазіргі кезде неміс және ағылшын тілдерінде кездеседі. Ондай өзгеріс келесі жиі кездесетін етістіктерде:


ăgō, ēgī, actum, ăgěrě қуу
căpiō, cēpī, căptum, căpěrě алу
făciō, fēcī, făctum, făcěrě істеу
jăciō, jēcī, jăctum, făcěrě тастау

Инфект түбірі

Перфект түбірі

ăgě-, căpĭ -, făcĭ -, făcĭ -

ēg-, cēp-, fēc-, jēc-

Кейбір латын етістіктері үндіеуропа перфектісінің жасалуының көне формасын сақтаған, яғни бастапқы дауыссыздың қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы:


dō, dedī, dătum, dărě беру
mordeō, momordī, morsum, morděrě тістеу
currō, cucurrī, cursum, currěrě жүгіру
ІІІа жіктеуіне жататын етістіктердің бірқатарынның префект түбірі етістік түбіріне ұқсас. Мысалы:
statuo, statui, statutum, statuěre 3 қою
verto, verti, versum, vertěre 3 айналдыру


Көмекші етістік esse Perfectum indicativi activi формасында



Жақ

Singularis

Pluralis

1

fu–ī мен болғанмын

fu–ĭmŭs біз болғанбыз

2

fu–ĭstī сен болғансың

fu–ĭstĭs сендер болғансыңдар

3

fu–it ол болған

fu–ērunt олар болған

Жаттығулар

1. Келесі етістіктерді imperfectum indicativi activi және perfectum indicativi activi формаларында жіктеңіз:


deleo 2 бұзу, қопару; pono 3 қою. respondeo 2 жауап беру; duco 3 жетелеу


2. Етістіктердің формасын анықтап, қазақшаға аударыңыз:


fuistis, affuistis, potuistis, fē respondi, misērunt, expugnavērunt; putavěrat, conscripsěrat, scripsĭmus, potuerĭmus, collocavěrint, interfuěrint, tulērunt; prodiit, voluisti, voluěras.

3. Өздік етісте тұрған сөйлемдерді ырықсыз етіске алмастырыңыз, құрастырған сөйлемді қазақшаға аударыңыз:


a) Milĭtes montem capiunt. б) Graeci monumenta exstruēbant.


4. Оқып аударыңыз:


De Aenēa

Graeci diu Troiam urbem oppugnavērunt; decĭmo anno Troiam expugnavērunt. Aenēas, unus e principĭbus Troianōrum, cum patre sene et filio parvŭlo et cum sociis naves conscendit et post multos et longos errōres in Italiam advēnit. Rex Latīnus Aenēan in hospitium accēpit et filiam Laviniam in matrimonium ei dedit. Sed primum Troiāni cum Rutŭlis pugnābant, Latīnus enim antea Laviniam Turno, Rutulōrum princĭpi, in matrimonium dare promīsit. Aenēas oppĭdum Lavinium (condĭdit) et filius eius, Ascanius, Albam Longam condĭdit. Ea gente Romŭlus, condĭtor Romae, fuit.
Сөздік

1. oppugno, oppugnāvi, āre – шабуылдау; 2. ex-pugno, expugnāvi, āre – басып алу; 3. conscendo, conscendi, ěre – көтерілу; 4. navem conscendere – кемеге отыру; 5. ad-venio, adveni, īre – жету, келу; 6.


accĭpio, accēpi, ěre – алу, қол жеткізу; 7. do, dedi, dare – беру; 8. pro-mitto, protmsi, ěre – сөз беру; 9. condo, condidi, ěre – негізін салу, қалау; 10. ea gente … fuit – осы рудан тараған.

5. Мәтінді оқыңыз, мәтіндегі етістіктерді талдап, аударыңыз:


De puero mendaci


Puer, custos ovium, saepe per iocum auxilium rogavit magna voce clamans: «Auxilium mihi date! Lupus adest!» Vicīni auxilio veniēbant, sed lupum non vidēbant, et puer eos irridēbat. Aliquando lupi re verā in oves irruērunt, et puer, ut antea, clamāvit: «Lupi adsunt! Auxilium mihi date!» Sed nemo puěri mendāci credĭdit neque ei auxilium dedit, et lupi multas oves arripuērunt.


Сөздік

1. mendax, mendācis - өтірікші; 2. custos ovium – шопан; 3. iocus, i m -әзіл; 4. auxilium, i n - көмек; 5. magnā voce – қатты дауыстап; 6. vicīni – көршілер; 7. auxilio venīre – көмекке келу; 8. аliquando – бірде, бір күні; 9. vere – шынымен; 10. ovis, ovis f - қой





Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет