Гуманитарлық факультет



бет1/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ


СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016

Ф.4.09-26


Гуманитарлық факультет

Қазақстан тарихы кафедрасы


БЕКІТЕМІН

Академиялық мәселелер

жөніндегі проректор

____________ Л.Еркінбаева

«_____» ___________2018ж.


Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В011400 – Тарих

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2018ж.



Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011400 Тарих мамандығына

кұрастырған.

(оқытушының қолы)
Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 20___ ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі Е.О. Буланов

«_____»__________ ___20____ жыл. №______ хаттама
Гуманитарлық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш.С.Жаукумова

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Бұл бағдарлама мектептерде тарихты оқытудың негізгі мәселелерін қамтиды. Тарих - жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық курстардың өзегін құрайды.

1965 ж. 14 мамырда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір дәрістер туралы» Қаулысына сай, КСРО тарихын 7-10 сыныптарына дейін жүйелі курс болып енгізілсе ал «Жаңа және «Қазіргі әлем тарихы» 8-10 сыныптарда оқытылатын болды Мектептегі бағдарламадан шамадан көп, қосымша материалдың тым күрделі
болуы оқу процесінде формализмге әкеліп, оқушылардың ұғынуына қиындық туғызды. КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1959 ж. 8 қазандағы «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысына сәйкес, республика мектептерінде «Қазақстан тарихы» алғаш рет КСРО тарихының құрамында курс болып оқытыла бастады. Пәнді оқыту бағдарламасы мектептерге арнап біркелкі етіп жасалып келді. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарға жауап бере алмайтыны түсінікті. Ал қазіргі күнде мектепте тарихты оқыту жайындағы көзқарас өзгертумен сипатталады. Оны өзгертудегі басты бағыттар мыналар:

  • Тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы;

  • оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдегі процесстің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік моделді қалыптастыруға бағытталуы;

- мектепте үзіліссіз білім беру жүйесінде тарих пәнінің білімдік,
танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту;

Гуманитарлық пәндердің соның ішінде тарихты оқытудың орны ерекше. Тарих курсында адамзат дамуының тарихи жолы, өндірістік, әлеуметтік-саяси және адамгершілік тәжірибесі көрініс тапқан.

Тарих пәнін оқытудың қазіргі әдістемесі–ұзақ жылдар бойғы ғалымдар, ұстаздар мен оқушылардың еңбегі мен шығармашылығының нәтижесі. Оның қалыптасуы мен дамуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси тарихымен, қоғамдық-саяси ойдың, тарих және педагогика ғылымдарының дамуымен тығыз байланысты.

Тарихты оқыту әдістемесінің мақсаты – тарих пәнін оқытуды одан ары қарай жетілдіріп, оның тиімділігін арттыру және құндылық бағдарға бейімделген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында тарихты оқыту үрдісінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет