Халел досмұхамедов


Семейдегі Бөкейхановқа берілген хатты тапсыра алмаған, Х.Досмұхамедовтің ісінде алғашқы жауабы тіркелген Уәлихан Омаровтың көрсетіндісі



бет18/20
Дата05.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#1694
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Семейдегі Бөкейхановқа берілген хатты тапсыра алмаған, Х.Досмұхамедовтің ісінде алғашқы жауабы тіркелген Уәлихан Омаровтың көрсетіндісі:
«Берілген сұраққа жауабым мынау: Қазақ ұлтшылдарының ешқандай ұйымына, оның ішінде Орынбордағы бөлімшесіне де мүше болған емеспін. 20-жылдары қандай да бір ұйымға мүше болды деген сөз шындыққа жатпайды. Ешқандай да ұйымды білмеймін. Валидов пен Байтұрсыновтың арасындағы хат туралы да мағлұматым жоқ. Байтұрсыновты естуім бар, бірақ таныс емеспін. Әділев пен Сәдуақасовтың кеңес құрылысына қатысты блоктары жөнінде де хабарым жоқ. Сәдуақасовпен бірге қожановшыларға (колчаковшыларға да болуы мүмкін, нақты танылмады – Т.Ж.) қарсы күреске қатысқаным рас. Оның өзінде де азаматтық блок емес, кейбір мәселелер жөнінде келіспегеніміз шындық. Кеңес өкіметіне қарсы ешқендай іс-әрекетке қатысым жоқ. Бөкейханов Уәлиханмен Жер жөніндегі комиссариятта бірге істедім, білімді, іскер, коммунисшіл. Әрине ешқандай ұйымның құрылғанынан бейхабармын. Ташкентте құрылған ұйымды естіген емеспін. Кулаков пен Ермековтің арасындағы байланыстан хабарсызбын. Олардың әр нәрсені менімен ақылдасты дегені шындыққа жатпайды, тек шарушылық мәселелері ғана тапсырылды.
22- 24- жылдар арасында жазылған «Табалдырық» платформасын білмеймін және «Алқа» үйірмесіне менің қатысым жоқ. Мен ол кезде Ташкентте емес, Петропвловскіде болатынмын. Сәдуақасовпен, Бөкейхановпен, Мұрзинмен, Омаровпен және Байтұрсыновпен қосылып қандай қағазға қол қойғаным есімде жоқ. Егерде қазақ әліппесі туралы болса, онда менің бұған тікелей қатысым шамалы, өйткені мен әріп түзумен айналыспаймын, оған икемім де жоқ. Бұл қол менің қолтаңбама ұқсамайды (қазақ әліпбиі туралы халыққа жолданған үндеу хат –Т.Ж.).
Сіз айтып отырған 21-22-жылдары Ташкентте өткен Тынышбаев, Досмұхамедов және басқалар қатысқан жиналыс туралы тіпті естісем бұйырмасын. Заки Валидовтің кім екенін де білмеймін, өмірімде ол туралы естіп көрмеппін. Әділевті естуім бар, бірақ өзін көрмеппін».
Бұдан кейін 1931 жылдың 15 қыркүйегі күні тергеуші оған түрлі тақырыптарды атап ұсынып, соған жауап беруді талап еткен. Сурет көрсетіп, олардың кім екенін сұрайды. « Жоқ, мен бұларды білмеймін. Мен Әділевті үйіне ауырып келгенде ғана көрдім» - дейді. Алайда келесі жолдағы хатқа түскен сөздер кілт өзгеріп сала береді. Айыпталушының алдыңғы тергеудегі кесімді сөздері жұмсарып, айыбын мойындауға көшкен. Бұған қарағанда арадағы үзіліс кезінде қысым көрсетіліп, қинау жасалған сияқты. Оны мына жауаптың мәнерінен де байқауға болады:
«Мен қазір бұрын жасырып келген жайлардың бәрін де сізге айтып беремін, жолдас милиционер. Шындығында да 22-жылы Ташкенттен Бөкейхановқа беруге арналған хатты алдым. Онда ешқандай адрес көрсетілмеген және ол ауылда жоқ дегенді естідім. Хатты тапсырғым келмей жыртып тастадым. Онда Ташкенттегі ұйымның жай-жапсары айтылған сияқты. Хат жөнінде мен Әбікей Сәтбаевқа, Хасен Ақаевқа және ...(аты толық танылмады – Т.Ж.) айттым. Кейіннен білдім, Бөкейхановқа арналған хаттың мазұны туралы жергілікті адамдардың барлығы естіп алыпты» – деп жұмсарта баяндаған.
«Шабармандығы» болмаса, Х.Досмұхамедов айтқан «ұйымға тікелей қатысы жоқ, тек сенімді, көмек көрсете алатын адам қатарында» қалыпты. Бұл да кісінің кісісінің қолынан келетін қасиет.
Мұхамеджан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедовтен кейін «Алашорданың» батыс бөлімшесінің тең төрағасы Жаһанша Досмұхамедовтің жауапқа тартылуы өзінен-өзі түсінікті. Ол кісі Москва қаласында тұратын болғандықтан да алдыңғы екеуінен екі ай кешігіп барып, 1930 жылы 31 қазан күні ұсталған. Өзі астыртын ұйымда ысылған заңгер болғандықтан да оның жауаптары барынша нақты әрі дәлелді. Сондықтан да оған қосымша айғақ пен дәлел келтіріп жатудың өзі артық сияқты. Тергеудің І томының 429 бетінде:
«Алматы. 1930 жылғы 7 желтоқсан. Мен, ОО ПП ОГПУ-дің КССР-дегі І бөлімінің бастығы Попов айыпталушы Досмұхамедовтен сұрақ алғанда, мыналар анықталды: Жаһанша Досмұхамедов 43 жаста, тұратын жері – Москва қаласы, Шаблово –Ховский пер., 11үй, 25 пәтер. Туған жері – Орал округі Жымпиты ауданы, партияда жоқ. Ақпан төңкерісіне дейін сот мекемелерінде қызмет еткен. Қазан төңкерісіне дейін әр түрлі қоғамдар мен мекемелерде істеді. Қазір Москвадағы «Скотовод» басқармасында қызмет етеді. Білімі – жоғары, Москва университетін бітірген. Үйленген. Күн көрісі – қызмет табысына байланысты. Әке-шешесі жоқ, диқан болған» – деген өмірбаяндық анықтама бар.
Жаһанша Досмұхамедовтің 1930 жылғы 5 қараша күнгі көрсетіндісі3 томның 430-бетіне тіркеліпті:
«Мен Москвадан Ташкентке 1920-жылдың қазан айында келдім, қазақтардың сол жылғы да, келесі 1921-жылғы да бас қосқан ешқандай отырысын білмеймін.
1922- жылы көктемде кешке жақын «Ақ жол» газетінде істейтін біреу: бүгін кешке «арқалықтар» (солтүстіктің қазақтары) бас қосып, бір мәселе жөнінде ақылдасатынын айтты. Не туралы екенін сұрағанымда: келген соң білесің – деді. Сол күні кешке жақын менің үйіме 7-8 қазақ келді. Қазір есімде сақталғаны Халел Досмұхамедов, Дулатов және Бірімжанов, қалғандары есімде жоқ. Олар: қазақ қайраткерлерінің бұрынғы «Алаш» бағдарламасы ресми бекітілген жоқ, кезінде дұрыстап ойдағыдай етіп жетілдірілмеді. Бұрынғы «Алашорда» қайраткерлерінің саяси мәселелер жөніндегі толысқан саяси тұжырымдары тиянақталуы үшін соны жетілдіру керек – десті. Мен: біз, алашордашылар, қазір әр түрлі саяси ұстанымда жүрміз, саясаттың кейбір мәселелері жөніндегі көзқарастарымыз сай келмейді. Бұрын бізді тек ұлттық белгіміз ғана біріктіріп келген. Қазір біз саясаттан мақұрымбыз. Сондықтан да аталған мақсатсыз бағдарламаны қайта жаңғырту бізге төтенше мекемелер тарапынан тек қана зиян әкелуі мүмкін – деп, мұндай түзетуге мүлдем қарсы болдым.
Алайда, қызу пікір таласынан кейін, саяси бет-беделімізді сақтап қалу үшін қалайда бағдарламның керектігі мақұлданып, сол арада оның жобасы жасалды. Бағдарламаны Орынборға жіберіп, ондағы бұрынғы «Алашорда» қайраткерлерінің келісімін алу мақсатымен жобаны «Ақ жол» газетінің бір адамы алып кетті. Содан кейін мен Түркпромсюздың және Ашаршылыққа көмек комитетінің тапсырмасымен Прежевальскіге (Қарақолға) кеттім, ол жақтан 3 айдан соң ғана Ташкентке қайтып келдім. Сол екі аралықта менің балдызым Надежда Константиновна Рысқұлов жолдасқа күйеуге шығып алыпты. Сол кезде Рысқұлов Ташкентке Түркістан республикасының халкомының төрағасы қызметіне ауысып келіпті. Сөйтіп, мен оның үйінде, ол менің үйімде жиі болып тұрдық. Содан бері жоғарыда аталған адамдардың не істеп, не қойғанынан, жобаны не істегенінен хабарсызбын.
Қызылордаға барғанда мен олармен аталған бағдарлама жөнінде бір ауыз сөз алысқамын жоқ, оны мүлдем ұмытып кеттім, өз ісіммен ғана айналыстым, партия мүшелері мен еуропалықтардың ортасында жүрдім. Мен бұл мәселені бірінші тергеуде айтпаған себебім, біріншіден, менің көзқарасым бойынша жоғарыдағы іскерсінген әрекет қазақтың «Еріккен сарт енегін уқалайды» дегенінің кері деп есептедім, екіншіден, маған өзге адамдардың аттарын атау сондай қиынға соқты. Мен бұрын да, қазір де: кеңес өкіметін құлата алатындай күш СССР-де бұрын да болған емес, қазір де жоқ – деп есептеймін. Сондықтан да ешқашанда кеңес өкіметіне қарсы шыққан емеспін. Қазір де, міне,10 жылдан бері адал қызмет етіп келемін, өз мамандығымды ғана білемін.
Сіз маған: қазақтың әлдекімі әлде қайда Ташкенттен сырт қалаға барды ма? – деп сұрақ қойып отырсыз, ол туралы мен ештеңе білмеймін. Өз басым ондай жолдыбайшылыққа жүргемін жоқ».
Сот пен тергеу ісін, іс жүргізу хаттамасын білетін кәсіпқой заңгердің жауабы нақты әрі сенімді. «Алашорданың» ескі бағдарламасын естелік үшін жаңғыртып жобаға түсіру мен астыртын ұйымның арасындағы айырмашылық үлкен, оларға қолданылатын заң баптары да мүлдем басқа. Алғашқы жауап пен соңғы көрсетіндінің арасында қандай айырмашылық бар? Шамалы. Тек өзгелердің көрсетінділерінде ғана: Ж.Досмұхамедов Ташкенттегі астыртын ұйымның бағдарламасын жасады – делінеді.
Бұл томдағы тергеу ісіне тартылғандардың бәріне тағылған айып пен қаулы мәтіні бірдей. Тек қана аты-жөндерін ауыстыра салса болды. Сондықтан да Ж.Досмұхамедовке шығарылған айыптау қорытындысын толық келтіреміз.
«№2370 іс. І том. 435-а бет. Мен, ОО ПП ОГПУ-дің КССР-дегі І бөлімінің бастығы Попов тергеуге алынып, №2370 іс бойынша жауапқа тартылған Жаһанша Досмұхамедовтің қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысы және соған байланысты кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері толық дәлелденгенін ескере отырып ҰІК-нің 128-бабына сәйкес ҚАУЛЫ етемін:
Осы іс бойынша Досмұхамедов Жаһаншаны мына қылмыстық әрекеттері үшін айыпкер ретінде тергеу астына алынсын, ол: 1). 1921жылы айыпкерлер М.Тынышбаевпен, Х.Досмұхамедовпен бірге Ташкент қаласында қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымын құрған, ол ұйымның бағдарламасын жасауға қатысқан, ұйымды кеңейтіп, оның бағдарламаларын тарату үшін ұйымға жаңа адамдар тартқан, мысалы 1922 жылы Алматы қаласында айыпкер Біләл Сүлеевті ұйымға тартқан.
2) Ұйымның жетекші мүшелерінің бірі ретінде Бұқарадағы басмашылардың құрбашы Заки Валидовпен байланыс орнатқан, сондай-ақ 1927 жылы Сарысу ауданындағы Әділевтің бандысымен астасып, Ақмола млициясының бастығы мен тағы бір милиционерді 1923-жылы атып өлтіргені үшін ұсталған бандының бастығы Әділев Байсейітті Қызылордадағы түрмеден босатып жіберуге қатысқан.
3) Астыртын ұйымның жетекші мүшесі ретінде партия мен кеңес өкіметінің жер саясатын бұрмалауға бағытталған науқанға белсене қатысты, сондай-ақ 5 партконфернция мен Қазақстандағы кеңестің 5-сьезінде жерге орналастыру мәселесінің шешілуіне қысым жасады, астыртын ұйымның бағдарламасының талабы бойынша «Алқа» астыртын үйірмесінің әдеби бағдарламасын жасауға қатысты, яғни: ҚК-нің 58-7, 48-10, 58-11 және 57-3 баптары мен тармақтары бойынша жауапқа тартылсын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет