Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие



бет2/2
Дата02.05.2020
өлшемі17,79 Kb.
#65425
1   2
Байланысты:
Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие

«жалғыз ағашты жұлма» деп өсіп тұрған ағашқа тигізбеген . Қазақ халқының жер,су туралы ұғым түсініктерінде «Обал болады» деп егінді шалғынды жерді беталды бастырмаған.Ағын судың арамдығы жоқ деп, суға түкірткізбеген,«судыңда сұрауы бар» ағын суды бұрғызбаған. « Сиырдың, қойдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяқпен басқызбаған.

« Сәулең болса кеуденде,мына сөзге көңіл бөл» деп Абай атамыз айтқандай жас ұрпаққа экологиялық білім беруде қазақтың тәрбиелік мәні жоғары мақал-мәтелдерін орнымен қолданып отырсақ ,біраз нәрсе күтуге болады.

Халық сөзі-қысқа болса да-нұсқа.Ол талқылауға да,делелдеуге де мұқтаж емес.Демек,халық сөзі-кең сөз,үлкен кішіге-тең сөз. Міне, осының өзінен-ақ халық педагогикасының қаншалықты терең мазмұнды екендігі көрінеді.Халық даналығы бала тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың имандылық пен мейірімділікке толы ой-пікірлерін шоғырландырып,бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін кейінгілерге мирас есебінде қалдырып отырды.

Қазақ халқының ежелгі мақалы-« Су бар жерде өмір бар »дейді. Бұл мақал өзен,көл,жылға,бұлақ,қайнар су көздерін адам өзі ұдайы қамқорлыққа алып,қорғап отыруы қажет екендігін еске салады.Атам заманнан судың табиғаттағы,адам өміріндегі маңызы зор екендігін, сусыз тіршілік болмайтындығын,судың орнын басқа ешқандай затпен алмастыруға келмейтіндігін білген бабаларымыз көптеген нақыл сөздер қалдырған.Мысалы: «Сулы жер-нулы жер» «Су ішкен қүдығыңа түкірме».Табиғаттың басқада байлықтарына қамқорлықпен қарап кеткендігін байқауға болады.«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын»,«Бір тал кессең он тал ек»,«Жер-байлықтың көзі»,

«Орман-ел дәулеті-жер сәулеті», «Туған жердің топырағы ыстық».Міне осындай даналық сөздерді көптеп келтіруге болады.Ежелден мал өсірумен айналысқан қазақ төрт түліктің қасиетін айта келіп,малды қастерлеп ,қорғауғада біраз нақыл сөздер айтып қалдырған.Осындай даналық сөздер ,ойлы пікірлерді экологиялық тәрбие беруде қолданса жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін көтеруде таптырмайтын бірден-бір құрал.

Мектептегі жас ұрпақ келешек ауыл шаруашылығын суландыруда құрылыстарда кең байлықтарын игеруде т.б.экологиялық ортаны өзгертуге байланысты жұмыстармен шұғылданатын болады.Осындай халық шаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстар жүргізгенде экологиялық жағдайды сақтауда ұмытпаулары керек.Тек осы жағдайда ғана еліміздің табиғатын және табиғи байлығын сақтап қаламыз.

Қазақ халқының ежелден құстарды,жан-жануарларды,жер,суды қадірлеп,аялай білгендігін мынадан көруге болады.Қазақстанда Құндызды, Құланды,Арқарлы,Аюлы т.б. жер аттарының қойылуы аңдарды қасиет тұтудың белгісі.

Ардақты азаматың, асқар тауым,шалқар көлім,қара орманым деп қастерлеген.Сұлулықты,нәзіктікті-аққуға, мөлдір бұлаққа,батылдықты ,батырлықты-қыранға балаған.Сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке,шынарға,құралайға теңеген.Міне ұлан байтақ кең далада мал бағып ұзақ күндері табиғат құшағында мал күзетінде өткізген қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін қазіргі жас ұрпақтың санасына жеткізе алсақ алдағы уақытта табиғатымыз күйзеліске көп ұшырай қоймас деп тұжырымдауға болар еді,

Бүгінгі экологиялық тәрбиені халықтық педагогикамен ұштастырған кезде өткен ғасырда өмір сүрген бабаларымыздың педагогикалық көзқарастағы идеяларын пайдалануға болады.

Мысалы:ХI ғасырда өмір сүрген ұлы бабамыз Жүсіп Баласағүнидің әйгілі «Құтты білік» дастанында табиғатты ардақтау меселесіне тоқталған. Ұшы қиырсыз сайын даланың шалғынды көлі мен өзен-суын еркін жайлап,табиғаттың тылсым тынысын тындап,одан өз ырысын тауып,өзін сол табиғаттың ерекше бөлігіндей сезінген,көне түріктер аспанды,жер бетіндегі тіршілікке нұрын дарытқан-Ата,ал жерді сол тіршілікті тербетіп өсірген-Ана ретінде қасиет тұтып сиынған-дейді.

Табиғат-сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі.Сондықтан да ол эстетикалық тәрбие берудід ең маңызды құралдардың бірі.Ал бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасатын табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қазір жас ұрпаққа табиғатты қорғау жайлы әңгіме айтылғанда жергілікті жерде,өздері күнде кездестіріп жүрген өсімдіктерімен жан-жануарларының емдік қасиеттері айтылса,оларда көзқарас басқаша қалыптасады, Мысалы:

адыраспан шөбін ревматизм,сал,ми қабыну ауруына,аскөкті іш ауру-

лары,бүйрек бауыр,тыныс жолдарының қабынуына,бақ-бақты көз

ауруына,тамақ,асқазан,өкпе ауруына т.б.пайдалануға болады.Сол

сияқты торғай,сауысқан,қара құмырсқа,жауын құрты,кірпі,т.б.емдік

қасиеттерін айтып түсіндіруге болады.

Экологиялық білімді жаратылыстану пәндерінде өсімдіктану, жануартану, география-химия сабақтарында беруге болады.Сабақтан тыс уақытта тақырыптық кештер,апталықтар,ата-ана мен бірлескен сайыстар,халықтық мерекелерді экологиялық тақырыпты халықтық педагогикамен байланыстыра жүргізсе нөтижелі болмақ .

Экологиялық проблемалардың қалыптасу кезінде,оқушылардың өз

бетінше жұмыс істеуіне ынталандыратын әдістер ерекше орын алады .

Әрбір сабақта экологиялық тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп отыру

нәтижесінде оқушылардың табиғат қорғаудың мәні жайлы түсініктері

молая түседі,азаматтық жауапкершіліктері,борышы қалыптасады.Табиғатты ластану мен құрып кетуден қорғаудың әдістерін үйренеді.Қазіргі жас ұрпаққа экологиялық білім үздіксіз беріліп отыруға тиіс.Өйткені ол қоғамды дамытудың қажеттілігі.Ұлттық психология бала санасына сіңіре білгенде ғана табиғаттың қадір қасиетін бағалайтын,

жер,су,ауаны ластауға,қиянат жасауға жол бермейтін,өз халқының



болашағын ойлайтын адамгершілігі мол азамат тәрбиеленеді.Кіндік кескен жер әрбір саналы,зиялы адамға қымбат.Ендеше ата-бабамыздың аялап қорғап кеткен табиғатын жерін,суын атадан балаға,ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде қаз-қалпында жеткізіп отыру-баршамыздың абзал борышымыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет