Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


«Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі»



Pdf көрінісі
бет5/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
«Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» 
атты конференция қатысушылары, қымбатты әріптестерім!
Астанаға келіп, сіздермен қуанышты сәттерді бөліскім-ақ келді. Алайда Түркі Әлемі 
Конгрестері уақыты бір-бірімен сәйкес келгені үшін Астанаға келе алмадым. Десе де, 
осы бейнебайланыс арқылы өзімнің кейбір ой-пікірлерімді сіздермен бөліссем деймін.
Осы жиында мен сіздерге Көктүрік әліппесі туралы ақпарат бермекшімін. Кезінде 
Азияның  әр  бұрышында  орын  алған  тасқа  қашалып  жазылған  таңбаларды  оқып 
түсіну мүмкін емес еді. Бұл мәселе Даниялық оқымысты Вилгельм Томсеннің 1893 ж.                             
25  қазанда  ашқан  жаңалығымен  шешілгендей  болды.  Ол  ғылыми  жаңалағын  1893 
ж., 15 желтоқсанда Дания Ғылым академиясы қабырғасында бүкіл дүниеге паш етті. 
Соның арқасында қазіргі уақытта ұзын саны 800-дей болатын тасқа қашалып жазылған 
руна таңбалы мәтіндер кәсіби тіл мамандарының оқуы мен талдауының объектісі бол-
ды. Ол Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөктің 38 руна әріптік  ескерткіші еді. 
Аталмыш руна жазуына «Классикалық түрік әліпбиі» атауы берілді. Уақыт өте келе 
Білге қаған мен Күлтегін әліпбиіне Тоныкөктегі бірнеше түрі қосылды. Азияның кең 
аумағында орналасқан жәдігерлер бір-бірінен айырмашылық көрсеткені үшін таңба 
саны да артып отырды. Қазір ұзын саны 225 ірі ескерткіште руна жазуы 26-дан 64-ке 
шықты. Сондықтан да Көктүрік әліпбиінен айырмашылығы байқалған жаңа таңбалар 
мен дыбыстарға байланысты «Көктүрік тарихының мәселелері» атты кітабымда ар-
найы тоқталып өттім. 
1990  жылы  Оңтүстік  Енисей  өңіріне  жасалған  ғылыми  экспедиция  нәтижесінде 


8
қазіргі күнде белгілі ескерткіштер тысында үшінші топқа енетін басқа 22-ден астам 
жәдігер табылды. Бұл ескерткіштердің қандай да бір транскрипциялық нұсқасы не-
месе оқылу тәртібі анықталмады. 
Ғылыми  ортада  бұл  ескерткіштер  «Оңтүстік  Енисей  Әліпбиі»  деп  аталады.  Бұл 
бағытта  Ресейде Игорь Кызласов еңбек етсе,  Қазақстанда жас ғалым, талапты інім 
Нәпіл Базылхан өз зерттеулерін жүргізуде. И.Кызласов 57-ге жуық рунаның 14-ін Ени-
сей және классикалық руна таңбаларымен сәйкестігін анықтап, қалған ескерткіштердің 
тілдік және дыбыстық ерекшеліктерін таба алмағандығын айтады. 
Тілдік белгілері анықталмаған жәдігерлердің саны Орта Азияда жүргізіліп жатқан 
ғылыми экспедиция нәтижесінде одан әрі арта түсуде. Бұл тұрғыда түркітанушылар 
ізденіс үстінде екендігі белгілі. 
Сондықтан  бабаларымыздың  қазіргі  тілмен  айтқанда,  «Классикалық  көктүрік 
әліпбиі», «Енисей әліпбиі» және «Оңтүстік Енисей әліпбиі» түрлерін қолданғандық-
тарын анықтай аламыз. Осы жерде құрметті әріптесім Ерден Қажыбектің «маған ауыз-
ша айтқаныңызға тоқталып өтсеңіз» деген өтінішіне тоқтала кетсем деймін. Тоныкөк 
таңбасы «б » таңбалы болып келеді. Яғни «бана», «бені» дыбысталуы сияқты. Вил-
ли Банг Кауптан бері, Вилли Банг Кауптың атауы бойынша «Көктүрікшеден Осман 
тіліне дейін» атты кітабында Тоныкөк есерткішін Оғыз тілі ескерткіші деп атайды. 
Ал осы ескерткіштің 500 шақырымдық маңайында табылған Күлтегін мен Білге қаған 
ескерткішінде кездесетін тәуелдік/жіктік жағаулар «м », яғни «мен»,«маған», «мені» 
ыңғайында  кездесіп,  олар  қыпшақ  тілі  элементтерінің  ізі  екендігінің  көрсеткіші 
ретінде танылады. 
Енді  бір-екі  ауыз  отбасы  әулет  арасы  деректері  туралы  тоқталып  өтсем  деймін. 
Көктүрік  Қағанатының  Қытай  деректеріндегі  оқылуы  «Ачина»  немесе  «Асе-
на  қағандығы»  ретінде  айтылатыны  белгілі.  Мұны  «Көктүрік  бөрілері»,  «Бозқұрт 
оғылдары»  ретінде  аударма  жасап  келді.  Алайда  сол  қытай  деректерінен  басқа  да 
ерекшеліктерді байқай аламыз. Мысалы, «Ачина қағандығының» өкілдері өздерінің 
қалыңдықтары  ретінде  қытай  деректерінде  «ажете»  деп  көрсетілгеніндей  «Ажете 
қағандығынан» қыз алады. Ажете қағындығындағы екі қыздың бірі – Құтлық, яғни 
Елтеріс Қағанға күйеуге шығады. Сіңлісі Тоныкөкпен үйленеді. Одан кейін Тоныкөктің 
қызы әпкесінің ұлы Білге қағанмен үй болады. Сондықтан 716 ж. Күлтегіннің Қапқан 
қағанның ұлы Ил қағанның таққа таласып, жеңіп шығып, мемлекеттік лауазым иелері 
мен сарбаздарды жазалайды. Алайда осы жазалаудан бір кісі дін аман сау қалады, ол 
Білге Тоныкөк еді. Себебі кім болса да әпкесінің күйеуін, яғни жездесін және  жеңгесінің 
әкесін өлтіре алмас еді. Осы себептен Күлтегін Білге қаған ескеркіштері мен Тоныкөк 
жазулары «құс қанаты талатын қашықтық» бір-бірінен  450-480 шықырым жерде орын 
тепкен. 
Әрине,  бұл  тақырыпты  Моңғолия  жеріндегі  басқа  жәдігерлерге  барлау  жасап, 
талдауға болады. Уақыт тапшылығын ескере отырып, шағын құттықтау сөзімді осы 
жерде аяқтамақшымын. 
Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, алқалы ғылыми жиынның пайдалы 
да қызықты өтетіндігіне сенімдімін. 
Барлықтарыңызға зор денсаулық пен үлкен шығармашылық тілеймін!


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет