Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет7/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
Түркітану мәселелері. 
Көне және ортағасыр түркі жазба ескерткіштерінің тілі
ҚОҒАМДЫҚ САНАДАҒЫ ҚҰБЫЛЫС
У. Қалижанов
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры
 «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мемлекеттің болашағы жайында толғамға 
толы, тың көзқарастарға негізделген мақаласы жарияланды.
Қазақ елі аяқ басқан бесінші тарихи дәуірдегі рухани модернизацияны жан-жақты 
байыптаған  мақалада  қайта  түлеудің  екі  маңызды  процесін  – 
с
аяси  реформа  мен 
экономикалық жаңғыруды атап өтеді. 
«Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің 
қатарына қосылу» деп бағамдаған Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы межелі мақсатқа жету 
жолындағы негізгі міндеттер мен басты бағыттарды да белгілеп көрсеткен. 
1991 жылдан бері ұлттық рухани саладағы модернизациялау жұмыстары сан түрлі 
іргелі  жоба,  бағдарлама,  реформалар  аясында  жүзеге  асқан-ды.  Атап  айтар  болсақ, 
Қазақстанның әдебиеті мен өнеріне қатысты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институтының ұжымы 2004 жылғы мемлекеттік «Мәдени мұра», 2013 жылы «Халық 
– тарих толқынында», 2012-2014 жылғы «Ғылыми қазына» бағдарламаларының ая-
сында 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы», 8 томдық «Қазақ музыкасының анто-
логиясы», 3 томдық «Әлемдік әдебиеттану», «Әлемдік фольклортану», 100 томдық 
«Бабалар сөзі» мен 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» серияларын, т.б. іргелі зерттеулерді 
жарыққа шығарды. Әдебиеттен бөлек, тарих, философия, дін, лингвистика, мәдениет 
салалары  да  осындай  тәуелсіздікке,  еркіндікке  арқа  сүйеген  рухани  түлеуді  бастан 
өткізу үстінде. 
Бұған  қоса,  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрі  Ерлан 
Кенжеғалиұлы  Сағадиевтің  жетекшілігімен  «Мәңгілік  ел»  гуманитарлық  платфор-
масы  ғылыми  бағдарламасы  даярланды.  Жұмысшы  тобының  барлық  отырыстарын 
министрдің  өзі  жүргізіп,  сан  алуан  ғылыми  пікірталас  болды.  Өйткені  «Мәңгілік 
ел»  концепциясының  паспортын  жасау  қиындыққа  түспегенімен,  оны  зерделеу 
қорытындыларын  жасау  тұрғысында  пікірталас  та  аз  болмады.  Міне,  осы  тұрғыда              
Ерлан Кенжеғалиұлының принципті мәселелерді шешуде, таласа да, келісе де алатын 
саяси толғамды қайраткер екенін таныдық. Осылай бағдарламаның мақсаты, міндеті, 
оның  заңнамалық  негіздемесі,  бағдарламаны  жасау  қажеттілігі  негіздері,  мерзімі, 
орындалу  формалары,  ғылыми  және  практикалық  мәні,  зерттеудің  жаңалығы  мен 
даму бағыттары, бағдарламаны кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз 
ету жолдары, күтілетін нәтижелері, жобаны жүзеге асыру механизмдері айқындалды. 
Жоба Ұлттық Ғылыми Кеңес тарапынан бірнеше мәрте сараптамадан өтіп, қолдау 
тапты. Кейбір түсіністік таппаған баптар бойынша мәмілеге келу әлі де қажет болар. 
«Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел» деп Президент атап көрсетті. Ендеше 


11
ұлы мақсаттарға ұлттың темір білегі, халықтың ыстық жүрегі, ғалымның терең білімі 
керек. 
Елбасы айтқандай, «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында»
 
атты мемлекеттік 
бағдарламалардың  орындалуы  қамтамасыз  етілді.  Енді  не  істеу  керек?  Еуразия 
құрлығында бес жарым ғасырлық тарихы бар Қазақстан Республикасының тұңғыш 
Президенті осындай күрмеуі қиын сауалдар айналасында толғана отырып, тиянақты 
шешімдерді де өзі ұсынады. Алдағы «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден 
озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық 
жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады».
 
Рухани жады 
мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас Ұлт болып, болашаққа қалай қадам басып, 
бұқаралық сананы қалай өзгертуіміз керек?!.
Міне, Н.Ә.Назарбаев осы сауалдарға жауап іздейді және ол жолды көрсетеді. 
Биік  сана  мен  тарихи  танымға  негізделген  мақалада  ұлттық  жаңғыру  үшін  ірі-
ірі  бағыттарды  жүзеге  асыру  міндеті  тұрғанын  ескертеді.  Мәселен,  мақаланың               
«ХХІ  ғасырдағы  ұлттық  сана  туралы»  бөлімінде  1.  Бәсекеге  қабілеттілік;  2.  Праг-
матизм; 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау; 4. Білімнің салтанат құруы; 5. Қазақстанның 
революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6. Сананың ашықтығы сынды мазмұндас, 
идеялас басым бағыттарды атаған. 
Н.Ә.Назарбаев  2017  жылғы  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы:  Жаһандық 
бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында да цифрлы технологияға 
негізделген  Қазақстанның  жаңа  даму  моделін  ұсынған-ды.  Осы  орайда  Елбасы 
қазақ  елі  өнеркәсіптік  революцияға  аяқ  басқан  тұста  өркениет  әлемінің  талаптары-
на жауап бере алатын «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және 
конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды жүзеге асыруды тапсырып отыр.  
«Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей, халық, ұлт болып тұтас 
бәсекелік  қабілетті  арттырмаса,  дара  шауып  жетістікке  жету  мүмкін  еместігін  алға 
тартады. 
Ұлтты кері кетіретін кесірлі әрекеттерден, таптаурын стереотиптерден арылтпай-
ынша жаңғыруға бет алу мүмкін емес деген ойды меңзейді Елбасы. Прагматизмнің 
жарқын үлгілерін бабаларымыз қалыптастырған ұлттық құндылықтардан іздегеніміз 
абзал. Яғни, Ұлы далада «Мәңгілік Ел» үшін өз өрнегін салған, ұлттық құндылығын, 
тарихын  жасаған,  жерін  қалыптастырып,  қоғамдық  қатынас  орнатқан  қазақ  халқы 
прагматизмнің озық дәстүрлерін қалыптастырып үлгерді.
«Прагматизм» деп аталған бағытта соңғы уақыттарда мемлекеттің басты байлығы 
–  жерге  деген  күтім-баптаулардың  аздығы  немесе  жетіспеуі  мен  тұрақты  көңіл 
бөлінушіліктің жоқтығын да атап өтті. Бүгінде Арал теңізінің экологиясы ғаламдық 
проблемаға  айналды.  «Біз  жаңғыру  жолында  бабалардан  мирас  болып,  қанымызға 
сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. 
«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдала-
нып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, 
даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз» деп түйіндеді. 
Бұған  дейін  де  «Отан  деген  ұлы  ұғым  бар»,  –  деп  ой  бөліскен  еді  Елбасымыз 
Ұлытаудағы әулие бұлақтың басындағы маңызды сұхбатында. «Өз тарихын білмейтін 


12
және қадірлемейтін халықтың болашағы мүлдем бұлыңғыр» деп ескерткен-ді. «Ескі 
еменнің тамыры терең болмаса, дауылға қарсы тұра алмайды» деген бейнелі жолдары 
да бүгінде сөздік қолданысқа еніп кетті. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  ойтүзер  мақаласының  «Таяу  жылдардағы  міндеттер» 
деп аталатын ІІ бөлімінде атауына сәйкес ұлттық жаңғыру жолында жүзеге асуы тиіс 
бірнеше міндеттерді алға қойды.  Соның бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. 
2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне 
көшуге кірісуіміз керек» деп қалыптасқан мемлекеттің алдағы даму жолдарын көрсетіп 
берді. Ал білім – дамуда, даму  ғылымда. Бұл – әлем мойындаған аксиома. 
Қазақстан  Президенті  соңын  ойлайтын,  алдын  болжайтын  әлемдік  дәрежедегі 
ұлы  саясаткер.  Сондықтан  да  сөйлеген  сөзін  өмірмен,  даму  процестерімен  тығыз 
үйлестіріп отырады. Сондай-ақ, ол әлемдік қоғамдық ойдың қазанында қайнап-піскен 
іргелі әдістер мен тәжірибелерді Қазақстан жағдайына қарай іріктеп, саралап, сарап-
тап пайдаланады. 
Ұлттық  болмыс  пен  ұлттық  сана  өзгерді.  Қазақстан  халқы  Қазақстан  саясаты-
на,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  маңына  топтасты.  Сондықтан  да  президентіміздің                      
2050 жылға дейінгі даму стратегиясында айтылған 2025 жылға қарай латын әліпбиіне 
көшу жөніндегі ұсынысы қоғамда басқа халық өкілдері тарапынан қолдау тапты. 
Қазір әлемнің 112 мемлекеті латын әліпбиін, 48 мемлекет араб әліпбиін пайдалана-
ды деген деректер бар. Кешегі Кеңестер Одағынан түркітектес мемлекеттердің ішінде 
екі-ақ ел: Қазақстан мен Қырғызстан ғана кириллица аясында қалып отыр. Әлемдік 
жаһандану өз заңымен жүріп жатыр. Енді Қазақстан өз қазанын өзі қайнатып оты-
ра  алмайды.  Қазақстан  әлемдік  бәсекеге  түсті.  Тұрақты,  қалыпты  экономикасы  бар 
мемлекеттердің қатарына кірді.
Қазақстандық ірі компанияларды шетелдік мамандар басқара бастады. Қазақстан 
халқының 82 пайызы мемлекеттік тілде сөйлейді, ал 20 пайызы үш тілді қатар меңгерді. 
Ағылшын тілі осылай өмірге де, өндіріске де, қоғамдық қатынастарға да дендеп ене 
бастады. Оның үстіне бірнеше мыңнан астам жас қыз бен жігіт ағылшын тілді мемле-
кеттерде білім алуда.
2025 жылға дейін тұтас бір ұрпақ алмасып шығады. Сондықтанда 2025 жылға дейін 
мынандай мәселелер шешімін табуы тиіс.
Ең алдымен, түркітектес мемлекеттерге ортақ әліпби керек. Мұның негізі бар. Соны 
ресми  бекіту  керек.  Мұндай  жағдайда  Түрік,  Өзбекстан,  Әзербайжан,  Түркменстан 
мемлекеттеріне ортақ әліпби қалыптасады. Әр мемлекет өзіне қажет қосымша дыбы-
старды пайдаланады.
Өзбек  ғалымы,  филология  ғылымдарының  докторы,  тілдерді  математикалық 
тәсілмен модельдеумен айналысатын Бақтияр Каримовтың зерттеулерінде түркітек-
тес халықтарының негізі етіп ұлы Абай, яғни қазақ тілі алынуы тиіс екені баяндалады. 
Ол Махмұт Қашқаридің сөздігі іспеттес, туыстас халықтардың тілін зерттеп, осындай 
қорытындыға келіп отыр. Бұл – қуанарлық жаңалық.
Әдебиет  және  өнер  институтына  Қытай  Халық  Республикасы  Ұлттық  Ғылым 
Академиясының Әдебиет институтының директоры, филология ғылымдарының док-
торы, профессор Хуан Жонхиант өзінің қытай тілінде жазылған «Қазақ фольклоры та-


13
рихы» кітабын сыйлады. Біз латынға көшеміз бе, көшпейміз бе деп жүрсек, Хуан мыр-
за барлық мысалдарды 1929 жылы пайдаланылған латын әліпбиімен қытайшасының 
астына жазып қойыпты. Бар болғаны 26 әріп.
Латын әліпбиі арқылы қазақша мәтінді кез келген мемлекеттің ғалымы оқи алады. 
Салыстырмалы филологияның бір қыры осында жатыр. Сондықтан да латын әліпбиі 
замана сұранысы, жаһандану талабы екенін ұмытпайық!
Кириллицаның орыс мәдениетімен тығыз байланысы арқасында қазақ халқының 
рухани  мұрасы  байыды,  білімнің  барлық  салалары  бойынша  әдебиеттің  бай  қоры 
жасалды.  Алайда  уақыт  керуені  біздің  әліпбидің  кириллицадан  латын  әліпбиіне 
көшу  туралы  мәселені  төтесінен  қойды.  Бұл  түбегейлі  мәселеге  тереңдей  отырып, 
Елбасы  тарихта  бір  кезде  біз  осындай  қадамға  барғандығымызды  атап  өтті.  Біздің 
балаларымыздың болашағы үшін біз осындай шешім қабылдауымыз керек. Бұл біздің 
ғаламдық әлемге енуімізге, біздің балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін 
жетік игеруіне мүмкіндік жасайды және ең бастысы – бұл қазақ тілінің жаңғыруына 
жағдай туғызады.
Латын әліпбиіне көшу қандай да бір өзге тіл мен оның жазуын теріске шығару емес, 
бұл біріншіден, қазақ әліпбиіне реформа жасап, оны жаңғыртуға бағытталған. 
Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы. Латын әліпбиі мемлекеттік тілді дамытуға 
ғана  қызмет  етіп  қоймай,  оны  әлемдік  қауымдастық  қажет  еткен  заманауи  ақпарат 
тіліне айналдырады.
Әрине,  бірінші  кезекте  Ұлы  Абай  шығармалары  латын  әліпбиінде  оқырманға 
жол тартуға тиіс. Латын әліпбиі қабылданысымен Мұхтар Әуезовтың «Абай  жолы» 
эпопеясын  пилоттық  жоба  ретінде  шығарып,  мектептерге,  колледждерге,  институт-
тар мен университеттерге таратылып, конференциялар ұйымдастыру қажет. Осылай 
2025 жылға дейін жан жақты ғылыми, методикалық, ақпараттық және технологиялық 
сынақтар өткізіледі. Сондықтан да бұл мерзімде тиісті кадрларды дайындауға, латын 
әліпбиін еркін меңгерген ұрпақты дайындауға толықтай мүмкіндік береді.
2017 жылдың аяғына дейін қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, «қазақ әліпбиінің 
жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау» мен «2018 жылдан бастап 
жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды 
дайындауға кірісуіміз» қажеттігін Елбасы қадап айтты. Сонымен қатар «2025 жылға 
қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен ба-
сып шығара бастауға тиіспіз». 
Мақаланың екінші бөлімінде алдағы уақытта қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар 
бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атауымен жаңа 
жобаны қолға алу міндеті тұр. 2018-2019 оқу жылында отандық студенттер филология, 
философия, саясаттану, мәдениеттану, психология сынды ғылым салалары бойынша 
дүниежүзінің ең таңдаулы, үздік, әбден сыни сүзгіден өткен оқулықтарымен оқи ба-
стауы тиіс. Ол үшін 2017 жылдан бастап Ұлттық аударма бюроларын қалыптастырып, 
үздік аудармашы мамандар тәржімамен айналыса бастауы тиіс. 
Мақаладағы  оқулық  шығару  міндетінің  бір  ұшы  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет 
және өнер институтының ұжымына келіп тіреледі деп айтуға болады. Қазіргі таңда 
көптеген жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары кеңестік оқу әдістемесінен 


14
шыға алмай отырғанын уақыт өзі дәлелдеді. Оның бір мысалы – гуманитария саласын 
тәмамдаған білімгердің дипломды алғанымен дер кезінде жұмысқа орналаса алмауы. 
Өйткені  ескі  әдістемеге  негізделген  оқу  құралдарының  қазіргі  нарықтық  қоғамның 
талап-үдесінен шыға алмауы осыған себеп болып отыр. Қазір студентке ұзақ-сонар 
дәріс оқудың орнына, оның сыни ойлау қабілетін дамытуды көздегеніміз дұрыс. ХХІ 
ғасырда  логикалық  ойлау  танымы  терең  адам  ғана  жетістікке  жылдам  жете  алмақ. 
Шетелдік зерттеушілердің пікірі де осыны қуаттайды.  
Осы  уақытқа  дейін  рухани  салада  сан  алуан  классикалық  мәдениет  үлгілері  жасал-
ғаны  айқын.  Алайда  баға  жетпес  үздік  туындыларды  өз  ішімізде  жоғары  деңгейде  та-
нып, насихаттағанымызбен, әлем халқы бейхабар жатады. Аталған мақаласын да Елбасы  
Нұрсұлтан  Әбішұлы  2017    қазақ  деген  Мәңгілік  елді  дүние  жүзіне  таныта  алатын 
әдеби, мәдени жауһарларды сұрыптап, оны өзге елдерге таныту мақсатын алға қойып 
отыр.  Осы  жолда  «Жаһандағы  заманауи  қазақстандық  мәдениет»,  «Қазақстандағы  
100 жаңа есім» сынды мәдени жобаларды ұсынып, елдің рухани жәдіргелерін сақтап, 
насихаттау міндеті туындайды. 
Қазақстанның «Киелі жерлерінің географиясын» жасау елтаным ғана емес, мәдени-
тарихи  орындарымыздың  көркеюіне,  туризмнің  дамуына  жол  ашатыны  сөзсіз.  Ал 
«Жаһандағы  заманауи  қазақстандық  мәдениет»  жобасы  ұлттық  әдебиетіміз  бен 
өнеріміздің  озық  үлгілерін  зерттеуге,  жариялауға  мүмкіндік  береді.  Осыған  орай, 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  ғалымдары  100  томдық 
авторлық  әдебиетті  шығару  жобасын  жасамақ.  Оған  би-шешендеріміздің,  сал-
серілеріміздің,  жазба  ақындарымыздың  мұрасын  кіргізу  жоспарланған.  Бұл  ұлттың 
рухани танымын өсіріп, «Мәңгілік ел» плаформасының қалыптасуына жол ашпақ. 
Жақында  ғана  британдық  «The  Independent»  басылымы  197  елдің  әдебиетшілері 
кірген  әлемнің  әдеби  картасын  жариялады.  Қазақстаннан  ұлы  Мұхтар  Әуезов 
өзінің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясымен  осы  әдеби  картаға  еніп  отыр.  Сондықтан 
да  «Қазақстандағы  100  жаңа  есім»  жобасына  заманымыздың  сөзін  айтып  жүрген 
қайраткерлер мен әдебиет пен өнердің озық тұлғалары туралы зерттеулер жасау қажет. 
Мұны ҰҒА, Қазақстан Жазушылар одағы, басқа да шығармашылық одақтармен бірлесе 
отырып, әуелі тізімдеп, сонан соң жариялауға болады. Гуманитарлық ғылыми-зерттеу 
институттары ғалымдарының «Ұлы дала тұлғалары» сериясын жазудағы тәжірибесі 
бар. Сондықтан да бұл жобаны жүзеге асыру қиынға соқпайды. 
Қорыта келгенде, жаһанданудың дендеген кезеңі – ХХІ ғасырда ұлттық құндылықтар 
мәселесін  гуманитарлық  ғылымдар  саласында  қолға  алу  –  басты  трендке  айналып 
отыр.  Экономика,  саясат,  мәдениет,  технология  салаларын  тұтас  дамыту  реформа-
лары салтанат құрған өркениет дәуірінде жаһандану нәтижесінде ұлттық бірегейлік 
пен  этностық  бірізділіктің  жойылып,  жұтылып  кету  қаупінің  алдын  алу  процесі 
үзбей  жүргізілуі  тиіс.  Сонда  ғана  ұлттың  әдеби,  мәдени,  тарихи  үлгілері  барынша 
әлемдік деңгейде насихатталып, көрсетілетін болады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты жаңа көзқарастарға негізделген мақаласы 
осындай ұлттық жаңғыруға жол салады. Және ол ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының 
санасына әкелген құбылыс болды. 


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет