Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


мән-а  деген өлең жолында  мән  сөзінің инверсиялануы осыны көрсетеді. Бұл жерде  мән  есімдігіне  а



Pdf көрінісі
бет51/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
мән-а
 деген өлең жолында 
мән
 сөзінің инверсиялануы осыны көрсетеді. Бұл жерде 
мән
 есімдігіне 
а
 элементін 
жалғауы арқылы оны баса көрсету әрекеті екі еселеніп тұр» [6].     
Бұл  орайда 
мана,  сана
  тұлғаларының  этимологиясына  берілген  профессор 
Р.Сыздықтың тұжырымы шындыққа жанасымды сияқты. Себебі 
са, сан, сана
 сөздері 
бір түбірден өрбісе, 
мана
 тұлғасы туралы не деуге болады? Бұл тұлғаның тілімізде 
болғанына жоғарыдағы дәйектер дәлел бола алады. Сонымен қатар бұйрық рай туды-
ратын -
а
 формасы жоқ екені белгілі. Әрі мағыналық жағынан да, қызметі тұрғысынан 
сипаттағанда да, 
сана, мана
 тұлғалары әу баста І, ІІ жақ тұлғалы жіктеу есімдіктерінен 
өрбігені байқалады. 
-
а
 қосымшасының көне түркі тілінде, әсіресе Енисей жазбаларында мен, сен жіктеу 
есімдіктеріне ғана емес, басқа да тұлғаларға (есімдерге де 
(äzisim-а, äzis-а)
, етістіктерге 
де 
(kadašyma kinime adyryltym-a
 (Е 10, 12); 
sizimä küna aja azydym-a
 (E 11, 1); 
оrunumig 


110
karamyg azydym-a
 (Е 11, 3); 
jeti  böri ölürdim-a
 (Е 11,10); 
barsyg kökmäkig ölürmädim-a 
(Е 11, 10) т.с.с. жалғанады. Бұл дәйектер де -а қосымшасының назар аудару, күшейту 
мәнін үстейтінін айғақтайды. Бұл орайда Ы.Маманов төмендегі тұжырымдары әбден 
құптарлық:  «Тілдің  грамматикалық  құбылыстары  қалыптасқан  жүйеге  негізделеді. 
Қай тіл болмасын олардың грамматикалық құбылыстарды қалай болса солай, кез кел-
ген дыбыстардың жиынтығынан немесе кез келген сөздердің тобынан құрала бермейді. 
Әрбір грамматикалық құбылыстың тұрақты қалыптасқан жүйелі тәртібі бар. Әрине, 
грамматикалық құбылыстардың қалыптасқан жүйелі тәртібі әр тілде әр басқа. Түркі 
тілдерінің  грамматикасының  қалыптасқан  жүйелі  тәртібін  морфология  тұрғысынан 
сөз таптары, түбір сөздердің тұлғалары мен сөз таптарының грамматикалық формала-
ры белгілейді. Синтаксистік тұрғыдан, сөздердің бір-бірімен байланысу амалдары мен 
байланысу формалары, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орын тәртібі 
белгілейді [7, 125].  
Грамматикалық категорияларда ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері көрініс таба-
ды.  Морфологиялық  категорияларда  ұлттық  болмыс,  ұлттық  дүниетаным,  адамдар 
арасындағы қатынас айқын көрінеді.  Морфологиялық бірліктердің когнитивті қызметі 
ойлау үдерісімен, ұлттық ділмен, ақпаратты өңдеу, сақтау, жіктеу ерекшеліктерімен 
байланысты  болады.  Белгілі  бір  этнотілдік  қауымдастықтың  мәдениеті,  білімі  мен 
тәжірибесі  тілде  көрініс  тауып,  менталитет  түзеді.  Білім  қоры  тіл  семантикасында 
көрініс  тауып,  белгілі  бір  тілдік  ұжымның  ұлттық,  мәдени  тәжірибесін  көрсетеді. 
Қазақ  тіліндегі  жақ  категориясының  анайы/сыпайы  түрге  жіктелуі  ұлттық  ділдің, 
ментальдылықтың көрсеткіші болып табылады. Морфологияға идиоэтникалық сипат 
тән болғандықтан, морфологиялық жүйе тілдің өзіндік ерекшелігін танытады.
Сонымен,  тілдік  семантиканы  зерттеу  арқылы  халық  түзген,  тіл  иесі  субъект 
жасаған ғаламның тілдік бейнесін қалпына келтіруге  (реконструкциялауға) болады. 
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеу арқылы қазақ тіліндегі грамматикалық 
тұлғалардың  қалыптану,  тұрақтану  жолын,  халықтың  адамның  когнитивті  (таным) 
тәжірибесі мен ғаламды  түйсіну тәсілдерін,  ойлау құрылымдарының (концепт, кон-
цептуалды  жүйелер  мен  категориялар)  қалыптасуын,  тілдік  құрылымдарға  (тілдік 
таңба  мен  категорияларға)    жіктелу  ерекшеліктерін  анықтауға  болады.  Этнос  үшін 
ерекше маңызды, ұлттық кодтың негізі болатын категорияларды ғаламның концепту-
алдануы тұрғысынан қарастырудың мәні зор. Бұл морфологиялық категориялардың 
ерекшелігі мен қолданысын сипаттап, оған негіз болған концептуалды құрылымдарды 
анықтауға,  сол  арқылы  морфологияның  концептуалды  кеңістігінде  көрініс  тапқан 
тілдің концептуалды жүйесін сипаттауға мүмкіндік береді. 
Әдебиеттер:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы:  Ғылым, 1999. – 581 б.
2. Гузев В.Г. О функциональных особенностях родительного и винительного паде-
жей в староанатолийско-тюркском языке //Востоковедение: филологические исследо-
вания. – Вып.18. – Л., 1976. - С. 8-12.
3. Байтұрсынов А. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. 
– 3-том. – 384 б. 


111
4.  Гаджиева  Н.3.  Основные  пути  развития  синтаксической  структуры  тюркских 
языков. – М., 1973. – С. 50.
5.  Тұрышев  А.  Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары  тілінің  әдеби  тілге  қатысы:  оқу 
әдістемелік құралы. – Павлодар: Кереку, 2009. - 74 б.
6. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп‚ 1988. – 264 б.
7. Сыздық Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. – Алматы, 2009. 
8. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 488 б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет