Халықаралық жүзу федерациясы


ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата23.05.2023
өлшемі212,02 Kb.
#177436
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20221215-WA0005.
9-сынып тжб 4-тоқсан 2021, Манифест, Курсовая Константинова , массаж 3 курс, Дзюдоның дамуы мен шығуы (2)
ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 
2.1 Суда жүзу түрлері мен техникасы 
 
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда 
жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам 
іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге 
болса да қиынға соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу 
суға бара жатса, оны құтқара да біледі.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді 
де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның 
әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем 
көрінеді. 
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең 
дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, 
жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері 
мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және 
теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен 
және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес 
бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ 
олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Жүзу – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін нығайтып, 
өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Жүйке жүйесін бекітіп, 
адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді 
емдік амал ретінде ұсынады. 
Жүзу түрлері 
Кроль (ағылш. crawl — еңбектеу, жер бауырлап еңбектеу) - дененің сол 
және оң бөліктері алма-кезек есу жасайтын етпеттей жүзу стилі. Жүзудің ең 


10 
жылдам тәсілі болып табылады. Еркін стильді жүзу жарыстарында 
спортсмендердің көпшілігі крольді таңдайды, сондықтан «еркін стиль» мен 
«кроль» іс жүзінде синонимге айналып кеткен. 
Крольше жүзгенде жүзгіштің қолдары оның денесін ось бойынша бойлай 
ессе, аяқтары да кезек-кезек көтіріліп-түседі. Жүзгіштің беті су ішінде 
болады және есу кезінде дамыл-дамыл дем алып тұру үшін бұрылып тұрады. 
Брасс (фр. brasse, фр. brasser — былғау, араластыру) — қолды судан 
шығармай су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында қол және аяқпен 
симметриялы есіп жүзудің түрі (әдісі).
Дельфин немесе Баттерфляй (ағылш. butterfly — «көбелек») — жүзудің 
техникалық жағынан ең қиындарының және шаршататын түрлерінің бірі. 
Дененің сол және оң жақ бөлігі бір уақытта симметриалық қозғалыс 
жасайтын (қолдар жүзніштің денесін судың үстіне көтеретін кең және мықты 
есулер жасаса, аяқтары мен жамбасы толқын тәріздес қимыл жасайды) ішпен 
жүзу стилі. Баттерфляй — жүзудің ең қиын стилдерінің бірі және жылдамдық 
жағынан крольден кейін екінші орышда тұр. 
Стильдің тарихы 
Алғашында жүзудің тек 3 стилі болған. Олар: еркін стиль, брасс және 
арқамен жүзу. Баттерфляй брассты жетілдіру кезінде пайда болған. Қолдар 
судың бетінде зымырай бастады, сол себептен жүзгіштің қозғалысы 
жылдамдады. Кейін аяқтардың қозғалысын да көбірек табиғиға ұқсатты. 
Жүзу техникасы 
Баттерфляйда жұрыс техника ерекше маңызды. Кроль, шалқалай жүзу 
мен брассқа қарағанда баттерфляйда жақсы жылдамдықты тек физикалық 
күш арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Көп адамдар бар қиындық бұл стильді 
үйренуде жатыр деп ойлайды. Бастаушылар үшін басты қиындық екі қолын 
бір уақытта судың үстінде қайтару мен барлық денесін бастапқы позицияға 
келтіру, сонымен қатар бір уақыттағы деммен жүзу 
Техника қол мен аяқтың синхронды қозғалысынан тұрады. Мұндағы 
негізі рөлді дененің толқын тәріздес қозғалысыорындайды.Бастапқы 


11 
позицияда жүзгіш суда қарнымен жатады, қолдары алға созылған, ал аяқтары 
артқа қарай созылған. 
Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура 
өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді 
болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа 
адам денесіне күшті әсерін тигізеді. 
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді 
де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның 
әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем 
көрінеді. 
Суда жүзудің пайдасы – адамның денсаулығын нығайтады, сонымен 
қатар өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі. 
Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. 
Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай 
спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудің 
мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және 
шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те 
аталады). Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу 
әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. 
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-
қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, т.б. 
Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен 
қолдың қимылы кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй 
әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар бір уақытта бірдей қимылдайды. 
Міне жүзудің осы 3 түрі бойынша әлемдік, Олимпиадалық бағдарламаларға 
негізделген жарыстар өткізіледі. 
Мамандардың төрт апталық зерттеуі барысында бассейнде жүзу кезінде 
адамдардың көңіл күйі 35 пайызға артатындығы анықталған. Сондай-ақ 
ұйқысы жақсарады, күш-қуаты арта түседі. 


12 
Бір апталық зерттеудің өзінде-ақ тәжірибеге қатысушы адамдардың көңіл 
күйі 20 пайызға жақсарғаны байқалды. 
Миннесота Университетінің мамандарының айтуынша, жас кездегі кез 
келген аэробикалық жаттығулар – суда жүзу, жүгіру, велосипед тебу, миды 
қартаюдан сақтайды. 
Бұл жаттығулар ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады. 
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге 
бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы 
жүзу.
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін 
жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс 
атқарылды: 
1. Көпшілікке жүзуді үйрету. 
2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.
Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды 
құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, 
әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.
Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, 
сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға 
көмектеседі. 
Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар 
бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске 
асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. 
Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына 
енгізіледі.
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, 
спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім 
беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу 
жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман 
адамдар өткізуі керек.


13 
Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық 
жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу 
желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен 
жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының 
негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының 
жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы 
спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су 
асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, 
сүңғи білу қажет.
Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу 
(етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде 
дельфин деп те аталады).
Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін 
тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың 
әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның 
денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу 
қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш 
біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының 
төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады. 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет