Хандық дәрежесіне кетерілген тұңгыш қазақ әйелі


Қыздың ата-анасына берілген



бет13/20
Дата07.02.2022
өлшемі75,17 Kb.
#89857
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
13-нұсқа

Қыздың ата-анасына берілген нәрсе

A)Қалыңмал B)Мал-мүлік
C)Жеміс ағашы Д)Бес-алты ешкі Е)Күміс




  1. мәтін




  1. Қазақ - күнлелікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе

малын ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе, Көшіп- қону үшін жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік - туйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер»,
«Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтан түседі.

  1. Түйенің жүні меи терісі - киім, сүті – сусын, еті - ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан,

«шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл

шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе қүндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.

  1. Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтустік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Туйенің шығу тарихы. Туйелер - ірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда есірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер -

шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қалталған. Сондықтан бұл жануарларды
контабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүиелді жерлері ыстық құмның
әсерін сезбейді. Осыған байланысты туйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді.

  1. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген, Сондықган халык туйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр өркешті түйенің қолга уйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті

түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы туйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Моңғолиянын Гоби шөлінде ғана
сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Туйенің пірін -
«Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет