Хаттама №9 «Еңбек орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 9А сынып оқушыларының ата-аналары арасында онлайн режимінде жиналыс болып өтті



Дата12.09.2020
өлшемі16,53 Kb.
#78085
Байланысты:
ата аналар жиналысы хаттама
МИ-20-31, Дарис 7-Электр кауипсиздиги.docx, 2.1

Хаттама № 9

 

«Еңбек орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 9А сынып оқушыларының ата-аналары арасында онлайн режимінде жиналыс болып өтті.



12.05.2017 ж.

Жалпы оқушы саны – 28

Қатысқаны – 28 ата-ана

Күн тәртібінде:

  1. «Қауіпсіздік ережелері» туралы. Жаз айларындағы каникул күндерінде қауіпсіздік техникасы шаралары бойынша нұсқаулықпен таныстыру.

  2. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды:

1- сұрақ бойынша  сынып жетекші Ашкеева Алуа сөз сөйледі. Қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықпен таныстырды. Оқушылардың жаз айларында, демалыс күндерінде өмір қауіпсіздігі жауапкершілігі ата-анада екендігін қатаң ескертті: «Жаз мезгілінде балалардың көпшілігі өз уақыттарын таза ауада өткізеді. Демалыс толыққанды, ал ол туралы естеліктер тек қана жағымды болу керек. Дәл солай болу үшін, ата-аналар демалыс орындарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы ұмытпауы керек. Сол ережелер туралы балаларға да айтулары тиіс. Егер сіз бүкіл отбасымен табиғат аясына демалуға баруды шешсеңіз, сол жерлердегі қауіпсіздік ережелерімен танысып шығыңыз. Балаларға оларға қандай қауіп төнуі мүмкін туралы айтып беріңіз. Балаларының үйде және демалыс орындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналардың міндеті. Жыл мезгіліне қарамастан қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері әрдайым сақталуы тиіс. Жазда баланың жарақаттану ықтималдығы көп. Жарақаттанудан қорыққандықтан, су жағалауында немесе орманда демалу сияқты өз мүмкіндіктеріңізден бас тартпаңыз. Тек қана жүріс-тұрыстың белгілі бір ережелерін ұстаныңыз, сонда ғана сіздің демалысыңыз қайғылы жағдайға әкелмейді. Ересектердің қарауынсыз балалардың сіріңке ұстауына, от жағуға жол бермеңіз. Мұны істеудің қауіпті екендігін түсіндіріңіз

Сіздің жүріс-тұрысыңыз балаңыздың үйде және көшеде тәртіпті болуына үйретеді!

Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз! ТЖ кезінде жедел құтқару қызметтерін шақыртатын «101» және «112» нөмірлерін балаларыңызбен бірге жаттаңыз. Әрбір бала мұны білуі керек». Сонымен бірге, сынып жетекшісі қауіп туындататын барлық объектілерді атап берді: су, өрт, климат, зілзала, тасқын, сел, техногендік апаттар, улы жәндіктер, жануарлар, т.б. – қауіп төндірушілер ретінде анықталды.



2-сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың қашықтықтан оқытудағы жетістіктері туралы айтты. Оқушылардың дистанциялық сабақтағы белсенділігі туралы айтылды. Сынып жетекшісі түрлі ата-аналар сұрақтарына жауап берді.

Жиналыс қаулы етеді:

  1. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын, қауіпсіздік ережелері қатаң басшылыққа алынсын, оқушылардың өмір қауіпсіздігі жаз айларында ата-аналары мен қамқоршыларына жүктелсін.

  2. Оқушылардың дистанциялық сабаққа белсенді қатысуын ата-аналар бақылауға алсын.


Ата-аналар комитетінің төрайымы: Жексебаева Армангүл

Хатшы:   Ашкеева Алуа

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет