Хаттама хаттама


Хаттаманың мәтіні 2 бөліктен тұрады



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#92988
1   2   3   4
Байланысты:
Хаттама
user file 5ab7b72aaad41

Хаттаманың мәтіні 2 бөліктен тұрады:

  • Кіріспе бөлік.
  • Негізгі бөлік.

Негізгі бөлік:

Негізгі бөлік:

  • 9. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет.
  • 10. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет.
  • 11. Дауысқа салу.
  • 12. Қабылданған қаулы / (шығарылған шешім) туралы мәлімет.
  • 13. Төрағаның және хатшының қолдары.

Кіріспе бөлік:

  • 1. Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы.
  • 2. Құрылымдық бөлімшенің атауы.
  • 3. Құжаттың тақырыбы.
  • 4. Құжат нөмірі мен құжат атауы.
  • 5. Отырыстың (мәжілістің, жиналыстың) өткізілген орны мен күні, айы, жылы.
  • 6. Мәжіліс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет.
  • 7. Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет.
  • 8. Күн тәртібі.

Үлгі

  • 1. Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы. Мекеменің атауы және өткізіліп отырған шара түрі ісқағазының ортасына жазылады. Мысалы,
  • Халықаралық Бизнес Академиясы,
  • Қаржы-экономика факультеті,
  • Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
  • 2. Құжат нөмірі мен құжат атауы. Жаңа жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен құжат нөмірі мен атауы жазылады. Мысалы,
  • №7 ХАТТАМАСЫ
  • Хаттамалар күнтізбелік жыл бойынша нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. Оқу орындарының хаттамалары күнтізбелік жылдан бастап емес, әр оқу жылының басынан бастап нөмірленеді.
  • 3. Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен күні. Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мысалы,
  • Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
  • Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын болса, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
  • 2011 жыл, 11-14 қаңтар
  • 4. Жиналыс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет. Жиналысқа төрағалық етуші лауазымды тұлғаның қызметі, аты-жөні жазылады. Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
  • ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева.
  • ХАТШЫ: Гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Ә.С. Қалығұлова.
  • 5. Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет. Жиналысқа қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. «ҚАТЫСҚАНДАР:» деген сөз азат жолдан үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Содан кейін азат жолдан бастап қатысқандардың лауазымы, аты-жөні тізбелеп жазылады. Мысалы,
  • Мәжіліске қатысушылардың ішінде басқа ұйымнан келіп отырғандар болса, олардың аты-жөні, лауазымымен қоса ұйымның ресми атауы да жазылады. Мысалы,
  • А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г.Көбденова.
  • Мәжіліске қатысушылардың саны көп болған жағдайда оларға жеке тізім жасалып, ол хаттамаға қосымша ретінде беріледі. Тізімдегі аты- жөндер әліпби тәртібімен немесе лауазым, дәрежесіне қарай иерархиялық тәртіппен жазылады. Қатысқандар тармақшасында олардың жалпы саны ғана көрсетіледі. Мысалы,
  • ҚАТЫСҚАНДАР: Жалпы саны – 14.
  • Немесе:
  • ҚАТЫСҚАНДАР:
  • Дәлелді себептермен келмегендері – 1.
  • Дәлелсіз себеппен келмегендері – жоқ.
  • Қатысқандардың жалпы саны – 14.
  • «Қатыспағандар» туралы жазғанда мәжіліске олардың қаншауы дәлелді себептермен келмегені немесе дәлелсіз себептермен келмегендігін аты-жөнімен қоса нақты саны көрсетілуі қажет. Мысалы,
  • ҚАТЫСПАҒАНДАР:
  • А.Мүсірәлиева (себепті – іссапарға кетуіне байланысты).
  • 6. Күн тәртібі. Күн тәртібінде сол күнгі мәжілісте қаралатын негізгі мәселелер жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. «Күн тәртібі» деген сөз жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,
  • КҮН ТӘРТІБІ:
  • 1. Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаға қатысуы туралы.
  • 2. Эдвайзерлік туралы.
  • 3. Ашық сабақтар туралы.
  • 7. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Бұл тармақ азат жолдан «Тыңдалды» деген сөзбен басталады. Бұл сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Егер күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралатын болса, олар күн тәртібіндегі нөмірлермен сәйкес нөмірленіп көрсетіледі. Мысалы,
  • 1. ТЫҢДАЛДЫ:
  • 2. ТЫҢДАЛДЫ:
  • 3. ТЫҢДАЛДЫ:
  • Егер күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, онда нөмірленбейді. Мысалы,
  • ТЫҢДАЛДЫ:
  • Әдетте күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе бойынша баяндама жасалатын болса, баяндама туралы қысқа ғана мәлімет үшінші жақ, жекеше түрде жазылып, баяндама мәтіні хаттамаға қосымша ретінде тігіледі. Мысалы,
  • 1.ТЫҢДАЛДЫ:
  • Жиналыс төрағасы Гуманитарлық тілдер кафедрасының меңгеруші- сі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышеваның баяндамасы (Баяндама мәтіні қосымша тіркелді).
  • Сұрақтар туралы мәлімет азат жолдан бастап беріледі. Азат жолдан СҰРАҚТАР: деген сөз қоюлатылған, үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады, одан кейін азат жолдан сұрақ қоюшының аты-жөні, қызметі немесе лауазымы жазылады. Егер бірнеше адам бірнеше сұрақ қоятын болса, әр сұрақ нөмірленеді. Барлық сұраққа жауап беретін баяндамашы болғандықтан, ол адамның аты-жөні қайталанып жазылмайды. Мысалы,
  • СҰРАҚТАР:
  • Н.Ә. Әміреев: ---------------------------------------------
  • Жауап: ---------------------------------------------
  • А.Б. Тұманова: ---------------------------------------------
  • Жауап: ---------------------------------------------
  • 8. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. «ЖАРЫССӨЗ:» деген сөз азат жолдан, үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Жарыссөз күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал екінші мәселе бойынша болса, 2.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, нөмірленбейді, ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары жазылады. Мысалы,
  • ЖАРЫССӨЗ:
  • Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жазылады.
  • 9. Дауысқа салу. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып болған- нан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабыл- дау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,
  • «Иә» деп дауыс бергендер саны – 14
  • «Жоқ» деп дауыс бергендер саны – 0
  • «Қалыс қалғандар» саны – 0.
  • 10. Қабылданған қаулы (шығарылған шешім) туралы мәлі- мет. Жиналыста (мәжілісте, отырыста) күн тәртібіндегі қарас- тырылған мәселелер бойынша шешім шығарылады немесе қаулы қабылданады.
  • Қажет болған жағдайда: қаулы немесе шешім мәтінінде нақты не істеу керектігі, яғни оған жауапты қызметкердің аты-жөні және орындау мерзімі көрсетіледі. «ҚАУЛЫ» және «ШЕШІМ» деген сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жолдың ортасына жазылады. Мысалы,
  • ШЕШІМ:
  • Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке жүктелсін.
  • Хаттаманың шешімі «жүктелсін», «ұсынылсын», «қаралсын», «қанағаттандырылсын», «қабылдансын», «шығарылсын» деген бұйрық райда жазылады.
  • 11. Төрағаның және хатшының қолы. Хаттамаға мәжілісті жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хатшы қол қояды. Мысалы,
  • Төраға: _________________ Г. Нұрышева.
  • (қолы)
  • Хатшы: _________________ Ә. Қалығұлова.
  • (қолы)
  • ЖАРҒЫ
  • Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мəртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін, басқару, тарату жəне қайта құру тəртібін анықтайды. Бұл құжатты кəсіпорынды ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар дайындайды.
  • Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куəландырады. Содан кейін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Осынау рəсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие болады. Енді акционерлік қоғам жарғысының үлгісін қарастырып көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет