Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет5/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Меккедегі күндер

Ол  кезде  мұндай  таңдау  жасау  құрайыштардың 

өшпенділігін тудыруға жетерліктей себеп. Келген нұр 

арқылы қараңғы дүниелерін нұрландырудың орнына 

мүшріктер атқарылып жатқан істерді ұнатпай, иман 

келтіргендерге  қарсы  әрекет  жасауға  көшті.  айша 

анамыз  сияқты  текті  отбасыдан  шыққан  жандарға 

мұндай  қиындықтар  ауыр  соға  қоймады.  алайда 

әлсіз, пақыр адамдардың жағдайы жүрек сыздататын. 

Исламды  қабылдаған  жарлы-жақыбайларға  әңгір-

таяқ орнатқан мүшріктер жамандық пен дөрекілікте 

алдыға жан салмады. меккенің сол кездегі тағдыры 

азап пен қиындықтарға толы еді.

Жағдай  осы  болғандықтан  айша  анамыздың 

меккедегі  күндері  уайымсыз  өтпеді.  Әсіресе,  Хи-

радан  тараған  нұрға  әкесі  хазірет  Әбу  Бәкірдің  оң 

қабақ  танытқанын  байқағаннан  кейін,  әкесіне  деген 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

18

адамдардың  қарым-қатынасы  да  өзгерді.  сол  кезге 



дейін  есіктерін  тоздырып  әділдік  іздегендердің  өзі 

енді қарсылық білдіріп, өшігіп қарай бастады. 

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сезімтал, жұмсақ жүректі 

адам  еді.  расулалла  мен  сахабалардың  тап  болған 

қиындықтарын көргенде не сырттай естігенде жүрегі 

қан  жылайтын.  Оларды  мұндай  қиындықтардан 

құтқару  үшін  қолынан  келгеннің  бәрін  жасауға  ты-

рысатын.  Осы  мақсатта  құрайыштың  қолында  азап 

шеккен бірнеше құлды азат етіп, ақысын артығымен 

төлеу арқылы оларды меккеліктердің әңгір-таяғынан 

құтқарды. Хазірет Біләл да солардың бірі еді. 

Өмірінің кемелденген тұсында қол жеткізген осы 

байлығын басқаларға да хабарлау үшін дайындалып, 

ештеңеге  қарамастан  оны  меккеліктермен  бөлісуді 

ойлады. Барып осы бір асыл арманын алла елшісіне 

айтқан кезде оң жауап ала алмады. себебі, ол кезде 

иман  келтіргендердің  саны  аз  болғандықтан,  бұлай 

жаһанға жар салып дінді уағыздауға рұқсат бермеді. 

алайда,  Әбу  Бәкір  ештеңеге  қарамастан  Қағбаға 

барып  Құран  оқығысы  келді.  Бәйтуллаһқа  барып 

намаз  оқып,  раббысының  атын  халыққа  бар  даусы-

мен  айтып  жеткізуге  оқталды.  Өтініп  сұраған  соң 

пайғамбарымыз  досының  тілегін  жерге  тастамады. 

Екеуі  бірге  Қағбаға  барып,  намаз  оқып  болған  соң, 

дауыстап Құран оқи бастады. алайда, бұл меккелік 

мүшіріктердің ызасын келтірді. Барлығы аш қасқырша 

жабылып, хазірет Әбу Бәкірді тоқпақтай жөнелді. 

мүшріктердің  соққысы  қатты  тиді.  Үсті-басы 

қанға боялып, жерде қимылсыз жатты. Бет-аузы да-

ладай болғанын көргендер оны өлді деп тастап кетті. 




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

19

Туыстары келіп, үйіне апарған кезде де есін жия 



алмады. сосын қауымының алдыңғы қатарлы адам-

дары Қағбаға барып, «Егер бүгін Әбу Бәкір өліп кетсе, 

кек  қайтармай  қоймаймыз,  тіпті  Утбаны  өлтіреміз» 

деп ант ішті. 

Бұл  жағдайларды  айша  анамыз  да  көрді.  нәзік 

жүрегі сыздады, бірақ шарасыз еді. 

Бір  кезде  әкесі  бірте-бірте  ес  жинай  бастады. 

Кірпігін  зорға  қимылдатып  көзін  ашқан  сәтте:  – 

алланың елшісі қалай? Жағдайы нешік? – деп сұрады. 

Өзі  мынандай  халде  жатып  досының  жағдайын 

сұрағанына анасы таң қалды. 

Жүрегі езілген әжесі Үммү Хайыр қиналып жатқан 

баласының жанынан кетпеді. аузына бір нәрсе салып 

жегізбек  болып,  тезірек  жазылып  кетуін  тағатсыз 

күтті. алайда, қанша күштесе де Әбу Бәкірді райы-

нан  қайтара  алмайтынына  көзі  жетті.  Ол  алланың 

елшісінің  жағдайын  білмей  ештеңе  татып  алмай-

мын  деп  тұрып  алды.  анасына  жалынып,  алланың 

елшісінің жағдайын біліп келуін сұрады. Қалай таба-

тынын да нұсқады. Үммү Хайыр аналық жүрегі езіліп, 

баласының сұрауын екі етпей айтылған жерге барды. 

Бірақ,  мұсылман  екендігін  жұрттың  айтуға  қорқып 

қалғаны соншалық, өзі толық сенбеген адамға ешкім 

тіс жармай қойды. алла елшісін табу оңай еместігін 

байқаған  Үммү  Хайыр  баласының  қиын  жағдайын 

ретін тауып Үммү Жәмилге баяндады. Үммү Жәмил 

де тіс жармады. артынан сәл жұмсарғандай кейіппен, 

Үммү Хайырға ілесіп, Әбу Бәкірдің үйіне бет алды. 

Әбу  Бәкірдің  соққыға  жығылып,  тұра  алмай 

жатқан  мынадай  түрін  көрген  Үммү  Жәмил  шыдай 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет