Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет86/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Харам ету

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

әсіресе  екінді  намазынан  кейін  әйелдеріне  арнайы 

уақыт бөліп, қал-жағдайларын сұрайтын. араларын-

да әділдікті сақтауға тырысатын. Осыған әдеттенген 

аналарымыз намаздыгерден кейінгі уақытты күтетін. 

Бірде  бәрі  бірге  алла  елшісін  күтті.  алайда,  еш 

хабар болмады. Уақыт өткен сайын олар алаңдай баста-

ды. 



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

227


Кеш  те  болса  бір  кезде  пайғамбарымыз  келді. 

Әйелдері  бұл  кезде  әлденеден  күмәнданғандай  еді. 

Бәрінің  атынан  айша  анамыз  сөз  алып,  неліктен 

кешіккенін сұрады. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм):

–  Зейнепке бір әйел бал сыйлапты – деді. 

Жұбайлары  мән-жайды  түсіне  қойды.  Демек 

кешігуінің  себебі  Зейнеп  анамыз  болатын.  Әйелге 

тән  қызғаныш  сезімі  ойнады.  алайда,  мұны 

пайғамбарымызға білдірмеді. Өзара кеңесіп, ол кімнің 

жанына  барса  да  «не  ішкенсіз?  мынау  ненің  иісі?» 

деп сұрауға келіседі. Егер «Бал шәрбатын іштім» десе 

«Бұл ара гүлдерін сасық ағаштардан жинаған сияқты 

ғой» деуге келіседі. Өйткені, олар алланың елшісінің 

өткір иісті ұнатпайтынын білетін

367


шынында  солай  болды.  Қайсысының  жанына 

барса да мұрнын тыжырайтқанын байқады: 

–  «Зейнеп  берген  бал  шәрбатын  іштім»,  –  де-

генмен,  іштей  әйелдерінің  бұнысына  ренжіді.  Тіпті, 

ендігәрі бал шәрбатын ішпеуге ант етті

368

.

мұндай  антты  басқа  адам  айтса  ештеңе  болмас 



еді. алайда, пайғамбар жай бір адам емес, оның үстіне 

уахидің келуі әлі тоқтамаған болатын. Дін оған уахи 

арқылы түсіндіріліп, алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм) сол діннің іргетасын қалайтын. сондықтан 

да оның өмірлік ұстанымын кейінгілер де үлгі етпек 

еді.


367

  Қараңыз: Бұхари, Хиел 11 (6571); Талақ 7 (4967); ахмад ибн Ханбал, 

мүснәд 6\249 (26162)

368


  Қараңыз: Бұхари, Тәфсиру сура 386 (4628); Талақ 7 (4966); мүслим, 

Талақ 21, (1474); нәсәи, Талақ 17 (3421) 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

228

Көп өтпей Жәбірейіл періште келіп, тағы да уахи 



жеткізді. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

уахи  түсіп  жатқан  сәтте  қара  терге  малшынып, 

иығына түскен жүктен белі майысқандай қиналды. 

Іле жүзі жадырап сала берді. Өйткені, ұлы алла 

оған: 

«Ей,  нәби!  Әйелдеріңнің  көңіліне  бола  өзіңді 



қинап алланың саған адал еткенін неге өзіңе тыясың? 

Білесің, алла Ғафур һәм рахим». 

Бұл аяттармен адамзатқа жаңа хабарлар ұсынылды 

әрі  бірнеше  мәселе  шешілді.  Біріншісі,  алла  тыйым 

салмаған  істен  адамның  бас  тартпауы.  Екіншісі, 

егер өзіне тыйым салған болса, дереу кешірім тілеу 

керектігі әрі алланың Ғафур, рахим екенін еске салу. 

Тағы бір мәселе, адалдан ант ете отырып өзіне тыйым 

салған  жағдайда,  сол  антының  төлеуін  төлеп,  өзіне 

тыйым салмауы керек. Өйткені, аяттың жалғасында 

былай делінген: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   185




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет