Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет96/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Пайғамбарымызбен өткен  

соңғы күндер

Күндер сырғып өтіп жатты. Пайғамбарымыздың 

үйіне қадам басқан күні кеше ғана секілді еді, алайда 

арадан  он  жыл  өтіпті.  Он  жылдан  бергі  өмірі  көп 

өзгерістерге  толы.  «мүминдердің  анасы»  атанды. 

Әсіресе  жоқ-жітіктер  мен  жетімдердің,  әйелдер  мен 

ғылым соңында жүргендердің ақыл сұрап жүгінетін 

адамына  айналды.  Өйткені,  пайғамбардың  өмірлік 

жолдасы болатын. 

Уақыт  өтіп,  енді  екеуінің  қоштасу  уақыты 

таяғандай.  Әсіресе,  соңғы  бір  жылда  қоштасудың 

белгілері  байқалды.  алла  елшісі  (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) жиі-жиі Ухудқа барып, етегіндегі 

шейіттерді  зиярат  жасап,  олармен  қоштасқандай 

болып  жүрді.  ақыретте  олармен  бұдан  да  жақсы 

жағдайда кездесетіне кәміл сенетін. мәдина мазара-

ты деп білінген Жәннәтул бақиға жерленген сахаба-

ларын да зиярат етіп жүрді. 

Әсіресе,  соңғы  бір  жыл  мәдинада  өмір  қызу 

өтіп жатыр. Күн сайын дерлік алыс-жақын аймақтан 

ағылып келіп-кетіп жатқан жұртта есеп жоқ. Бәрі де 

алла  елшісінің  жанынан  рухани  бір  күш  алып  кері 

қайтатындай. 

Бұған  қоса,  алла  елшісі  кейбір  сахабаларын 

маңайдағы қауымдар мен елдерге жіберіп, дін насиха-

тын соларға міндеттеді. Әрбірімен қимай қоштасып, 

енді  тек  ақыретте  кезігетіндігін  ескертті.  муаз  ибн 

Жәбәлді  Йеменге  жіберді.  Оны  мәдинаның  сырты-

на дейін шығарып салды. Бір кезде жүзіне тіке қарап 

көкейдегі сауалын қойды:




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

246

–  муаз, сен кітап иелері мекендеген жерге бара 



жатырсың, қайтіп үкім бересің? 

–  алланың кітабымен.

алған жауабы ұнағандай:

–  ал алланың кітабынан таба алмасаң қайтесің?

–  Елшісінің сүннетімен іздеймін.

–  ал, одан да таба алмасаң ше?

–  Осы екеуінің негізінде өзім үкім етемін.

Елші  етіп  жіберетін  сахабасының  шешім  таба 

алмаған жерде қалай әрекет жасайтынын біліп көңілі 

орнықты. Қоштасып тұрып сахабасына:

–  муаз,  биылдан  кейін  мені  қайтадан  көре 

алмассың. Қайтып оралған кезіңде мына мешітім мен 

қабірімді зиярат етерсің!

392


 – деді.

Бұл қоштасу хазірет муазбен шектеліп қалмады. 

арафатта  кездескен  күні  барлық  сахабаларымен 

қоштасқандай  сөз  айтты.  муздалифадағы  жина-

лыс пен минадағы жүріс те осы сарындас болатын. 

Дүниелік өмір бітуге таяған еді. Түскен аяттар діннің 

толыққанын білдірді. Бұл сөздер парасатты адамдар-

ды терең ойға қалдырды. Өйткені бір іс бітсе, бұдан 

былай ол жерде кейбір кемшіліктер орын алуы мүмкін 

еді. Демек, алда ұзақ сапар бар, мұндай сапардың бар 

екенін алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

өзі  де  растағандай.  Бұлардың  барлығы  зерек  айша 

анамыздың назарынан тыс қалмады. 

расулалла  бір  күні  Ухудты  зиярат  етіп, 

марқұмдарға  сәлем  берді.  Бәрімен  жеке-жеке 

қоштасқандай күйде болды. Бір тұста былай деді:

392

  Ибн Хиббан, сахих 2\414 (647); Табарани, әл-мұғжамул кәбир 



20\89 (171)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

247


–  Өздеріңмен  қауышуды  қалайтыным  күмән-

сіз.  сендерге  куәгер  менмін.  Жер  бетіндегі  қазына-

лардың  кілттері  маған  тапсырылғанын  да  көріп 

тұрғандаймын!

393

 

сафар айының соңғы дүйсенбісі еді. алла елшісі 



соңғы рет қоштасу үшін Жәннәтул бақиге келді. 

Қайтарда басы қатты ауыра бастады, ыстығы да 

көтерілді. ыстығының қатты көтерілгені соншалық, 

басына  ораған  ормалдың  сыртынан  ұстағанда  да 

білініп тұрды. 

Осы кездерде айша анамыздың да басы ауырды. 

Қиналғанда  да  бірге  екенін  білдіргісі  келгендей 

жарына:


–  ай, басымның ауырғанын-ай! – деді. мақсаты 

алла  елшісінің  қиналғанын  сәл  де  болса  ұмыттыру 

еді. алайда, еш күтпеген жауап естіді:

–  сен менің басымның ауырғанын көрсең!

394

Бәрі  жанашыр  көзбен  алла  елшісіне  қарады. 



Жағдайы  шынында  да  ауырлап  барады.  алғашқыда 

байқамаған екен қатты қиналып кетті. Оның үстіне, 

бұл өткінші ауруға да ұқсамайтындай. 

Бұл қиналыс он бір күн бойы жалғасты. Осыған 

қарамастан намаздарға шығып, сахабаларға намазды 

өзі оқытты.

алпыс үшке толған жыл. Пайғамбарлық міндетін 

атқарған жиырма үш жылдан кейін мекке мен мәдина 

оны бауырына басып, өзімен бір кемеге мінбеген жан 

қалмаған еді. Барлық жағынан үмбетіне үлгі болған 

пайғамбарымыз  артындағыларға  ұстанатын  бір  жол 

393


  Бұхари, Жәнәиз 71 (1279); мағази, 25 (3857) риқақ 7 (6062); мүслим, 

фадаил 30 (2296)

394

  Ибн сағд, Табақат 2\206, 233, Дарими, сүнән 1\51






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   185




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет