Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы


ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазба әдебиет (бағыттар)



Pdf көрінісі
бет5/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазба әдебиет (бағыттар)
– 
ХІХ 
ғасырдағы қазақ әдебиетінің жалғасы ретінде дамуымен бірге, өзіндік 
өрнегін де тапқан әдебиет. Қоғам шындығын көркемдікпен 
суреттеудегі жазушы ерекшелігі түрлі бағыттардың қалыптасуына 
алып келді. 1905 жылдан кейінгі әдебиетте ұлт-азатшыл (А. 
Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.), ағартушы-демократтық 
(М. Сералин, С. Дөнентаев, С.Торайғыров, т.б.) бағыттар белең алды. 
Бұрыннан әдебиетімізде бар діни- ағартушылық бағытты (М.Ж. 
Көпеев, М. Қалтаев, Н. Наушабаев, Ш.Жәңгіров, т.б.) қосқанда осы 
кезең әдебиетінде үш бағыт өркен жайды. Діни-ағартушы бағыттағы 
ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар. Біріншіден, бұлар – діни 
мектептерде оқып, мұсылманша білім алған ақын-жазушылар. 
Олардың орыс оқуымен, орыс жазушыларының шығармаларымен 
атүсті ғана таныстығы болды. Екіншіден, бұлар – шығыс әдебиетін, 
оның түрлі әдеби мектептерін жетік біліп, озық үлгілі дәстүрінен 
үйреніп, шеберлік тәсілдерін өз шығармашылықтарында кеңінен 
пайдаланып, шығыс классиктері деңгейінде жазуға талпынғандар. 
Үшіншіден, бұлардың көпшілігі ірі медреселерде білім алып, Ташкент, 
Бұқара, Қазан, Стамбұл сияқты діни орталықтарда болып, ислами 
әдебиеттің классикалық үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын 
жетік меңгергендер болды. 
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шәді Жәңгіров, 
Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары
Мәулекей Жұмашев, т.б. бірыңғай қисса-дастандар, шығыс үлгісіндегі 
поэмалар, шығыс әдебиетінде бар бір сюжетке бірнеше ақын жарыса 
шығарма жазатын 
нәзирашылдық 
деп аталатын дәстүрді дамытты. 
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар ХХ ғасырдың 
бас кезіндегі қазақ әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Олар 
қазақ әдебиетін шын мәніндегі жазба әдебиет деңгейіне көтерді.
Олардың көбі орыс мектептерінде білім алған, орыс тілін жетік 
білетін, оқуын кейін түрлі оқу орындарында жалғастырған, орыс және 
батыс әдебиетін жақсы білетін жандар еді. Сондықтан да олар орыс, 
батыс әдебиеттеріне еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға 
талаптанды.



Ағартушы-демократтық 
бағыттағы 
ақын-жазушылар 
шығармашылығы шын мәніндегі сыншыл реалистік дәрежеге 
көтеріліп, дүние құбылысын кең, терең негізде ашты. Бұл бағыттың 
өкілдеріне таза әдеби шығармашылықпен айналысып, кәсіптік 
деңгейдегі жазушылық шеберлікке көтерілген С.Торайғыров, М. 
Сералин, 
С. 
Дөнентаев, 
т.б. 
ақын-жазушылармен 
бірге, 
шығармашылығы ағартушылық-ұстаздық қызметтерімен тығыз 
байланыста өрістеген С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Т. Жомартбаев сынды 
тікелей ағартушылық тақырыпта қалам тербеген ақын-жазушылар да 
жатады. 
Үшінші бағыттың қалыптасуына ХХ ғасырдың басында жаңа 
әлеуметтік саяси күш – ұлтжанды зиялы топтың пайда болуы жан-
жақты әсер етті. Олардың көбі шығармашылықпен айналысқандықтан 
да, өз шығармаларында бостандық, теңдік, азаттық идеяларын ту етіп 
көтерді. Ал өздерінің саяси көзқарастарында елдің жігін ажыратпай, 
біртұтас етіп біріктіруді көздеді. Сондықтан ең басты мәселе ретінде 
саяси тәуелсіздікті нысана етіп қоя білді. Ұлттың жан-жақты дамуы
өркендеуі ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өзге өркениетті 
елдерден үйренер еркіндік салтымен жетілуде деп білді. Оқу-ағартуды, 
өнер-білімді ел тәуелсіздігі жолындағы саяси күреске пайдалануға 
әрекеттенді. Әдеби шығармаларында ұлттық сананы оятуды, 
күрескерлік рухты көтеруді басты нысана етіп қоя білді. Сондықтан да 
олардың шығармашылығындағы көркемдік әдіс-тәсілдер азатшыл 
оймен ұштасып жатты. Ұлт-азатшыл әдебиет бағыты өкілдері қандай 
да бір әдеби шығарма болсын, оған ұлттық мұрат тұрғысынан талап 
қоя білді. Сөйтіп, қазақ әдебиетіндегі өзінен бұрынғы Дулат, 
Шортанбай, Мұрат, Махамбет дәстүрлерін жаңа арнада дамытты. 
Халықты саналы іс-әрекетке үндей отырып, таптық қайшылықты емес, 
ұлттық бірлікті жырлап, ұлт тұтастығын сақтауды көздеді. Бұл 
бағыттың ірі өкілдері Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов
Мағжан 
Жұмабаев 
шығармашылығында 
Ресей 
империясы 
отаршылдық езгісінің бүкіл сипаты толыққанды ашылды.
Жалпы, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетке тән басты ерекшелік – 
ұлт қамы қай бағыт ақын-жазушысының шығармашылығы болсын 



ортақ тақырып ретінде көрініс табуы. Олар өз ұлтының өзге өркениетті 
елдердің қатарынан көрінуінін аңсап, ел тілегінен шығып, әдебиеттің 
ұлттық рухын шырқау биікке көтерді. Қазақ халқының алдында тұрған 
биік мақсаттарды әрқайсысы әл-қадірінше, ой-өрісінің жеткен 
қырынан тани отырып, негізгі мәселе ретінде алға тартты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет