Когабекова Аcель Тургинбаевна Қысқа мерзімді сабақ



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі385,93 Kb.
түріСабақ
  1   2   3
Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп -лицей

Бастауыш сынып мұғалімі

Когабекова Аcель Тургинбаевна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Мұғалімі: Когабекова Асель Тургинбаевна Күні: 10.03.2017 Сыныбы: 4 «В» Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Наурыз» Мақсаты: Оқушылар М. Дулатов «Наурыз» атты өлеңі бойынша өлеңнің мазмұнымен таныса отырып, өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ашу
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Стратегиялар: «Шаттық шеңбері»; «Ой қозғау»; «Жұптас, ойлан, бөліс»; «Кубизм»; «Инсерт» Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар: осы әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

Кіріспе

3 мин


Психологиялық көңіл күйді реттеу Ұйымдастыру кезеңі Мақсаты: жағымды эмоция орнату

Шаттық шеңбері
Су жылтырлап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!



Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, тілектер айтады.


«Жақсы»





2 мин


Топқа бөліну

«Балықтар»

Мақсаты: топта жұмыс жасауға үйрету



- Оқушыларды «Кіру билеті» стратегиясы арқылы 4 топқа бөлу.
Топ басшысын тағайындау. Топ басшысына бағалау парағы беріледі.



Оқушылар билеттерді алып, бірдей билеттер бір топ болып, шағын топқа бөлінеді.Топ басшысын сайлайды. «Алтын ереже» құру

«Жақсы»

Билеттер




Үй жұмысын тексеру

«Дейін - кейін» сұрақ – жауап әдісі арқылы үй жұмысын тексеру
1.«Түлік туралы сабақ» өлеңі не туралы айтылады?
2. Болат пен Марат неге таласты?
3. Болаттың сұрақтарына сен қалай жауап берер едің?
4. Төрт түлік малдың атауына байланысты неше түрге бөлінеді?



Үй тапсырмасын айтады


«Басбармақ»




Тұсаукесер

10 мин



«Ой қозғау»

Мақсаты: Қызығушылығын ояту



  1. «Наурыз»сөзі шығу үшін сөз жұмбақ шешу.
    Сұрақтары:
    1. Мұсылман халқында жаңа жыл тойланатын ай.
    2. Наурыз көжеге қосылатын дән.
    3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.
    4. Сүттен жасалатын тағам.
    5. Ішекке ет тығып жасайтын ұлттық тағам.
    6. Бие сүтінен жасалатын сусын.
     

Сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешеді


«Жарайсыңдар!»


АКТ





Автор туралы мәлімет


М. Дулатов
Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қыз бел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды.
Жазушы, ғалым, қоғам қайраткері
Шығармалары: 1913ж. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
1913ж. А. Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарды.
1922 - 1926ж. Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болды
1928ж. Бір топ қазақ зиялыларымен бірге қамауға алынады да, он жылғасотталады.
1935ж. тұтқында қайтыс болады.


М.Дулатов жайлы мәліметтерін ортаға салады.


«Бәрекелді!»


Оқулық,

АКТ,



Негізгі бөлім

20 мин


Жаңа білімді игерту

Сабақтың тақырыбы:

«Наурыз»


Оқулықпен жұмыс. 1. М. Дулатов туралы мәліметпен танысады.
2. Өлеңді оқушылар шумақпен тізбектей оқиды.
3.«Наурыз» өлеңіне талдау жұмысы жүргізіледі
Әуеден «Парашют» тастау ойыны арқылы оқушылар бір бірлеріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Сөздік жұмысы

Әр топ жеке-жеке іштей оқиды;

Өлеңнен қиын сөздерді табады



«Тамаша!»


Оқулық




«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі


І топ: Қазақ қызының бас киімі"Сәукеле"
ІІ топ: Қазақ халқының ұлттық өнері"Қамшының түрлері"
ІІІтоп: Қазақ халқының ұлттық ойындары
ІV топ: Қазақ халқының салт - дәстүрі



Әр топ тапсырмаларын орындайды

«Басбармақ»







Сергіту сәті


Сергіту сәтін орындау

Қызыл балық, ақ балық, Шеттерінен сақ балық. Суды шоршып ойнайды, Бізді аңқау деп ойлайды.

Сергіту сәтін орындайды


«Өте жақсы!»


АКТ








Топтық шығармашылық тапсырма

«Наурыз» туралы шағын эссе жазу.





Әр топ шағын эссе жазады


«Тамаша»

АКТ

Қорытынды


Кубизм стратегиясы            

«Кубизм» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беру.
- Ақын наурыз айындағы табиғат өзгерістерін қалай суреттеген?
- Наурыз қандай мейрам?
- «Қыс шыққан өлмей тірі» деген өлең жолдарын қалай түсінесің?
- Наурыз күні қалай аталады?
- Өлеңде қандай ұйқас жолдары бар?
- Наурыз көже қалай жасалады?
- Наурыз өлеңінде дала бейнесі қалай суреттеледі?
- М. Дулатовтың қандай шығармаларын білесің?
- Қазіргі парсы тілінде наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?
- Наурыз мейрамның басқа мейрамдардан айырмашылығы неде?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Жақсы»

Кубик




Рефлексия

Инсерт стратегиясы

 

Мақсаты: сабақтан алған әсерлерін анықтау



Білемін , білдім, білгім келеді

Өз ойларын жазады




Кері байланыс

Стикерлер






Бағалау

Үй тапсырмасы


Топтың бағалауы, мұғалімнің бағалауы

Мәтінді оқу




Топтың мүшелері бағалайды, мұғалім бағалайды.

Мәтінді оқиды











Өткізілген сабаққа рефлексивтік есеп

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Наурыз» Сабақтың мақсаты: Оқушылар М. Дулатов «Наурыз» атты өлеңі бойынша өлеңнің мазмұнымен таныса отырып, өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ашу
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Стратегиялар: «Шаттық шеңбері»; «Ой қозғау»; «Жұптас, ойлан, бөліс»; «Кубизм»; «Инсерт» Сабақтың барысы: Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Шаттық шеңберін құрып, амандасып, бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілектер тіледі.

Оқушылар кіру билеттері арқылы 4 топқа бөлінді. Топ басшысын сайлады. Алтын ереже құрды. «Дейін-кейін» сұрақ жауап арқылы үй тапсырмасын сұрадым.

«Ой қозғау» кезінде әр топқа мынадай сұрақтар қойылды: - 1. Мұсылман халқында жаңа жыл тойланатын ай. 2. Наурыз көжеге қосылатын дән. 3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам. 4. Сүттен жасалатын тағам. 5. Ішекке ет тығып жасайтын ұлттық тағам.6. Бие сүтінен жасалатын сусын не деген кезде Алишер, өз ойын еркін жеткізе білді. Себебі Алишердің демалыс кезінде ауылда болатыны және апасымен бие сауғанда қасында болатынынбірден айтты. Ал қосымша қымызды қалай жасайды деп сұрақ қойдым. Қымыздың жасалу жолын айтып берді. Сонымен қатар қымызды пісіп көмектесетін әңгімелеп берді. Қызығушылықтары артып, барлық сұрақтарға жауап беруге ат салысты.

Сөзжұмбақты шешкен соң, автор жайлы түсінік берілді. «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі арқылы төрт топқа мынадай І топ: Қазақ қызының бас киімі"Сәукеле" ІІ топ: Қазақ халқының ұлттық өнері"Қамшының түрлері" ІІІтоп: Қазақ халқының ұлттық ойындары ІV топ: Қазақ халқының салт – дәстүрін білесің бе? деген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ 2- топқа қамшының түрлерін атау кезінде, оқушыларға қиындық туды. Себебі балалар күнделікті өмірде қамшының түрлері қолданылып жүрмегендіктен бірден жауап бере алмады. Ал 3- топ ұлттық ойындарды бірден атап берді. Осындай тапсырмаларды келесі сабақтарда қолданып тұру керек деген ой қорттым.

«Наурыз» туралы шағын эссе жазу тапсырылды. Әр топтан бірнеше балалар оқыды. Нұрайлымның эссесі жоғары деңгейде жазылған екенін оқушылар «Басбармақ» арқылы бағалады.

«Кубизм стратегиясы»  кезінде оқушылар барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Осыдан жаңа тақырыпты түсінгендерін байқадым. Дәптермен жұмыс жасалды. Сергіту сәті сәтті өтті. Рефлексия кезінде «Білемін , білдім, білгім келеді» деген сауалға өз ойларын еркін жаза білді.



Алдағы уақытта сабақ жоспарыма қойған мақсатта кездесетін қиындықтарды болдырмаудың жолын қарастыруды көздеп отырмын.


Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет