Хх ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата04.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#195015
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы (1)
Document (2), Ustudy - платформа для онлайн тестирования
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар


Сабақтың басы
Жағымды ахуал орнату.
• Кеңестік білім жүйесіне қатысты суреттерді көрсете отырып, кеңестік
білім жүйесі мен оқушылардың өмірінің қандай болуының мүмкіндігітуралы
оқушылардың ой-пікірін білу • Оқушылардың жауаптарын тыңдапболған
соң, оқушыларды бүгінгі тақырыппен және оқу мақсаты, бағалау
критериімен таныстыру арқылы сабақтың кілтті сөздерін жаздыру.
• 40-50 жылдардағы білім беру жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Т Сынып оқушылары мәтінді пайдалана отырып, қазіргі білім жүйесін
кеңестік дәуірдегі білім жүйесімен салыстырып, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтайды. Бағалау критерийлері:
• Реформалардың қабылданған мерзімдерін дұрыс атайды,
• Реформалардың ұқсастықтарын анықтайды • Реформалардың
кемшіліктерін көрсетеді
• Реформа бойынша 3 фактіні дұрыс айтады
• Әрбір топ басшысы сыныпты топтың жауабымен таныстырады.
(Т) Осыдан кейін зерттеу жүргізу жұмыстарына келесі тақырыптар
ұсынылады:
- 1959 жылғы білім беру реформасы негізінде мектептің өмірімен
байланысын нығайтудың қандай оң және теріс жақтары болды?
- «Еңбек политехникалық мектептердің» пайдалы және кері жақтары
қандай?
- «Болашағы жоқ мектептердің» жабылуының қазақ ұлтына әсері.
Тақырып сұрағына жауап береді, ойларын екі-үш сөйлеммен жазбаша
түрде қорытындылайды.
(Т) Қазақ тілінде білім беретін мектептердің жабылуының себептерін
жазады.
Мүмкін болатын жауаптар:
1. КСРО-да кеңес ұлтын қалыптастыру;
2. Жоғарғы оқу орындарында орыс тілінде оқыту;
3. Қызметке тек орыс тілін білетіндерді алу;
4. Жоғарғы оқу орындарында оқулықтардың орыс тілінде болуы;
5. Орыс тілінің артықшылыққа ие болуы
6. Қазақ ұлты санының аздығы;
7. Ауылдық жерлердегі «болашағы жоқ» мектептердің жабылуы;
8. Қазақ тілінің 10-ақ функция атқаруы;
9. Ақпарат құралдарының басым көпшілігі орыс тілінде болуы.
1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады.
1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814
мыңнан астам оқушы білім алды. 1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде
1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж.
республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы
жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға
алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев,
А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев,
М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты. Алайда бұл
жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орталық
Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың
көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына байланысты
көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс
мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден
астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап
таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс
мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-
қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс
тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін
төмендетіп жіберді. 1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер
енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу
жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы
оқудың сапасына кері әсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың
білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы
орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде
жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті.
1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз
жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ
ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш
мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу,
мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл
бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемлекеттік білім стандартынан туындайтын
жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы
жұмсауды және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның
бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы білім беретін мектептерді толық білім
стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 2002 жылдарды қамтыды. Жалпы
білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір
білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж,
медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер
ашу ісі де жүргізілді. Қазақстанда тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1883
ж. Ы.Алтынсариннің басшылығымен Орск қаласында ашылды. Ыбырай
енгізген оқу-ағарту ісіндегі бір жаңалық – қазақ жастарына арналған
тұңғыш кәсіптік мамандық беретін училищилердің ашылуы болды 1886 ж.
Торғайда қолөнер училищесі, 1888 ж. Торғай мен Ырғызда қыздар
пансионаттары, ал 1889 ж. Қостанайда ауыл шаруашығы училищесі
ашылды. Бұдан кейін 1890 ж. Қарабұлақта, 1893 ж. Қостанайда, 1896 ж.
Ақтөбеде қыздар училищесі іске қосылды. Бұл оқу орындарында қолөнері
мен ауыл шаруашығы шеберханалары жұмыс істеді. Алтынсариннің
кәсіптік білім беру жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып, 1902 ж.
Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орталық Қазақстан өлкесіндегі
(Семей, Өскемен, Қарағанды, Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі
қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым
қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов,
М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш генерал Ш.Қабылбаев,
Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының
Батырлары: Ізғұтты Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Социалистік
Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б. оқыды. Кейін
мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола
қалаларында ашылды. 1883 – 1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ
балалары бітіріп шықты. 1941 ж. КСРО-да 1 млн-ға жуық оқушысы бар
арнаулы орта білім беретін 3773 оқу орны жұмыс істеді. Ал 1957 – 58 оқу
жылдарында техникумдар мен уч-щелерде, арнаулы мектептерде 2 млн.
оқушы болды. 1940 – 41 оқу жылында арнаулы орта білім беретін 118
мектепте 30 мың оқушы оқыды. 1969 – 70 оқу жылында бұл мектептердің
саны 186-ға жетіп, 43610 оқушысы болды. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі
жылдары арнайы орта білімді мамандарды неғұрлым қысқа мерзімде
даярлау қажеттігіне байланысты бұл оқу орындарына 9 сыныпты
бітіргендер ғана емес, орта мектепті бітірген жастар да қабылданатын
болды. Олар 1,5 – 2 жыл ішінде арнайы мамандықты игеріп, өндіріске
жолдама алды.


Сабақтың ортасы
1. 1-тапсырма. Берілген жоғарғы оқу орындарының қай қалаларда
ашылғанын сәйкестендір
Медициналық және тау-кен институты
Семей
Медициналық және мал дәрігерлік
институты
Ақмола 
Ауылшаруашылық институты
Ақтөбе
Педагогикалық және құрылыс-жол
институты
Өскемен 
Медицина институты
Қарағанды
Дескриптор Білім алушы
 Берілген жоғарғы оқу орындарды қай қалаларда ашылғанын
сәйкестендіре алады. 
Сабақтың соңы
2- тапсырма. «Блиц-ринг»
1. Республикада 1954 жылдары ашылған оқу орындарында қандай
мамандықтар дайындады?
2. Қай жылдары білім беру жүйесіне 8 жылдық мектеп енгізілді?
3. Тың жерлерді игеру аудандарында қаншадан астам мектеп ашылды?
4. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар даярлау неше есеге өсті?
5. 40-80 жылдары Қазақстанда білім беру жүйесі қалай дамыды?
6. КСРО-да жалпы білім беретін және кәсіби мектептердегі реформа қашан
жүргізілді?
7. Осы кезеңдерде қандай жаңа пән енгізілді?
Дескриптор: Білім алушы.
1. Республикада 1954 жылдары ашылған оқу орындарында қандай
мамандықтар дайындағанын айтады.
2. Қай жылдары білім беру жүйесіне 8 жылдық мектеп енгізілгенін
анықтайды.
3. Тың жерлерді игеру аудандарында қаншадан астам мектеп ашылғанын
анықтайды.
4. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар даярлау неше есеге өскенін
айтады.
5. 40-80 жылдары Қазақстанда білім беру жүйесі қалай дамығанын
анықтайды.
6. КСРО-да жалпы білім беретін және кәсіби мектептердегі реформа қашан
жүргізілгенін анықтайды.
Осы кезеңдерде қандай жаңа пән енгізілгенін айтады
Рефлексия
Кері байланыс «Ойды аяқта» әдісі
Бүгін мен білдім........
Қиындық тудырды..............
Мен үйрендім............
Қолымнан келді..................


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет