Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты


Қазақстандағы экологиялық дағдарыс



бет10/17
Дата22.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#192873
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Дәріс №12
современный учитель, 4. ХIХ г.-гы казак адебиетинин тарихы пани бойынша 4 тапсырма

Қазақстандағы экологиялық дағдарыс.

  • Қазақстандағы экологиялық дағдарыс. 1970-1980 жылдардағы «қырғи-қабақ соғыс» саясаты мен жанталаса қарулану жарысы КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің қарқынды өсуіне әкелді. Әскери кешен кәсіпорындарының едәуір бөлігі Қазақстанда орналасты. 1980 жылдары полигондар, түрлі әскери нысандар меншігіне республиканың 18 млн. га жері (республиканың жалпы жер аумағының шамамен 7%) берілді. 1985 жылға қарай республика аумағында КСРО ҰҚК-нің 43 ірі кәсіпорны болды. Қазақстанда уран өндіруден бастап оқ-дәрілерді сынауға дейінгі ядролық қаруды жасаудың барлық дерлік циклдерін қамтитын қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен жұмыс істеді. Қазақстанда 1949 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 8372 шаршы шақырым аумақты алып жатқан Семей ядролық полигоны ең күрделі экологиялық мәселеге айналды.
  • 40 жыл ішінде полигонда 124 жер үсті және 354 жерасты сынағы жүргізіліп, барлығы 478 (КСРО-да өндірілген 715-тен) ядролық жарылыс өткізілді. Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға орны толмас залал келтірді, халықтың жалпы сырқаттануы мен өлімінің өсуіне себеп болды.
  • Семей полигоны Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумағында (Семейде полигонның жалпы ауданының 54%-ы, Павлодарда 39%-ы, Қарағандыда 7%-ы) орналасты. Семей және полигонға іргелес аудандардың барлық аумағы экологиялық апат аймағы болып танылды. Полигон аудандарында радиация көздері топырақта, суда, өсімдіктерде, адамдар мен жануарлардың ағзаларында байқалды. Мысалы, Семей облысы Қоңырат ауданының, Қарағанды облысының Егіндібұлақ және Қарқаралы аудандарының сүт өнімдеріндегі радиоактивті заттардың орташа мөлшері нормадан 4,7-30,7 есе асып түсті.

1963 жылдан бастап Семей облысында лейкозбен байланысты өлім-жітім деңгейі 3 есеге, ақыл-есі кем және физикалық ауытқушылықтары бар балалардың туу жиілігі үш есеге жуық өсті.

  • Полигон қызметінің салдары Қазақстан халқы, республика экологиясы мен экономика үшін апатты болып қала беретіндігі қазіргі уақытта анықталып отыр. 1989 жылы Қазақстанда ядролық қаруды сынауға мораторий енгізіліп, екі жылдан кейін Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылды.
  • Семей полигонынан басқа әр жылдары Қазақстан аумағының 27 нүктесінде 38 ядролық жарылыс жасалды. Азғыр полигонында (Каспий маңы ойпаты, Атырау облысы) 1966 жылдан 1979 жылға дейін 17 жерасты ядролық жарылысы өткізілсе, республиканың басқа аудандарында барлығы 21 жарылыс және 4 ядролық зарядты зымыран ұшырылды. Оның ішінде Оралда-8, Қарашағанда-6 (1983-1984 жж.), сондай-ақ Ақтөбе, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтар өткізілді.
  • 1950 жылдардың ортасынан бастап республикада «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылысы басталды. Алып кешен 6717 шаршы шақырымнан астам аумақта орналасқан, ол Мәскеу сияқты 12 қаланың аумағына тең болды. Ғарыш айлағы қызметінің нәтижесінде жердің едәуір бөлігі гептилмен (зымыран отынының құрамдас бөлігі) ластанып, нәтижесінде 180 мың гектардан астам жем-шөп алқаптары шаруашылық айналымнан шығарылды. Арнайы зерттеулер жер асты суларыа гептильдің араласқандығын және сол судан нәр алатын шөптердің ластанғандығын анықтады. Қазақстанда 100-ге жуық ядролық қалдық (басқа деректер бойынша 300-ге жуық) қоймаларының орындары анықталды. Ядролық қалдықтардың жалпы салмағы шамамен 419 миллион тоннаны құрады. Ядролық инфрақұрылым кең аумақтардың радиоактивті ластануына, жергілікті халықтың денсаулығындағы көптеген және қауіпті ауытқуларға әкелді. Әскери-өнеркәсіптік кешен Қазақстанның табиғатына, қазақстандықтардың денсаулығына орны толмас залал келтіріп, оның салдарын адамдардың бірнеше ұрпағы сезетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет