Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі


Жаңа әдебиеттің тарихи-әлеуметтік алғышарттары



бет5/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Жаңа әдебиеттің тарихи-әлеуметтік алғышарттары. ХІХ ғасыр қазақ халқының әдебиеті тарихындағы аса күрделі, шиеленісті кезең. Алмағайып жаугершілік замандар кейін қалып, хандық дәуірде де бастан өткізіп, қазақ ұлысы қоғамдық қатынастардың келесі бір жаңа белесіне қадам басты. Білектің күшімен, найзаның ұшымен терезе теңестіріп келген қазақ елінің басына саяси күрестің ең бір озбыр, сұрқия құрығы төніп тұрған. Қос қолтықтан алған Ресей патшалығының, Қоқан хандығының қыспағы тынысын тарылта түскен, «ақтабан-шұбырынды» деген атпен тарихтан мәлім жаугершілік қырғыннан шыққан қазақ елінің басынан кешкен негізгі оқиғалары мен әлеуметтік жағдайы негізінен әдеби шығармаларда түзілген. [2.14].
Осы ғасырда қазақ әдебиеті өз тарихында бұрынғы-соңды болып көрмеген түлеуді, жаңғыру процесін бойынан өткізді. Қазақ хандығы кезінде елдік рухын берік бекіткен ұлттық әдебиет енді қазақ ұлысының дағдарысты алмағайып күндеріне килікті.
Алтын Орданың күйреуімен тікелей байланысты туындаған ресейлік отарлаушылық саясаттың көп қырлы айла-шарғылары жемісін беріп, XVIII ғасырдың соңын ала басымдылықпен белең ала түссе, ХІХ ғасырда қазақ сахарасына біржола тұмылдырқтап, іргесін тұтас бекітті. Қазақ даласы орыс әскери бекеттерінің шідерлі желісімен шегенделді. Етектен тартып, жағадан алған отарлау саясаты әуелі атамекен ауқымын шиырлап келіп, хандық басқару, елдік құрылым жүйесінің жүйкесін талмау тұстардан әлсіретті. ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ елінің тарихи қоғамдық құрылымына біржола ыдырап, елдік басқару жүйесі түбегейлі өзгеріп біткен болатын. ХІХ ғасырдың алғашықы ширегінде патша үкіметі қазақ қауымына жаңа саяси-әкімшілік басқаруды қосып, Ресей империясы құрамына бойсұнбаған аумақтарды одан әрі қосып алу мақсатына біржола кірісті. Империялық отарлау саясаты, озбырлығы нақтылыққа ұласты. Хандық дәуір, хандық билік ыдыратылып, оның орнына Ресей патшалығы әкеліп енгізген аумақтық-әкімшілік басқару жүйесі орнықты.
Хандық құрылымының ыдырауымен бірге қазақ елінің әлеуметтік ортасына да іріткі түсіп, халықтық бірлік жүйесіне жарықшақ кірді. Көп хан сайлау секілді «демократиялық» еркіндік біртіндеп хандық биліктің біржола әлсіреп, Ресей аймақтық әскери губернаторлығына тікелей бағынышты кіріптарлыққа түсуіне әкеліп соқса, ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңінде хан атаулының біржола жоғалып, қазақ даласы батысында да шығысында да аға сұлтандар мен сұлтандық басқару жүйесінің ықпалына көшті. Бірақ шын мәнінде, сол аға сұлтандардың өзі қазақ аймақтарын бірнеше бөлікке бөліп, қадағалап отырған әскери-губернаторлар кеңсесіне тікелей бағынышты еді.
Сөйтіп, қазақ елінің ел басқарушылары шағын-шағын әскери-губерноаторлақтардан кеңсе қызметшілерінің лауазымдық құзырынан да төмен пірәдарлыққа ұшырағандығын байқамай да қалды. Атақоныс, жер ең бір әлеуметтік мәселеге айналды. Жерге иелік те біртіндеп сұлтандардың, сол арқылы Ресей патшасы губернаторларының билігіне көшті. [2.15 бет]
Ұлттың тарихы- әдебиеттің тарихы мен теориясында да бедерелен көрінетіндігі рухани дүниенің өзіндік ерекшелігі ретінде де ақиқат шындық. Көркемдік сипаты жағынан ерекше жаратылысты фольклорлық шығармалардың, ауыз әдебиеті мұраларының өзінен де заманалар қойнауында адам санасынан алыста қалған халықтық эстетикалық таным белгілері, тіршілік тынысы еркін танылады. Орта ғасырлар, жаңа дәуір әдебиеті шығармаларының нұсқалы үлгілері ел тарихының толымды көріністерін көзге тосады. Әсіресе, қазақ тарихының айтулы кезеңдерінің суреттері, мағлұматтары мен шындығы сол көркем әдебиет мұраларында сақталып қалғандығы кейінгі жылдарда бұрынғыдан да терең сезіле түсті. Қазақ әдебиетінің ежелден желі тартқан көркемдік-шеберлік топырағына жаңа уақыттың шындығын ашып, талдап-таразылау еншісі тиді. [2.16 бет]





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет