Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны



бет1/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Боран романы
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, 19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы

Кіріспе
Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі – оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков, А.Жылқыбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады [1, 3 бет].Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Тіл табиғатын терең бойлап, жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвистика, этнолингвистика, т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. Әдеби тіл- жалпыхалықтық тілдің құнды, дамыған, барлық халыққа түсінікті, стильдік жағынан сараланған түрі. Әдеби тіліміздің үнемі дамып отыруы қаламгерлеріміздің еңбектерінің әсеріне де тікелей байланысты. Көркем шығарманың тілі, жазушының өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі- қазақ әдеби тілінің дамуына серпін беретін ерекше сала [2, 3 бет].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет