Хііі-хү ғғ. мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи үдерістерге әсері


Алтын Орда мен Хулагу мемлекетінің арасындағы қатынастар



бет2/4
Дата03.12.2022
өлшемі15,91 Kb.
#160986
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 20 Кеменгер
сож4 шыгыс, 438959.pptx, Күйіз үй, form 312-42002, 10 Азық-түлік дүкені
Алтын Орда мен Хулагу мемлекетінің арасындағы қатынастар. Алтын Орда өзі өмір сүрген уақытының бәрінде дерлік келесі бір моңғолдық мемлекет – Хулагу ұрпақтары билеген Иранмен әскери қақтығысқа түсті. Оңтүстік Кавказдағы үстемдік үшін соғысты Берке бастады. Хулагудың соңғы Аббас халифін өлім жазасына кесуі соғыстың басталуына түрткі болды. Негізгі талас Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда жолдары түйісетін, орталығы Тебриз болған Әзірбайжан еді. Соғыс Шыңғыс хан ұрпақтарының өздерін де, олардың замандастарын да қатты өкіндірсе де, Беркенің Дербент түбіндегі жеңісі Жошы ұлысы қуаттылығының дәлелі болды. Оңтүстік Кавказ үшін Шыңғыс хан ұрпақтарының екі ұлысының арасындағы соғыс одан кейінгі жылдары да жалғасты.
Алтын Орда ішкі тартыстармен айналысқан кезде, оның Оңтүстік Кавказға қысым жасауы әлсіреді. Алтын Ордада жеке дара билік нығайған кезде (Тоқта, Өзбек хан), оның Оңтүстік Кавказға таласы қайта жанданды. Әбу Саид ильханның өлімінен кейін Хулагулар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жәнібек хан және одан кейін Тоқтамыс хан Әзірбайжанды уақытша қосып алды. Алайда Темірдің араласуы Тоқтамыстың Әзірбайжанды ұстап қалуына кедергі жасады.
Жошы ұлысы және орыс князьдіктері. Моңғолдардың орыстармен алғашқы қақтығысы 1223 жылы Қалқада өтті. Бұл кезде орыс-қыпшақ әскері моңғол әскербасылары Жебе мен Сүбедейден жеңіліс тапты. 1237 жылы соңында Солтүстік-Шығыс Русь Орталық Еуропаға бағыт алған Бату әскерінің жолында болды. Орыс қалаларын ту сыртында қалдырмау үшін, моңғолдар Рязань, Владимир, Коломна, Мәскеу және басқа да орыс қалаларын бағындырды. Тек Ұлы Новгород қана қиратылмай қалды, оған Бату жүз шақырымдай жетпеді. Жанталаса қарсылық көрсеткен Козельскіні қоршау моңғолдарды жеті аптаға бөгеді. Өз жолында моңғолдар Оңтүстік Русь князьдіктері – Киев, Чернигов, Галичті өртеп, қаңыратып кетті. Кейін Бату Еуропаға жорығын жалғастырды.
Бату шапқыншылығы Русьті әлсіретті: өте көп адам қырылды немесе құлдыққа айдап әкетілді, сатылды. Жаңа адам шығынын болдырмау үшін князь Александр Невский Русь пен Алтын Орданың арасындағы қатынастарды дипломатия арнасына бұрды. 1240 жылы Алтын Орда тарапынан Солтүстік-Шығыс Руське бірде-бір жорық жасалмауы Александр Невскийдің күш-жігері бекер кетпегенін көрсетеді. Орыс князьдері Еділдегі хан ордасына сапар шеге бастады. Олардың кейбіреуі, тіпті Қарақорымдағы ұлы ханның ордасында да болып қайтты. Орыстардың ұлы князін бекіту Сарайда жүргізілді, бұл жерге басқа жерлердің князьдері де сапар шекті. Бұл кезде орыс мемлекеті түбегейлі қиратылмады. Русь қалалары өз дамуын жалғастыра берді, князьдіктің басты атрибуттары, оның ішінде халық жиналысы – вече де сақталды.
Русьтің моңғолдарға вассалдық тәуелділігі оларды алым-салық төлеуге мәжбүрледі. Ол екі жылдам астам уақыт бойы орыс-орда қатынастарының негізгі сипатына айналды. Салықтардың жиналуын бақылайтын басқақ лауазымы енгізілді. Басқақтың басқаруында үлкен әскер болған жоқ, ол тек хандық биліктің беделіне ғана сүйенді. Орыс халқы басқақтық жүйеге қарсы шықты. Нәтижесінде ХІҮ ғ. басында орыс князьдері салықтарды өздері жинай бастады.
Моңғолдар Руське кейде шапқыншылық жасап та тұрды. Шапқыншылықтардың себептері князьдердің бағынбауы мен бүліктер болды. ХІІІ-ХІҮ ғғ. Ростов, Суздаль, Ярославь, Владимир, Углич және т.б. қалаларда Алтын Ордаға қарсы көтерілістер орын алды. Моңғолдар кезінде ескі қала орталықтары – Владимир, Суздаль, Ростов, Переяславль құлдырап кеткенімен, Мәскеу, Тверь, Нижний Новгород сияқты жаңа қалалар бой көтерді. Орыс князьдерінің өзара соғыстары да жалғасып, олар кейде алтынордалық әскерлердің көмегіне жүгінген.
Өзбек ханның кезінде Алтын Орданың Руське көзқарасы неғұрлым қатал бола түсті. Оның тұсында Руське әскердің қолдауымен Өзбек ханның тоғыз «елшілігі» барып қайтты. Көптеген орыс қалалары мен аймақтары ойрандалды. ХІҮ ғ. екінші жартысында Русь пен Орданың арасындағы қатынастар өзгерді. Енді орыс князьдері Орда аумағында жорықтар жасай бастады. Князь Дмитрий Донской кезінде Русьті тәуелділіктен азат ету басталды. 1380 жылы Куликово даласында Дмитрий Донскойдың әскері Мамай әскерін жеңіліске ұшыратты. Алайда 1382 жылы Тоқтамыс тұтқиылдан жасалған соққымен Мәскеуді алып, Алтын Орданың Русьтегі билігін қалпына келтірді. ХҮ ғасырда Мәскеу Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттерге бағыныштылығын жалғастыра берді. Тек 1480 жылы ғана Угра өзеніндегі қарсы тұрудың нәтижесінде Русьтің Алтын Ордаға тәуелділігі тоқтады.
Алтын Орда орыс князьдіктерімен тұрақты сыртқы саяси қатынастар жасаған алғашқы азиялық мемлекет болды. ХІІІ ғасырда моңғолдар Русьті жеңгеннен кейін Русьтің назары Батыстан Шығысқа ауысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет