Химия, биология және география пәндері бойынша интеллектуалдық ойын



бет1/3
Дата27.10.2023
өлшемі115 Kb.
#188875
  1   2   3
Байланысты:
Iс-шараның сценарийі Интеллектуалдық ойын


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ
"Орал "Сервис" технологиялық колледжі" МКҚК


Химия, биология және география
пәндері бойынша
интеллектуалдық ойын
(1 курс)
Өткізген: Тасименова Л.В.


ОРАЛ 2017

Интеллектуалдық ойын «Тапқыр болсан, өзіп көр»


1 курс


Мақсаты: Оқушыларға география, химия және биология ғылымдарының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, жаңа ақпараттық технологияларды қолданып қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, карточка қағаздар.
Жоспары:
1 кезең Таныстыру (Әр топқа 1 мин)
Әр топ аттарын,мақсаттарымен, топ аты жөнінде қысқаша мағлұмат беріп өтеді және өз эмблемаларын көрсетеді
2 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» - әр топқа сұрақтар беру.
3 кезең «Мықты болсаң,тауып көр»
4 кезең «Ойлы болсаң,озып көр» - сұрақтарға жауап беру.
5 кезең тәжірибе түсіндіру, жұмбақтар шешу.
6 кезен қортынды

Бастаушы: Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.


Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйрғандар.
Құрметті ұстаздар, оқушылар 1 курстардың қатысуымен өткізілетін «Интеллектуалдық ойын» білім сайысына қош келдіңіздер!Сайысымызды бастамас бұрын бағалайтын әділ қазылар:
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күні жеңімпазы болады
Ал,ендеше ойынға қатысушы төрт топқа сабырлылық пен жеңіс тілей отырып, ойынымызды бастайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет