Химия факультеті



бет5/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый
обнв н, Аралық бақылау 1, УМК РЯ уровень А2 2019г, Лекция 6, 3 апталық, 6 апталық, 563fc7ecb6ff2dfbc33269187491836b Character-practice-sheet WORD , 1. Ðåñåéäåã³ 1917 æûë?û ?àçàí ò??êåð³ñ³ æ?íå îíû? ?àçà?ñòàí?à û?, Бірөлшемді жиымдар есептер
4. Азот қосылыстары.Фосфор


Аммиактың алынуы мен қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, майыстырылған шыны түтігі бар тығын, лакмус қағаз, ванна.

Қажетті реактивтер: аммоний хлориді, калий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, аммиак, натрий гидроксиді.


1. 1 – 2 г аммоний хлориді мен 1 – 2 г кальций гидроксидінен қоспа дайындау. Аммиактың пайда болуы байқала ма? Қоспаны 157 пробиркаға салып, майыстырылған шыны түтігі бар тығынмен жабу (37 – сурет). Пробирканы қыздыру. Түтікке концентрлі хлорсутек қышқылымен дымқылданған лакмус қағазын апару (не болады?). Реакция теңдеуін жазу. Аммиакты калың қабырғалы, көлемі 50 – 100 мл ыдысқа жинау (аммиак ауадан ауыр ма, жеңіл ме?). Ыдысты жіңішке түтігі бар тығынмен жауып, суы бар ваннаға төңкеріп қою (31б- суретті қара). Біраз уақыт өткеннен кейін не байқалады? Аммиактың судағы ерігіштігі қандай? Ерітіндіде қандай тепе-теңдік орнайды? Неліктен аммиактың су ерітіндісі нашар электролит болып келеді?


2. Пробиркаға 2 мл сұйылтылған аммиак ерітіндісін құйып ысыту. Температура өзгергенде аммиак-су жүйесіндегі тепе-теңдік қалай ығысады? 3. Пробиркаға 2 мл 25%-ті аммиак ерітіндісін құйып, оған азғантай натрий гидроксидін тастау. Не болады? Байқалған құбылысты әрекеттесуші массалар заңы тұрғысынан түсіндіру.


Аммоний хлориді
Қажетті құрал-жабдықтар: шыны түтік, шыны таяқша, лакмус қағаздары, штатив.

Қажетті реактивтер: аммоний хлориді.


Ұзындығы 20 см, диаметрі 1 см шыны түтікке аммоний хлоридін салу. Оны түтіктің ортасына екі шыны таяқшамен қалыңдығы 3 см етіп нығыздау. Шыққан тығыннан 2 – 3 см қашықтыққа тағы кішкене аммоний хлоридін салу. Түтік аузына қызыл және көк лакмус қағазын салу. Түтікті штативке еңкек етіп бекітіп, тығыннан төменгі аммоний хлоридін қыздыру. Лакмус түсінің өзгеруін немен түсіндіруге болады? Газдардың диффузия жылдамдығы қандай заңға бағынады? Аммоний хлоридінің термиялық диссоциациясы нәтижесінде шығатын газдардың қайсысы диффузияға тез ұшырайды және неше есе? Аммоний 158 хлориді термиялық диссоциациясының теңдеуін жазу.


Азот қышқылының қасиеттері

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, фарфор табақша, пипетка, жүн,


Қажетті реактивтер:конц.азот қышқылы, скипидар, киновар, мыс сульфиді.


1. Фарфор табақшаға 1 – 2 мл жаңа дайындалған коцентрлі азот қышқылын құю. 1 – 2 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосып, тартпа шкаф астында (терезесін түсіріп) пипеткамен не түтікпен 2 – 3 тамшы таза скипидар қосу. Не байқалады?


2. 5 пробиркаға 2 мл коцентрлі азот қышқылын құю. Бірінші пробирканы штативке бекітіп және қышқылды қыздыра отырып, бықсыған шырақ апару. Не болады? Екінші пробиркаға кішкене күкірт салып қыздыру. Пробирка суығанда ішіндегісін суға аударып, күкірт қышқылы пайда болуын көру. Реакция теңдеуін жазу. Азот қышқылы құйылған үшінші пробирканы қыздырып, оған кішкене жүн апару. Не байқалады? Күкіртсутек ағысын төртінші пробиркадағы азот қышқылы арқылы өткізу. Реакция теңдеуін жазу. Бесінші пробиркаға кішкене мыс сульфидін салу. Оның азот қышқылында еруін түсіндіру. Реакция теңдеуін жазу.
3. Концентрлі азот қышқылының мырыш пен қалайыға әсерін тексеру. Реакцияны кішкене фарфор табақшасында (тартпа шкаф астында) ептеп қыздырып өткізу керек. Реакция теңдеулерін жазу. Екі пробирка алып, біреуіне мырыштың 2 – 3 түйірін, екіншісіне тап сондай қалайы салу. Екеуіне де 2%-ті азот қышқылы ерітіндісінен 5 мл құйып, келесі сабаққа қалдыру. Келтірілген жағдайда аммоний тұздарының түзілгенін қалай анықтау керек? Реакция теңдеуін жазу. Жасалған тәжірибелер азот қышқылының қандай қасиеттерін көрсетеді?
4. 9 – 12 мл «патша арағын» дайындау. Оны дайындау үшін тұз және азот қышқылдарын қандай көлемдік қатынаста араластыру керек? Аз мөлшерде киноварды (сынап сульфиді) екі фарфор табақшаға салып, біреуіне «патша арағын», екіншісіне концетрлі азот қышқылын тамызу. Екі табақшаны да құм салған моншаға қойып, қыздыру. Не болады? Реакция теңдеуін жазу. Неліктен «патша арағы» азот қышқылына қарағанда өте күшті тотықтырғыш болып келеді? Ерігіштік көбейтіндісі түсінігін пайдалана отырып, сынап сульфидінің азот қышқылында ерімей «патша арағында» еруін түсіндіру.


Фосфор қышқылдарының тұздары
Орто- және пирофосфор қышқылдары тұздарының гидролизі

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, универсал индикатор.


Қажетті реактивтер: ортофосфор қышқылы, пирофосфор қышқылы.


Универсал индикатормен ортофосфор қышқылының бір, екі және үш сутек атомдары ығыстырылған натрий тұздары ерітіндісінің, сонымен қатар пирофосфор қышқылының екі және төрт сутек атомдары ығыстырылған нарий тұздары ерітіндісінің рН анықтау. Реакция теңдеулерін жазып, неліктен бұл тұздар суда ерігенде әртүрлі орта көрсететінін түсіндіру.




Ортофосфор қышқылының кальций тұздары
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка.

Қажетті реактивтер:кальций хлориді, аммиак, натрий гидрофосфаты, натрий дигидрофосфаты.


Үш пробиркаға кальций хлориді ерітіндісін құйып, біреуіне аммиак пен натрий гидрофосфаты ерітіндісін, екіншісіне – тек натрий гидрофосфаты ерітіндісін, үшіншісіне – натрий дигидрофосфаты ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазып, процестердің жүруіне ортаның әсерін түсіндіру. Шыққан тұнбалардың сірке және хлорсутек қышқылдарына қатынасын сынау. Байалған құбылысты түсіндіру.




Ортофосфор қышқылдары тұздарынңың қыздыруға қатынасы (термолиз)

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, тигель қақпағы.


Қажетті реактивтер:натрий тұзы, ортофосфор қышқылы.


Бір сутегі ығысқан ортофосфор қышқылы натрий тұзының бірнеше кристалын тигель қақпағында қыздыру. Ыдырау реакциясын аяғына дейін жүргізу (оны қалай анықтауға болады?). Күйдірілген өнімді суытып, суда ерітіп, одан ерітіндіде фосфор қышқылының қай тұзы екенін анықтау. Реакция теңдеуін жазу. Екі сутегі ығысқан ортофосфор қышқылы натрий және натрий – аммоний тұздарын күйдіргенде қандай өнімдер түзіледі? Тыңайтқыш ретінде ортофосфор қышқылының қандай тұздары қолданылады? Фосфордың, күкірттің және хлордың сондай-ақ азоттың және фосфордың оттекті қышқылдарының күшін салыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет