Химия және экология


«Химия және экология» қолданбалы курсы бойынша



бет10/11
Дата29.01.2018
өлшемі1,52 Mb.
#35741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Химия және экология» қолданбалы курсы бойынша

түсіндірмелі-анықтамалық сөздік

А

Ауыз сумен қамтамасыз ету- тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз ету, су көздері мен сумен қамтамасыз ету құрылыстарын қорғау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау, салу, пайдалалану, пайдалану орындарына ауызсуды  жеткізу, сақтау, дайындау бағытындағы қызмет.

Автокөлікпен ластануы (Загрязнение автотранспортом) - жер бетімен рельссіз жүретін жүк машиналарының, жеңіл машиналардың, автобус-тардың, тіркеуіштердің және т.б. жүк пен жүргіншілерді тасымалдау кезінде экожүйеге әр алуан қоқыс шығаруының салдары. Тек бір ғана жеңіл машина жыл сайын атмосфераға 600-800 кг көміртек оксидін, 200 кг-ға жуық жанып үлгермеген көмірсулар және 40 кг-ға жуық азот оксидін шығаратьшы есептелген. Автокөліктердің пайдаланылған газында 300-ге жуық зиянды құрауыштар болады. Бұлардың кейбіреулерінің канцероген-дік (қауіпті ісік туғызатын) зардаптары болады. Осы мысалдардан автокөліктердің қоршаған ортаны ластайтын негізгі себепкері екені білінеді. Франция, АҚШ, Германия тәрізді бірқатар шетелдерде атмосфераның ластануының 50-60 пайызы автокөліктің үлесіне келеді.

Азот-кәдімгі жағдайда түссіз, иіссіз газ. Суда оттектен қарағанда нашар ериді. Аудан аздап жеңіл. Топырақта нитраттар түріндеаздаған мөлшерде кездеседі.ауа қрамында 78 пайыз азот бар.

Алебастр (күйдірілген ғаныш). Құрылыс материалы. Ғанышты CaSO4*H2 O 1700 C-дейін қыздыру арқылы алады.Алебастрды сумен араластырғанда тез қатып, ғанышқа айналады.Құрылыста, медицинада қолданылады.

Асфальт. Битум мен минералды қосылыстардың қоспасы.Табиғатта кездеседі. Жол жасауда және электртехникада изоляция материалы ретінде пайданылады.

Атмосфераның жерге жақын қабаты- жердің бетінен бірнеше он метр биіктіктегі атмосфераның шектік қабатының бөлігі.
Ә
Әктас. Кальций оксиді мен гидроксидінің негізінде алынатын қосылыстар. Сөндірілген және сөндірілмеген хлорды әктастар болады. Құрылыс материалдарында, тері илеу өндірісінде суды тазалау үшін қолданылады
Б
Балшық (глина). Сазды минералдан тұратын және қышқылға төзімді материалдар. Керамика өндірісінде қолданылады. Химиялық құрамы жағынан гидроалюмосиликаттар басым келеді. Геологтардың анықтауы бойынша табиғатта 60-қа жуық түрі бар. Балшықтың ең негізгі қасиеттері-икемділігі (пластичность), жұмсақтылығы, одан түрлі формалар жасауға болатындығы.

Бензин. Қайнау температурасы 30-205°С аралығында, құрамы көбіне С4 –С12 аралығында болатын, құрылысы әр түрлі көмірсутектердің қоспасы.Техниканың жағармайы ретінде қолданылады. Құрамында қаныққан, қанықпаған ароматты, нафтенді көмірсутектермен бірге күкірт-ті, азотты, оттекті қосылыстар болады.Негізінен мұнайдан алынады.

Бетон. Құрылыс материалы. Қазіргі заманғы құрылысты бетонсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бетон табиғаттағы тастың орнын алмастырады. Бетон-жабысқақ заттардың қиыршық тас,күлмен қоспасы, құрамында 10-15% цемент кездеседі. Бетонның арасында темір (арматура)қосса, темір-бетон шығады.

Биосфера (гр.биос—тіршілік, өмір, гр.сфера-шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.Биосфера - тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2-3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И.Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

1.Тропосфера 2.Гидросфера 3.Литосфера 4.Ноосфера

Биосфераның ластануы- адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).

Биосфераның радиоактивтік ластануы (Радиоактивное загрязнение биосферы) - қоршаған табиғи ортадағы радиоактивтік заттектер құрамының қалыпты деңгейден асып кетуі. Бұл табиғи және антропогеңдік факторлардан болады.

Биосфераның радиоактивтік ластануыныңтабиғи факторларынағарыштық сәулелену, литосфераның радиоактивті элементтері; антропо-гендік факторларына радиоактивтік кендерді өндеу, радионуклидтерді шаруашылықтың әр түрлі салаларында қолдану, АЭС-тегі және косіпорьшдардағы апаттар, ядролық-техникалық қондырғылар, бейбіт мақсаттағы ядролық жарылыстар, ядролық қаружарақты сынау және т.б. жатады. Мысалы, АЭС-те апат кезінде ортаның радионуклидтермен (стронций-90, цезий-137, церий-141, йод-131, рутений-106, т.б.) ластануы бірден артады.

Бұзылусыз даму (Развитие без разрушения) -БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасына (ЮНЕП) сәйкес 1970 жылдардың ортасында ұсынған тұжырымдамасы. Оның орнына экодаму тұжырымдамасы келді, содан соң, әсіресе, Рио-де-Жанейро қаласында 1992 жылдың маусым айында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта жөне оны дамытуға байланысты конференңиясынан кейін қабылданған тұрақты даму тұжырымдамасы кең қолдау тапты

Г

Геронтология- қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім.

Гериатрия- жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім.

Д
Дизеляция-автокөлік құрылысындағы маңызды магистральдың бағыты.

Детонация-бұл қопарылыс тәрізді отынның тез жануы. Бензин мен ауа қоспасының қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация дейді.

Детонациялық беріктілік-бұл бензиннің детонацияға қарсы тұратын жанғыш қоспалар түзу қабілеттілігі.

1 кг бензиннің толық жануы үшін 15 кг ауа қажет (нақты 14,7).Ауаның бұл мөлшерін теориялық қажетті ауа деп,ал құрамында ауаның осындай мөлшері бар қоспаны-қалыпты қоспа деп санайды.

Егер қоспада 1кг жанармайға,15кг артық,бірақ 17кг аспайтын ауа болса,оны кедейленген,ал 17кг артық ауа болса-кедей қоспа деп атайды.

Егер қоспада 1кг жанармайға 15 кг кем,бірақ 12 кг кем болмайтын ауа болса,оны байытылған,ал 12 кем болса-бай қоспа деп атайды.


Е
Ерітінділер- кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі.

Кейде олардың арасындағы байланыстың беріктігі соншалық, ерітінділерді суытқанда еріткіштің біраз мөлшері еріген затпен бірге кристалданады. Оларды жалпы сольваттар, ал еріткіш су болғанда кристаллогидраттар деп атайды. Бұл қасиеттер ерітінділердің химиялық теориясына тәжірибелік негіз болды.



Ерекше қауіпті өндіріс–  қауіптілігі ықтимал заттарды бір уақытта пайдаланатын, өндіретін, қайта өңдейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын бөлім, қондырғы, цех, сақтау орны, қойма, бекет немесе басқа да өндіріс.
Ж
Жер асты суының ластануы- адам әрекеттерінен ластанған жер беті суларынан, басқа да қалдықтардан жер асты суларының ластануы. Әлемде Жер асты суының ластануы кеңінен орын алып отыр, әсіресе АҚШ-та жене Батыс Еуропада. Жер асты суларының тек беткі қабаты емес, сонымен қатар төменгі қабаттары да ластануда (артезиан сулары). Ластаушы заттектердің жер асты суларына қалай түсетіні әлі толық анықталмаған.

Жерді қалпына келтіру- қоршаған ортаны және бұзылған жерлердің құнарлылығы мен халықтық-шаруашылықтық құндылығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар кешені.

Жер асты сулардың ластануы- 1) сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді; 2) жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде алғашқы қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектер-дің сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы. Жер асты суларының ластануы өндіріс орындарының сарқынды суларының жер бетіне бейберекет жіберілуінен, суғармалы жерлердің, елді мекендердің коммуналдық-тұрмыстық және басқа да ақаба сулардың жерге сіңуінен және т.б. салдарынан болады. Құрамында ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, сынап, т.б.) бар сулар адам денсаулығына өте зиянды. Сапасының өзгеру деңгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді: 1) аздап (сәл) ластанған – су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ пайдаланудың нақтылы түрлері үшін шектелген рауалы шоғырланудан (ШРШ) төмен; 2) ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан бірнеше есе артық; 3) өте ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан әлдеқайда артық және ластану кезіндегі ерітінді құрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері ластағыш заттектердің түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттектердің ену жағдайлары, ластану ауқымының белгілері бойынша жіктеледі. Ластанған сулар Қазақстанның кейбір өндірісі дамыған Риддер, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда және мұнай өндіретін Каспий жағалауында кездеседі.

З

Заласыздандыру – дезактивациялау, газсыздандыру және демеркуризациялау арқылы аумақтардың, объектілердің, судың, азық-түліктің, тағам шикізаты мен жем-шөптің радиобелсенді және қауіпті химиялық заттармен, сондай-ақ дезинфекциялау мен уытсызданды-ру  арқылы қауіпті биологиялық заттармен  ластануын және зақымдануын жол берілетін шекті нормаларына дейін кеміту.

Зең саңырауқұлақтары - аскомицет, гифомицет, фикомицет тобына бірігетін жетілмеген саңырауқұлақтар қатарына жататын төменгі сатыдағы өсімдіктер.
К
Кадмий-ПЖ 5-периодтың ІІ топтың элементі.Ақ түсті металл.

Көмір-жер қыртысында миллиондаған жылдар нәтижесінде пайда болатын көміртек элементінің түр өзгерісі.Көмірдің тіршілік барысындағы ең маңызды қасиеті-жанатындығы,жанған кезде жылу бөлетіндігі.

Адамзат баласы осы жылудың нәтижесінде қазірге дейін тіршілік етіп келеді.Химия ғылымында «түссіз көмір», «сары көмір», «жасыл көмір», «көк көмір», «көгілдір көмір», «қызыл көмір» деген түсініктер бар.

Түссіз көмір-газ,сары көмір-күн энергиясы,жасыл көмір-өсімдік тектес отындар,көкө көмір-теңіздің көтерілуі және қайтуы кезіндегі энергия,көгілдір көмір-желдіңкүші,қызыл көмір-жанартау энергиясы. Көмірдің тағы біртүрі-антрацит көмірі, тығыздығы жоғары, жылтыр көмір, құрамында 95% көміртек бар, отын ретінде қолданылады.

Көміртек- ПЖ ІІ периодта, ІҮ топтың негізгі топшасында орналасқан элемент, бейметалл.Ол табиғатта бос күйінде де, қосылыстар түрінде де кездеседі.

Көміртек (ІІ) оксиді-түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала жанғанда бөлінген иіс газымен дем алса, адам уланады. Өйткені иіс газы ағзада гемоглобиннің оттекті тасмалдауына мүмкіндік бермейді.

Көміртек (ІҮ) оксиді- иіссіз, түссіз газ, тыныс алғанда, органикалық заттар шірігенде, жану кезінде түзіледі. Ауадағы мөлшері 0,03 пайыздан аспау керек. Көмірқышқыл газының мөлшері одан асып кетсе, адамның тыныс алуы қиындайды.

Кермектік (Жесткость)-ерітіндідегі белгілі бір қоспалар концентра-циясының сипаттамасы.

Концентрация-жүйенің құрамын көрсету түрі;сандық мәні заттың саны мен (молекула саны,берілген құраушының массасы немесе моль саны) жүйенің барлық көлемінің өлшемдік қатынасына тең.

Күкірт (ІҮ) оксиді ( күкіртті газ деп те атайды)- түссіз, өткір иісті газ. Көп мөлшері (ауада 0,03 пайыз болса) адамды уландырады. Суда өте жақсы ериді.
Қ
Қағаз-алдын-ала ұсақталған өсімдік талшықтарының (целлюлоза) ретсіз араласып, өзара байланысу күштері арқылы түзіледі.

Ғылым мен техниканың өсуіне байланысты қазіргі кезде қағаздың көптеген түрлері жасалынды; жылтыр (мелованная) қағаз, пергамент, желімді, желімсіз, фотографиялық,

синтетикалық, фильтрлі, индикатор қағаздары бар.

Қауіпті зат – өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе уытты қасиеттерінің салдарынан  адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерге қауіп төндіреді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар− қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыс.

  Қауіпті заттың рұқсат етілген шектегі концентрациясы – суда, топырақта, ауада, азық-түлікте, тамақ және азық-түлік шикізатында болатын қауіпті заттың ең жоғары мөлшері, көлем немесе салмақ бірлігімен өлшенеді және адаммен ұдайы жанасқанда немесе оған белгілі уақыт аралығында әсер еткенде, адамдар өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян әкелмейді және қолайсыз салдар тудырмайды.



Қауіпті биологиялық зат –  табиғи немесе жасанды биологиялық зат, онымен жанасқан жағдайда адамдарға,ауылшаруашы-лық    жануарларына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.

Қалдықтар – шикізаттың, материалдардың, сапасыз және қосалқы өнімдердің, пайдаланылған және өзінің бастапқы тұтынушылық сапасын жоғалтқан даяр өнімдердің қалдықтары, олар белгіленген тәртіп бойынша белгіленген жерлерде орналастырылады, кейін пайдаланады, қайта өңделеді, жойылады; пайда болу көзіне байланысты тұтыну қалдықтары мен өндіріс қалдықтары болады. Бұдан басқа, қауіпті қалдықтар – технологиялық қызмет қалдықтары, пайдалануға келмейтін химиялық өнімдер және  адамға және экологиялық жүйеге зиян келтіретін және тағы басқалар, сондай-ақ уытты қалдықтар – құрамында қалдықтармен жанасу процесінде де, сондай-ақ осы қазіргі және кейінгі ұрпақ өмірінің кейінгі жылдары білінетін адам ағзасына тигенде денсаулығына ауытқулар тудыруы ықтимал заттары бар қалдықтар.

Қалдық шаруашылығы – қалдықтардың қауіпсіз қапталуын қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстар кешені.

Қорғасын- ПЖ ІҮ топтың ҮІ периодында орналасқан. Қорғасынның барлық қосылыстары улы.

Қоршаған орта – адамзат өмір сүретін қоғамдық-өндірістік қызмет ететін орта, оған қоршаған табиғи орта және өзі құрған жасанды (техногендік) орта да қосылады, яғни адамның еңбегі мен еркі арқылы табиғи заттардан құрылған және жаратылған табиғатта ұқсасы жоқ (ғимараттар, құрылыстар және т.б.) орта элементтерінің жиынтығы.

Қоршаған ортаның ластануы[ – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропо-гендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Қож (Шлак)-шикізатты отпен өңдеген соң қалған сұйық қалдықтар қатайғанда түзілетін заттар.

Қышқылдар- құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.Мысалы, H2SO4-күкірт қышықылы, HNO3- азот қышқылы т.б.
Л
Ластағыштар (Загрязнители) - қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттер, химиялық заттектер немесе биологиялык түрлер (негізінен микроорганизмдер). Ластағыштар табиғи және антропогендік бірінші реттік ластану көздерінен тікелей және екінші реттік (бірінші реттік химиялық реакция кезінде түзілетін) болып бөлінеді. Сондай- ақ қөректік тізбекте жинақталатын түрақты (ыдырамайтын) Ластағыштарды бөліп көрсетеді. Ластағыштардың көбі (пестицидтер, полихлордифенилдер, пластмассалар) табиғи жайдайда өте баяу ыдырайды, ал улы қосылыстар (сынап, қорғасын) мүлде залалсыздандырылмайды. Әр түрлі ластағыштар-дың табиғи ортаға түсуі бірқатар зардаптарға ұшыратады: өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіреді (ормандар мен мәдени өсімдіктердің өнімділігі азаяды, жануарлар қырылады және т.б.); табиғи биогеоценоздың түрақтылығы бүзылады; металдар коррозияға ұшырайды, соулет имаратгары бүлінеді; адам денсаулығына зиян келеді жоне т.б. 1940 жылдары табиғи өнімдер (мақта, жібек, жүн, сабын, қоспасыз азық-түлік, көксағыз) басым болса, қазіргі кезде олар өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаны ластайтын, қиын синтетикалық өнімдермен алмастырылған. Олар -синтетикалық талшықтар, жуғыш түрлі заттектер, ағартқыштар, жасанды азық- түлік, минерал тыңайтқыштар, синтетикалық көксағыз және т.б. Әсіресе қазба отынды энергия алу мақсатында пайдаланғанда қоршаған ортаға көп ластағыштар түседі. Өндіріс қалдықтары мен атмосфераны ластағыштар (көміртек оксидтері, азот оксидтері, көмірсутектер, қатты бөлшектер және т.б.) көміртектің табиғи айналымын бүзады. Соның салдарынан көшетхана эффектісі, фотохимиялық у түтін пайда болады. Өнеркәсіптің түрлі салаларыластағыштар көзі болып табылады. Әсіресе дүние жүзіндегі металлур-гиялық кәсіпорындар атмосфераға жыл сайын 150 мың т-дан астам мыс., шамамен 120 мың т мырыш, 90 мың т никель, кобальт, сынап және т.б. ластағыштарды шығарады. Олардан шығатын зиянды қалдықтар өсімдіктер мен тірі организмдердің қырылуына .

Ластану- адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы), химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары), биологиялық (микробты, бактерия-лық, вирусты) және механикалық Ластану (агенттердің өз арасындағы Ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. Ластану көздеріне қарай: өндірістік, көліктік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді. Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфера-лық ауа, су, топырақ. Ауаны негізінен: жылу электрстансалары, түсті және қара металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар, пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды. Ірі қалаларда негізгі Ластану көзі -автокөліктер, себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар (көміртек және азоттың тотықтары, көмірсутектер, қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т.б.) кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 6 -10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның Ластану дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті көрсеткіштер арқылы бақыланады; қара Қоршаған ортаның ластануы.

М

МолярлықКонцентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/м3)

Мыссульфаты(ІІ) гидротация кезінде көк түсті мыс купорасы кристалына айналып, CuSO4∙5H2O, фунгицид түрінде қолданылады.. Және де тұрақсыз мыссульфаты(І) кездеседі.

Мыс- белсенділігі төмен металл. Микроэлемент.Тірі организм-дердегі тіршілік үшін маңызды процестерге қатысады.

Мұнай гақ кешендері кәсіпорындарының өндіріс қалдықтары – технологиялық жабдықтарды жөндеу және тазарту барысында жинақ-талған тұзды түзілімдер мен шламдар, технологиялық жабдықтар мен құрылғылардың әрі қарай қолдануға жатпайтын элементтері, кәсіпорынның аумағындағы МГК-нің өндірістік жұмысы барысында табиғи радионуклидтер жинақталуы мүмкін жер қабаты мен топырақ.

Н

Нитраттар-азот қышқылының тұздары. Суда жақсы ериді. Күшті тотықтырғыштар. Калий, натрий, аммоний және кальций нитраттарын селитра деп атайды. Олар өсімдікті қосымша қоректендіретін минералдық тыңайтқыштар ретінде қолданылады.

Норматив − экологиялық құрамалар мен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға адамзаттың қолайсыз шаруашылық әрекеті әсерінің рұқсат етілген дәрежесін анықтайтын көрсеткіш.
О

Озондау– арнайы жабдық – озонатордың көмегімен суды озонмен залалсыздандыру әдісі.

Октандық саны-бұл зерттелетін бензиннің жануы сияқты,эталондық отындағы изооктанның мөлшерінің пайызы.Октандық сан бензиннің детонациялық бекемдігін сипаттайды.
От. Жану үрдісін адамзат баласы ерте кезден пайдаланады.Осы реакцияның нәтижесінде тіршілік етіп,осы кезге дейін оттың жануы мән-мағынасын жойған жоқ. Оттың жануының арқасында адамзат баласы жылынды, жарық көзі ретінде қолданды, тамағын пісіріп жеп, түрлі қасиеттерін пайдаланды. Отқа байланысты химия ғылымында көптеген түсініктер бар. Олар:

Оттық-сіріңкені жасамай тұрып алғашқы адамдар от алу үшін пайдаланған шақпақ тас (кремний қосылысы).Шақпақ тасты бір-біріне ұрып не үйкеген кездегі ұшқыннан тез жанғыш затты жандырып алу арқылы от алу үрдісі;

«Доберейлер» оты (химиялық)-бертоле тұзының күкіртпен қоспасына күкірт қышқылын (концентратын) қосқанда шығатын зат;

«Грек оты»-селитра, көмір, күкірттің қоспасы,т ез тұтанады. Ертедегі гректер осы қоспа арқылы қалаларын қорғады;

«Батпақ оты» (кезеген от)-батпақта не бейіттерде кездесетін органикалық заттардың шіруі нәтижесінде жаңғыш газдардың (силан,фосфин) жануы;

Отты пышақ-темір, алюминий ұнтағының үлкен қысымда оттек қатысумен жануы. Қызуы 3500°С жетеді, нәтижесінде пышақ тәрізді темірді не бетонды кеседі.

Бенгал оты-бертолле тұзы, қант,с тронций тұзы қоспасы. Ашық жалынмен, түрлі түске боялып жанады. Түсті стронций тұзы (қызыл), барий не мыс тұзы (жасыл), литий тұзы (қызыл) қосылса өздеріне тән түске боялады.

Эльма оты-заттың ұшында пайда болатын электр заряды. Ол найзағай ойнағанда пайда болады.А тауы Италияның Эльма қаласындағы шіркеуде пайда болуына байланысты қойылған.

Органикалық тыңайтқыштар-жануар текті / мал қиы, құс саңғырығы/ және өсімдік текті заттар.
Ө
Өртке қауіпті заттар– Цельсия 61°С-қа дейінгі температурада жанудың сыртқы көздерінен оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар.
П

Пайдалы қазбалар (Полезные ископаемые)-шаруашылық салаларына қажетті,экономикалық жағынан аса тиімді табиғи минералдық заттар.

Пестицидтер (латын сөздерінен pesis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар.
Р
Рұқсат етілген шектегі қашыртқы– суқоймасы мен оның сапасына теріс әсер етпейтін, ағынды сулардың су объектілеріне түсетін зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейдегі мөлшері.
С
Суды хлорлау− залалсыздандыру мақсатында ауызсуды немесе ағынды суды хлор ерітіндісімен өңдеу.

Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі – тұтынатын орындар мен жалпы пайдаланатын ашық жерлерге ауызсу беруге, жинауға, дайындауға, сақтауға арналған қондырғылар, ғимараттар мен құбыр кешені

Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН3СН(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегізат алмасу нәтижесінде түзілетін маңызды аралық өнім. Сүт қышқылы суда, спиртте, глицеринде, эфирде жақсы еритін түссіз кристалдар. Оның тұздары және эфирлері лактаттар деп аталады. Сүт қышқылын дегидраттағанда акрил қышқылына, ал сұйытылған минералды қышқылдармен қыздырғанда құмырсқа қышқылына айналады. Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады. Бұлшық еттің шаршауы ондағы гликогеннің азайып, сүт қышқылының көбеюіне байланысты. Егер оттек жеткілікті болса, сүт қышқылы СО2 мен Н2О-ға дейін тотығады, нәтижесінде қалған сүт қышқылының гликогенге айналуына керекті энергия бөлінеді. Сүт қышқылы және оның тұздары тоқыма, тері илеу өнеркәсібінде, медицинада, т.б. қолданылады.

Судағы заттардың болжалды рұқсат етілген деңгейі − заттардың уыттылық деңгейін шамалау арқылы есептеп, құрылысы жобаланған және жүріп жатқан кәсіпорынның тазалағыш қондырғыларынан шығатын уытты заттардың алдын алу үшін санитарлық қадағалау барысында қолданы-латын судағы заттардың рұқсат етілген деңгейі.

Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Су-әлсіз электролит, ол өте аз мөлшерде ыдырайды:Н2О- Н+ + ОН- Кез келген бейорганикалық қосылыстардың су ерітіндісінде Н+ және ОН- иондары болады. судың диссоциациялық константасы мынадай:

                             [H+]*[OH-]

                    Кд =     H2O               не Кд*(Н2О)=[H+] [OH-]

   Кд-1,8*10-16 судың 22ºС

   [H2O]= 1000г/л    1000г/л/18г/л=55,56моль/л

   Онда [H+] [OH-]=1.8*10-16*55.56=10-14 моль/л



  Суда және кез келген су ерітіндісіне Н, ОН иондары концентрациясының көбейтіндісі- тұрақты шама, оны судың иондық көбейтіндісі деп атайды және Кс  және КШ деп белгілейді. Теріс дәрежелі көрсеткіштер санын қолдану өте қолайсыз. Сондықтан сутек иондарының концентрациясын сутектік көрсеткіш арқылы бейнелейді және оны рН деп белгілейді. Сутектік көрсеткіш(рН) су ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын көрсетеді. Ол сандық түрінде моль/л өлшенетін сутек иондары (Н) концентрациясының теріс ондық логарифмне тең:(рН=lg[H]  не pH=-lgc(H)). Бейтарап ерітіндіде рН-7, қышқылда рн<7, сілтіде рН>7.

Суқақ (Накипь)-кермек суды қайнатқанда және буландырғанда ыдыстың ішіндегі қабырғаларына,түбіне жабысып,қатып қалатын тұз шөгіндісі.
Т
Тат – еттің ішіне енбеген, тері бетінде майдың тотығуы – сыртының сарғаюы, ащы дәм, зәйтүннің ашқылтым иісі –балықты сақтау талаптарының және мерзімінің бұзылуы.

Табиғи радионуклеотидтер– уран − 238, торий − 232 және калий – 40 қатарындағы радиобелсенді элементтер.

Табиғаттағы қорғау іс шаралары-жерасты гидросферасын және қалдық қоймалары орналасқан жерүсті ауданын және қоршаған аумақты қоймада сақталатын қалдықтардың жағымсыз әсерінен қорғауға арналған шаралар:
        - жерасты гидросферасына әсерді азайтуға арналған құрылыс кешендері (әртүрлі экрандар, дренаждар, шымылдықтар және т.б.)      
       -   қоймадағы заттардың эрозиялық тұрақтылығын және қоршаған ортаға беретін әсерін болдырмайтын қолданыс кезінде қолданылатын қорғаныс тәсілдері және технологиялық әдістер.

Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр метал-дардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақтадизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2-3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.

Топырақтың химиялық ластануы-топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялықзаттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8-10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардантопырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкенмөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді -топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді

Каталог: uploads -> doc -> 0227
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0227 -> Сабақ барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет