Химия және экология


Суалту арқылы алынған тұз мөлшері



бет9/11
Дата29.01.2018
өлшемі1,52 Mb.
#35741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Суалту арқылы алынған тұз мөлшері




Тұздың судың мөлшері

Қайнату ұзақтығы

Кеппей тұрған кездегі тұз мөлшері

Кепкеннен кейінгі тұз мөлшері

1 литр

20 минут

300 грамм

250 грамм

Соңғы жылдарда байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі егіс алқаптары сапасының төмендеуіне,топырақтың құнарсыздануына және тұздануына себепші болады. Осыған орай топырақтың қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді арамшөптерге қарсы қолдану жыл сайын ұйымдастырылып отыр. 1996 жылы егістіктерге тыңайту мақсатымен 1 млн т минералды және 33,2 млн т органикалық тыңайтқыш берілсе, 1998 жылы бұл көрсеткіш артудың орнына16 мың т-ға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша, еліміздегі құнарлы топырақ қарашіріндісінің 19-22 % -ын жоғалтқан.


Сан есептер
1.Жергілікті тұрғындар мекендейтін орындардағы ауа құрамында қауіпті және зиянды коспалардың санитарлық нормаға сай болуы- бұл болуға тиісті орташа күндік концентрациясы (ПДК) болып табылады. Олардың маңызды құрамы: 0,085 мг/м3 азот диоксиді, 0,05 мг/м3 күкірт диоксиді, 0,008 мг/м3 күкіртсутек, 0,03 мг/м3 хлордан тұрады Ауадағы әрбір зиянды қоспаның массалық және көлемдік үлесі мен олардың молярлық концентрацияларын есептеңдер.
Жауабы: 1,8*10-6 моль/м3 азот диокиді; 7,8*10-7 моль/м3 күкірт диоксиді; 2,3*10-7 моль/м3 күкіртсутек; 4,2*10-7 моль/м3 хлор

2. Нигерияда нөсер кезінде жаңбыр суындағы сутек ионының концентрациясы 0,001 моль/л-ге жеткен. Мынадай тапсырмаларды орындаңдар:



  • а/жаңбыр суындағы сутек ионының пайда болуын түсіндіріп, соған сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

  • б/ массасы 1*10 5 т. Жаңбыр суындағы қышқыл массасын есептеңдер.

в/карбонаттық жыныстарға қышқыл жаңбыр әсер еткенде түзілетін СО2 массасын есептеңдер.
3. Күкірт диоксиді негізінен жылу электрстанцияларында қатты отынды жағу нәтижесінде түзіледі. Ол өткір иісті түссіз газ, ол көздің шырынды қабығы мен тыныс жолдарын қатты тітіркендіреді. Күкірт диоксидінің атмосферада болуы «қышқылдық жаңбырлардың» пайда болуына әкеледі, су мен ауадағы оттегінің әсерінен күкірт диоксиді күкірт қышқылын түзеді. Дегенмен барлық өндіріс орны жетілгенгаз тазартатын құрылғымен жабдықталмаған. Көбінесе шығарылған қалдықтарды таза ауамен араластыру болмаса үлкен биіктіктегі түтін шығаратын трубалар арқылы ауа ортасына тарату. Анықталғандай өндіріс орнынан 2 км қашықтықтағы биіктігі 100 м трубадан таралған ауадағы SO2 2,75 мг/м3.Тиісті санитарлық норма көрсеткіші 7,8*10-6 моль/м3 тең болса бұл көрсеткіш мағынасы неше есеге жоғарлайды?

Жауабы: 5,5 есе
4.Жылу электростанциясы тәулігіне 320т тас көмір тұтынады. Көміртегі күкірттің орташа құрамы-0,5%. ЖЭС бір тәулік жұмысы нәтижесінде жаңбырмен бірге түсетін күкіртті қышқылдың максималды мүмкін болатын массасын анықтаңдар. Күкіртті қышқылдың максималды мүмкін болатын массасын анықтаңдар.Күкіртті газды жою қалай жүргізіледі?

Жауабы:m=(H2SO3)=4.1т
5. Тұрмыстық газ плитасында сағатында 250 л /қ.ж/ газ жағылады. Газ құрамындағы пропанның көлемдік үлесі 96% , ол 3 % бутаннан және жанбайтын қоспалардан тұрады. (Көміртек диоксидінің денсаулыққа қауіпті мөлшері жеткенге дейінгі шегі- концентрациясының мүмкін шегі (КМШ) 30г/м3)

1) Егер бөлме желдетілмесе, көлемі 3,5х2,3х2,9 болатын ас үйден газ плитасында ауадағы оттек таусылғанша газдың қандай көлемін үздіксіз жағуға болатының есептеңіз.

2) Газ үздіксіз жағылған жағдайда өздеріңнің ас үйлеріңді қандай уақытта желдетіп тұру керек екенін табыңдар.

Жауабы: V =118,85 л


6. Ауыл шаруашылығында астық қоймасын заласыздандыру үшін дихлорэтан қолданылады. Егер әрбір м3-ке осы заттың 300 грамы жұмсалса, көлемі 500 м3бөлмені заласыздандыру үшін қанша моль дихлорэтан қажет екенін есептеңіз.

Жауабы: 1515 моль
7. Бейорганикалық химия курсын қорытындылау

7.1. «Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны»

Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы жайындағы мәліметтерді сот – медициналық сараптама жасау істеріне пайдаланады. Мысалы, этил спиртінің қатынасында алкогольді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий азаяды. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б. элементтері жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес, артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз бұзылады. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді, ал, бүйректе азаяды. Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, бауырда мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе темірі бар фермент-тердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан да тіршілікте маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе олардың аз мөлшерінің өзі де улы болып табылады деуге негіз бар.



7.2. Дәстүрден тыс есептер
1.

Адамның денсаулығына байсалды әсерді-күкіртті газда береді.Күкіртті газ-ең зиянды газ. Бұл газ, әсіресе зиянын жылдам тигізеді, тыныс алу мүшелері ауратын адамдарға. Ауадағы күкіртті газдың мөлшерін анықтау арқылы бронхит ауруымен ауратын адамдардың санын да есептеуге болады:

y=14,5x-13,3

бұл жерде у-бронхит ауруымен ауырғандардың пайызы, х-ауадағы күкіртті газдың концентрациясы, мг/м3.Сонымен, егер ауадағы күкіртті газдың концентрациясы 0,5мг/м3 болса, 6% адамға, ал концентрациясы ал 6,8мг/м3 болса әрбір адамға қауіп төнеді екен. Бұл болжау, Германия және басқа да елдерде жүргізілген зерттеу жұмыстарымен сай келеді.


2

Мәрмәр үшін өндіріс газдары мен қышқыл жаңбырларынан қатерлі жау жоқ. Мәрмәрдан жасалған архитектуралық және мүсіндік ескерткіштерді сақтау үшін қандай шаралар қолдану керек.

3

Ауылда күні бүгін бензинмен жүретін жүз отыздай автокөлік және дизельді 56 автокөлік бар. Осы жүз отыз автокөлік ауылдан бір рет жолға шыққанда күніне қанша көміртек моноксидін бөліп шығаратынын есептеңіз.

СО бөлінуіне байланысты формула мынадай:

МСО = qCO қызу * t қызу + qCO,L+ qCO,x.x * t x.x

Мұнда:


qCO қызу – автокөлікқозғалтқышын қыздыру кезінде 3В меншікті бөлінуі, г/мин;

qCO,L – аймақты бойлап қозғалғандағы 3В меншікті бөлінуі, г/шқ;

qCO,x.x – қозғалтқыш бос айналған кездегі 3В меншікті бөлінуі, г/мин;

t қызу – қозғалтқыштың қызу уақыты, мин;

L – жолға шығу күнінде аймақты бойлап жүру, шқ;

t x.x – қозғалтқыштың бос айналу кезіндегі жұмыс уақыты, мин.

МСО = 3(qCO қызу * t қызу + qCO,L+ qCO,x.x * t x.x) = 3(9,1 *10 + 21,3 * 0,3 +4,5 *1) = 305,67 г СО

Жауабы:(Бензинмен: МСО = 305,67 / 3 * 130 =13245,7 г= 13,2457 т СО

Дизельді: МСО = 305,67 / 3 * 56 = 5705,84 г= 5,70584 т СО)



ІІІ. Сарамандық жұмыстар
Тақырыбы: Топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігі

Мақсаты:Мектеп учаскесіндегі топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігін анықтау.

Қолданылған құрал-жабдықтар: мектеп учаскесінен алынған топырақ, қышқыл ерітінді, индикатор қағазы, құйғы, фильтр, өлшегіш стакан.

Жұмыс барысы:

Мектеп участкесінен 0,5кг топырақ алынады. Екі фильтрымен стаканға құйғы дайындалады. Алған топырақың жартысын бірінші құйғыға салып үстіне 200мл дисциленген су құйып, ерітіндінің рН анықталады. Содан соң, сол топыраққа 200мл қышқылдық ерітіндіні құйю керек, ерітіндінің рН анықта. Алынғын ерітіндінің рН анықтаған кезде, рН сол 6-ға тең болса, бұл топырақтың қышқылдық жауынды бейтараптауға мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді. Егер алынған ерітіндіде pH=4 болса бұнда топырақтың қышқылдық жаңбырды бейтараптауға қабілеті жоқ деп есептейді.Топырақтың екінші бөлігімен де осындай тәжірибе жасауға болады, бірақ бұған алдымен ізбест қосу керек. Алынған ерітіндідегі рН өзгеруі бойынша қортындыға келуге болады: ізбест қышқылдық ертінділерді бейтараптайды.



Тақырыбы:Нұрлыбай сорының суы мен батпағының құрамы мен тұздылық мөлшері

Жұмыстың мақсаты: Сор суымен батпағының шипалық қасиетін білу.

Жұмыстың орындалу барысы:



Тұндыру: Сордың суын 15-20 минут тұндырамыз. Бұдан ыдыстың түбіне құм мен саз түйіршіктерінің шөккенің байқаймыз

Қорытынды: Көл суы мөлдір сияқты көрінгенімен жел шайқаған судың құрамында көл түбінің жыныстарына тән лай бар.

Сүзу: Тұндырған суды сүзгіден өткіземіз.

Бізге тұз ерітіндісінің сүзгіде қалмайтындығы белгілі.



Суалту: Сүзгіден өткен тұз ерітіндісін отқа төзімді шыны табақшаға құйып спирт шам арқылы суалтамыз. Су әбден буланғаннан кейін табақшада көп мөлшерде тұз қалдығы қалады.

Қорытынды:Бұл тәжірибеден біз көл суының тұз ерітіндісіне қаныққан концентрациялы екенін білеміз. Күн қақтаған көл суы суалғанда сордың бетінде қабыршақ тұздың қалыптасуы сондықтан.

Батпақтың түсін анықтау: Сордың қабыршақты тұз қабатының астындағы батпақтың беткі жағынан бір шөкім алып, ыдысқа салып таяқшамен араластырдық. Батпақтың түсі бозғылт сұр. Қоймалжың, майлы Бұл қабаттың қалыңдығы 7-9см

Иісін анықтау: Өзіне тән сор иісі бар

Екінші қабаттың түсін анықтау: Бозғылт сұр қабаттың астында қара немесе қара-көк түсті қабат бар.

Осы қабаттан бір уыс алып шыны ыдысқа салып таяқшамен араластырдық.

Бұл қабаттың майлылығы үстіңгі қабаттан да жоғары. Әрі қоймалжың,қою қаймақ сияқты.



Иісін анықтау: Бұл қабаттан күкіртті сутектің иісі шығады.

Қорытынды: Ежелден халықтың сорға келіп ем алуы, емнің буын аурулары мен құздама (ревмотизм) ауруларынан сауығып кетуге себеп болуы сордың батпағының шипалы екендігінің куәсы.
Суалту арқылы алынған тұз мөлшері


Тұздың судың мөлшері

Қайнату ұзақтығы

Кеппей тұрған кездегі тұз мөлшері

Кепкеннен кейінгі тұз мөлшері

1 литр

20 минут

300 грамм

250 грамм




Каталог: uploads -> doc -> 0227
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0227 -> Сабақ барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет