Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


С Ә Т Т І Л І К Т І Л Е Й М І Н !



бет6/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
С Ә Т Т І Л І К Т І Л Е Й М І Н !




ІІ. ХИМИЯДАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ


Химиялық зертханада жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелері

Театр киім ілгіштен басталса, химия кабинеті қауіпсіздік ережелерінен басталады. Өйткені, химиялық зертхана - қауіптілігі жоғары орын. Химиялық тәжірибе жасау кезінде жараланып қалмау үшін әрбір білім алушы жұмысқа кірісер алдында төмендегі ережелерді міндетті түрде есте сақтауы тиіс:



  1. З ертханада және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.

  2. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты түрлерімен, әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.

  3. Химиялық зертхана мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: алғашқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім отты сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.

  4. Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын білім алушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тағып алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін.

  5. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.

  6. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап алған жөн.

  7. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.

  8. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын білім алушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.

  9. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Зертханада және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.

  10. Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алындар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек.

  11. Кабинеттегі компьютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе т.т. көз жеткізу қажет.

  12. Әсіресе, қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.

  13. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шайып, содан кейін тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі. 

  14. Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықтарды, реактивтерді, қыздырғыш құралдарын өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не зертханашымен келісіп алып, аластау керек.

  15. Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, қыздырғыш торды өшіргендігіңе, т.т. көз жеткізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет