Химиялық технологияғА ҚЫСҚаша тарихи шолу


Химиялық тепе-теңдікті ығыстыру жолдары



бет4/5
Дата30.05.2022
өлшемі142,24 Kb.
#145517
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лекция ОХТ
Санитария 14 апта, Философия РК дайын 100 (1), 1сабақ презен, Сағынтай Аружан Биобез-1

Химиялық тепе-теңдікті ығыстыру жолдары

Химиялық реакцияның тепе теңдігіне әсер ететін факторлар температура, қысым, əрекеттесуші заттардың концентрациясы болып табылады.

Сыртқы факторлардың гомогенді жəне гетерогенді үдерістердің тепе-теңдігіне əсері Ле-Шателье принципімен анықталынады.

Ле-Шателье принципі: химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйенің жағдайының (концентрация, температура, қысым) біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы əрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.

Химиялық технологияда қайтымды үдерістер кеңінен таралған. Мұндай үдерістерді жүргізу жағдайын таңдағанда тепе-теңдіктің реакция өнімінің түзілу жағына ығысу талаптарын негізге алу керек. Бұл кезде тепе-теңдіктік шығымды арттыру үшін:

Химиялық технологияда қайтымды үдерістер кеңінен таралған. Мұндай үдерістерді жүргізу жағдайын таңдағанда тепе-теңдіктің реакция өнімінің түзілу жағына ығысу талаптарын негізге алу керек. Бұл кезде тепе-теңдіктік шығымды арттыру үшін:

  • экзотермиялық реакция үшін температураны төмендету;
  • эндотермиялық реакция үшін температуарны жоғарылату;
  • көлемнің азаюы бойынша жүретін реакциялар үшін қысымды арттыру;
  • көлемнің артуы бойынша жүретін реакциялар үшін қысымды төмендету;
  • бастапқы реагенттердің концентрациясын арттыру;
  • реакция өнімдерінің концентрациясын төмендету сияқты талаптарды ескеру қажет.

Химиялық-технологиялық үдерістердің кинетикасы

Химиялық термодинамика химиялық реакциялардың жүру бағытын анықтауға жəне реакциялық жүйенің тепе-теңдік күйін бағалауға мүмкіндік береді. Химиялық технологиядағы химиялық өзгерістердің жылдам жүруі, қандай да бір аралық уақытта алынған реакция өнімдерінің мөлшері, күрделі аппараттармен реакторлардың типтерін дұрыс таңдауда жəне олардың конструкциялық өлшемдерін есептеу сияқты практикалық мəні бар сұрақтарға жауап бермейді. Сондықтан химиялық-технологиялық үдерістерге химиялық кинетиканың заңдылықтарын қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет