Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанымен факультативтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы. Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанымен факультативтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі.
Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді. Мұның өзі химияның тұрмыстағы және халық шаруашылығындағы маңызының күн сайын артуымен де байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі.
Өзінің атынан көрініп тұрғандай бұл жұмыстар – оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі.