Хлоропластардың кұрылысы


Хлоропласттардың басты қызметі – фотосинтез



бет2/2
Дата19.10.2023
өлшемі36,17 Kb.
#186809
1   2
Байланысты:
Хлоропластардың құрылысы оку материалы (1)
26. Производство пищеконцентратов на основе зерновых продуктов, оценки ТП 25, граната, Мәтіндік редактор, инвентарный список, 1 жұмыс 26.09, Урок литературы 10 класс на тему А.Островский Бесприданница , Практикум комп мод электрон схем, ФЕРМЕНТТЕР, РУС БМ02 для ПО 06 РУП, 162409, Практические-работы, Практические-работы, Нысандарды кірістіру кесте және олармен жұмыс
Хлоропласттардың басты қызметі – фотосинтез. Сонымен қатар олар аминқышқылдары мен май қышқылдарының синтезіне қатысады. Крахмалдың қорын уақытша жинайтын орын.
Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл, сонымен қатар каратиноидтар тобына жататын пигменттерден каротин (қызғыш түсті) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен байланысты. Дәлірек айтқанда органикалық емес заттардан күннің энергиясының қатысуымен органикалық заттарды синтездеу (фотосинтез) болып табылады. Соңцықтанда хлоропластар өсімдіктің тек күннің жарығы түсетін, жер бетіндегі органдарының клеткаларында ғана болады. Өсімдіктердің түсінің жасыл болуы хлоропластарға тікелей байланысты болады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде хлоропластардың формасы көп жағдайда линза тәрізді болады. Олардың диаметрі 4—6 мкм., ал қалыңдығы 1—3 мкм.-ден аспайды.
Балдырларда жасыл пластидтерді хромотофора деп атайды, олардың формасы мен мөлшері алуан түрлі болады. Олардың формасы жұлдызша, лента, тор тәрізді және басқаша болып келеді (9-сурет). Әдетте цитоплазмада 1-ден 50-ге дейін хлоропластар болады. Олар цитоплазманың қабықшаға жақын қабаттарыңда орналасады. Жарық шашыраңқы түскенде хлоропластар клетканың қабықшасына жақын орналасады және оларға жалпақ жағымен бұрылып тұрады, ал ашық күнде олар клетка қабықшасына керісінше жіңішке жағымен бұрылады немесе бүйірлік қабықшаға ауысып тұрады.
Хлоропластардың ішінде строма деп аталынатын заттар болады. Олар арқылы параллель орналасқан мембраналардың системасы өтіп жатады. Мембраналар жалпақ қапшық тәрізді болады, оларды тилакоидтар немесе ламеллалар деп атайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің тилакоидтарының бір бөлігінің формасы диск тәрізді болады. Бұл тилакоидтар топтасып грандар деп аталынатын бірінің үстіне бірі қаланған кішкентай дискалардан түратын үйінділер түзеді. Хролофилл мен каратиноидтар гранның тилакоидтарының өрбір екі мембранасының бірінде кездеседі. Грандар бір-бірімен строманың тилакоидтарымен байланысып тұрады. Хлоропластардың сыртында орналасқан мембраналар, кейде қатпарлар (складкалар) түзеді де строманың тилакоидына айналады. Стромада ДНК-ның молекулалары, рибосомалар, пластоглобулалар деп аталынатын, липидтердің тамшылары, крахмал дәндері және басқада қосымша заттар болады.
Крахмал фотосинтез процесінің нәтижесінде хлоропластарда түзіледі, оны фотосинтездік немесе алғашқы крахмал деп атайды. Ферменттердің көмегімен фотосинтездік крахмал қантқа айналады, сөйтіп глюкоза түрінде жапырақтан органдардың түзілуіне қажетті зат ретінде тасымалданады немесе артық қор заты ретінде жиналады.
Пайдаланылған әдебиет

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN 9965-822-54-9

  2. Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы: Қазақ университеті, 2009. — 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет