Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx
Соңғы сөз: жақсының игі қылығы мен 
дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы туралы 
321. Жақсы қылық қалпын қатаң қадағала! 
322. Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте. 
323. Қайырымсыз кісі жеміссіз ағаш сияқты 
324. Жеміссіз ағашты кесіп алып өрте. 
325. Өзіңе мейірбандык көрсеткен мұсылманға 
шапағатты бол 
326. Сен де. Ой-дүниеңді мұсылманға бейімде.
Пайғамбар, оған Алланың нұры жаусын, 
былай деген: «Алланың әміріне мойын ұсынып, 
оның жаратқан пенделеріне шапағатты болу 
керек». 


187 
327. Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рақат көрсет. 
328. [Өйткені] қанды қанмен қанша жусаң 
тазармайды. 
329. Тәуір асың болса кісіге жегіз! 
330. Жарамды киім тапсаң, жалаңашты бүтінде! 
331. Ешқашан кісіге азар берме, зорлық-зомбылық 
жасама. 
332. Егер кісіден өзіңе азар-ахирет келсе, кешір. 
333. Жамандық жасаған кісіге сен жақсылық жаса. 
334. Мұны жақсылап ұғып ал. Адамгершіліктің басы
– осы. 
335. Егер кісіден саған жақсылық келсе, 
336. Еселеп қайтар. Ол адамның тілегін тіле. 
337. Жазықты кісінің жазығын кешір! 
338. Дұшпандықтың тамырын [терең] қаз дағы кесіп 
алып аласта! 
339. Ашу, кек оты тұтанып жалындаса
340. Биязылық суын шашып ол отты өшір. 
Алла тағала сәлем айтқан: «Қатты ашуды басу 
керек, адамдардың қатесін кешіру керек», өйткені Алла 
игілік жасағандарды сүйеді. Алланың елшісінің, оған 
Алланың нұры жаусын, айтқандарынан:«Қатты 
ашу келгенде оны тоқтата білген адамның жүрегін Алла 
қасиетке толтырады», – Алланың елшісі осылай 
деген 
341. Адамгершілік бір үй, қарапайымдылық оның 
іргетасы сияқты. 
342. Немесе қарапайымдылық [жасыл] алқап, 
адамгершілік [онда өскен] алқызыл гүл сияқты. 
343. Қолыңда бар болса, кемтарға жәрдем бер. 
344. Бұл сипатты адамға [әркімдер] азат басын құл 
етеді. 


188 
345. Уа, дос, үлкендердің абыройын қастерле. 
346. Пайдасыз егес, орынсыз сықақтан сақтан. 
347. Сықақ саған үлкендердің ашуын келтіреді. 
348. Кішілерді ыза етеді. Мұны жете біліп ал. 
349. Бәле келсе сабыр ет, қуанышын күт. 
350. Қуанышын күте тұр, реніш-қайғысын көтеріп. 
 
Алланың сәлемі мынадай: «Алла сабырлықты сүйеді, 
өйткені әр қасіреттің соңы – қуаныш. Алланың елшісі
оған Алланың нұры жаусын, былай деген: «Жақсылықтан 
үміт етсең, сабыр ет». 
351. Азаптың оты өшеді, табы да кетеді, 
352. Сабырлы кісі сауабын ұстап қалады. 
353. Ұлықтыққа қолың жетсе, өз [қалпыңнан] 
жаңылма. 
354. Егер атлас кисең, [бір кезде киген] бөзіңді 
ұмытпа. 
355. Дәрежең үлкейген сайын ұстамдырақ болып, 
356. Үлкенге-кішіге сыпайы сөйле. 
Соңғы сөз: әр түрлі мағына беретін әр түрлі 
бәйіттер жайында 
357. Ойлап сөйле, астын-үстін сөйлеме, 
358. Сөзіңді арашала – [сонда] кейін басыңды 
арашаламайсың. 
359. Мың кісі досың болса – көп көрме, 
360. Бір дұшпаның болса – аз деме 
Сондықтан пайғамбар, оған Алланың нұры жаусын, 
былай деген: «Мың дос  аз, бір дұшпан көп» 
361. Небір ұқыпты ерден бірер мүлт кетеді. 


189 
362. Небір асқан өнерде бірер мін болады. 
363. Бір айыпқа бола бас кесуші 
364. Дүниеде тірі адамсыз қалады. 
365. Жақсы ісіңмен [елдің] көңілін алып, өмір кеш, 
366. Ақылсыздықтан өзіңді аулақ сал. 
367. Іс істесең, ойланып-толғанып істе, 
368. Керек пе, керексіз бе, анық біліп [ал]. 
369. Қайсыбір іс саған бетпе-бет кез боп қалса
370. Ол істің алды-артын ойла. 
371. Сүйінішті [іс] болса, оған кейін көңіл қой. 
372. Өкінішті [іс] болса одан бұрынырақ сақтан. 
373. Ердің қайыры тектен-текке кетпейді. 
374. Жамандық жақсы істің қарымы бола алмайды. 
375. Ей, жақсылықтан үміт етуші, өзің жамандық 
жасама, 
376. Тікен еккен адам жүзім жинамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет