Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx



ХРЕСТОМАТИЯ 
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ 



ББК 84(0)3 
Е 33 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» сериясының қоғамдық алқасы: С.Қирабаев 
(алқаның 
төрағасы), 
Ж.Әзізханов, 
Ж.Дәдебаев, 
Ә.Дербісәлиев, 
З.Серікқалиев, 
С.Қасқабасов, М.Құдайқұлов. 
E 33 Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғары оқу орындары 
филология факультеттері студенттеріне арналған 
хрестоматиялық оқу құралы (Құрастырған және 
өмірбаяндық деректерді жазған Алма Қыраубаева), 
Алматы, Ана тілі, 1991. 2-басылымы / Баспаға 
әзірлеген: Н. Мәтбек. – А........, 2013. – 374 бет. 
ISBN -5-630-00016-0 
Бұл хрестоматиялық оқу құралы жоғары оқу орындарында 
қазақ әдебиеті тарихы пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында 1991 
жылы (Алматы: Ана тілі. – 280 б.) жарық көрген болатын. 
Жинақтың 
бірінші 
басылымы 
негізінде 
дайындалған 
қолдарыңыздағы еңбекте ежелгі дәуір әдебиеті ескерткіштерінің 
транскрипциялары мен ғылыми аудармалары қамтылған. 
Сонымен бірге бұл кітап қазақ әдебиетінің түптамырын танып 
білгісі келетін оқырмандарға да арналады.
ББК 84(0)3 



АЛҒЫ СӨЗ 
Қай халықтың да әдебиеті сол халықтың тарихымен 
бірге туып, бірге қалыптасып, дамиды. Әр түрлі 
себептермен ұзақ жылдар бойы байтақ әдебиетіміздің ерте 
кезеңі зерттелмей, оқытылмай келгені мәлім. Соның 
салдарынан сан ұрпақ құрдымнан келе жатқан ғажайып 
жыр-дастандар мен даналық кітаптарын біле алған жоқ. 
Туған әдебиетіміздің терең тамырларына алғаш батыл 
барлау жасап, оның көне көзін ашқан, сөйтіп, әрі 
көрегендік, әрі көсемдік көрсеткен кісі әдебиет тарихының 
білгірлерінің бірі, біразымыздың ұстазымыз профессор 
Бейсенбай Кенжебаев еді. Бейсекеңнің жетекшілігімен 
1960 
жылдардың 
басында 
Қазақ 
мемлекеттік 
университетінде қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің жаңа 
мектебі қалыптасты. 1967 жылы «Ертедегі әдебиет 
нұсқалары» 
деп 
аталатын 
тұңғыш 
хрестоматия 
жарияланды. Бұл еңбек қазақ әдебиетінің ең көне, ежелгі 
әдебиеттердің бірі екендігін дәлелдеді. Сол бір тар кезеңде 
Бейсенбай Кенжебаевпен пікірлес, тағдырлас болғанымды, 
туған әдебиетіміздің терең арнасына түсіп, көне көзін 
аршысқанымды, сөйтіп, университет аудиториясында 
тұңғыш рет «Ежелгі әдебиет» деп аталатын лекциялық 
курстың негізделіп қалыптастырылуына өз үлесімді 
қосқанымды бақыт санаймын. 
Міне, содан бері отыз жылдай уақыт өтті. «Ежелгі 
әдебиет» университеттің филология, журналистика фа-
культеттерінде үздіксіз оқытылып келеді. Бұл аралықта 
біраз зерттеулер жүргізілді, біраз монографиялар, жаңа 
оқулықтар жарық көрді. Сөйтіп, байтақ әдебиетіміздің ұзақ 
тарихы жасалды, түркітектес халықтардың әдебиетінің 
миуалы бәйтерегіне айналды. 



Басқа да түркітектес халықтардың әдебиеті тәрізді 
қазақ әдебиеті де тап қазіргі дәрежесіне бірден жете қойған 
жоқ. Бұған дейін сансыз асуларды, ұзақ жылдарды кешкен. 
Тым ерте кездерде шыққан таңбалар, әдепкі жазу-
сызулар, өлеңді тіркестер, мақалды-мәтелді жолдар, толып 
жатқан өлеңдер, аңыз-ертегілер – осылардың бәрі 
халқымызды бейнелі ойға, шешендік өнерге жетелеген 
әдепкі дастандарды, бертіндегі поэмаларды, романдарды, 
драмаларды тудырған өлшеусіз табыстар еді. Көркем 
ойдың осындай жиынтығынан әдебиет қалыптасты. Халық 
санасы өсіп, ойы жетіліп, тереңдеген сайын әдебиет те 
толысып, жетіле түсті. 
Түркітектес халықтар өз әдебиеттерінің тарихын 
бәріне ортақ ертедегі жазу-сызулардан, әдеби нұсқалардан, 
жеке ақын шығармаларынан бастайды. Басқаша айтқанда, 
тегі бір, түрі бір туыстас ұйғыр, өзбек, қырғыз, татар, 
башқұрт, қарақалпақ, түрікпен, әзірбайжан, хақас, алтай 
халықтары өз әдебиетінің тарихын бертіндегі ұлт болып 
қалыптасқан шақтан емес, біріге жүріп тіршілік еткен 
бәрімізге ортақ дәуірден бастайды. Бұл әбден заңды. Сонда 
XV ғасырға дейінгі жасалған әдеби шығармалар, ақын-
жазушылар, 
мәдениет 
ескерткіштері 
түркітілдес 
халықтардың бәріне де ортақ болып, олардың ертедегі 
әдебиет тарихы бір болып келеді. «Ана тілі» баспасы 
шығарғалы отырған, қазақ әдебиеті тарихын тұтас қамтуға 
тиісті көп томдық хрестоматиялық оқу құралдарының 
«Ежелгі дәуір әдебиеті» атты бірінші кітабына, міне 
осы, яғни XV ғасырға дейінгі әдебиетіміздің ортақ 
мұралары енгізілген. Әрине, бұл өте құнды, тарихи- 
әдеби ескерткіштерді бір кітапта түгелдей және толық 
қамту мүмкін емес. Сондықтан ежелгі асыл мұралар, 
негізінен, хрестоматиялық сипатта, ықшамдалған күйінде 
беріліп отыр. Хрестоматияға соңғы жетпіс жылда қазақ 
баспасында мүлдем жарық көрмеген, бірақ халық жадында



құрметпен айтылатын Қожа Ахмед Ясауидің «Даналық 
кітабының» 
(«Диуани 
хикметтің»), 
Сүлеймен 
Бақырғанидың «Бақырғани кітабының», сондай-ақ орта 
ғасырдың тамаша ескерткіштері «Кодекс Куманикустің», 
Сәйф Сараидың «Түркіше Гүлстанының («Гүлстан би-т- 
түркидің), Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтанының», 
Құтбтың «Хұсрау-Шырынының» транскрипциясымен 
және қазіргі қазақ тіліндегі ғылыми аудармасымен 
оқырман тұңғыш рет таныса алады. Осылайша көне 
ескерткіштерді, ежелгі ақындарды оқып-үйренудің қазақ 
әдебиетінің түп-төркінін танып білуде мәні өте зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет