Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx
(Аударған Алма Қыраубаева) 
 
 
 
 
 


321 
 
ХҰСАМ КӘТИБ 
Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтаны» 1370 жылдары 
(қыжыра жыл санауы бойынша 770 жылы) жазылған. Авторы 
жайында жөнді мағлұмат жоқ. Тірлігінде көп жамандық жасап, 
күнәға батқан адамдардың о дүниеде тозақ азабын тартқандығы 
туралы әңгіме, аңыздар Хұсам Кәтибтің поэмасынан бұрын да 
күншығыс, батыс елдеріндегі ақындар шығармаларына негіз 
болған: Иранның атақты ақыны Фарид-ад-дин Аттар (1119 
жылы туған), Италия Оянушылығының алыбы Данте (1265–
1321) осы тақырыпта «Тәңірі комедиясын» жазған. 
Автор «Жұмжұма сұлтанда» жалпы адамшылық, имандық 
ізгі қасиеттерді үлгі етіп, жамандықтан аулақ болуға үйретуді 
мақсат еткен. Поэманың қолжазбалары Ленинградта, Қазанда 
сақталған. Бір нұсқасын 1881 жылы қазақ фольклорисі 
Жұмашев Мәулікей бастырып шығарған. Соңғы жылдары татар 
ғалымы Хатип Госман дастанның алты көшірмесін өзара 
салыстырып, бір текст құрастырып шығарған («Жұмжұма 
сұлтан». Қазан, 1970. Борынғы торки әм татар әдәбиятының 
чығанаклары. Қазан, 1981.) Ұсынылып отырған текст осыдан 
қысқартылып алынған. 
«ЖҰМЖҰМА СҰЛТАН»
(Түрікшесі) 
Ей, «жиһан бақидыр» деганлар каны?
Ешіттің дүния ішін, білің аны:
Чүн бұ ғалам ғақибат йоқ болысар,
Мұндағылар еч бақи қалмайысар,
Бұ ишаратлар ки хұд бізге йетар:
Не кім бардыр маклүкат – мұндын кетар.
Көргіл анларны, кім әууәл кечтіләр,
Һәм йаман, һәм йахшы – барча күчтіләр.
Каны мұнча мың нәбилер уа шаһлар?


322 
Ол бина қылынған ұлұғ даргаһлар.
Каны ол Адам? Каны Нұх уа Хәлил?
Бақи қалмас ғақыбат илла жәлил.
Каны Сафуан, Каны Жәмшид чәһрибад?
Каны Хұсрау, Шырын, Зұлқарнайн ғад?
Каны ол Дақьянус, Шиддад ләгыйн?
Каны ол Намруд уа Фридун гөзин?
Каны кім ол Рүстем уа Асфандияр?
Яхуд каны ол Наушаруан Шәһриар?
Каны ол Махмуд – дін шаһы Газнауи,
Кім тұрар сурәтда дұрұст мағнауи?
Қаны Ибрагим Адһәм – ол кабир,
Кім өзүн – сұлтан екән – қылды фақыр?
Каны Чыңғыс – та һәлак болды қамұғ,
Йа мәлік ахтар ила мәккәрә, мұғ?
Һәрбірісі бұ жиһанны тұттылар,
Илла, ешіт кім, соңында неттілар:
Кеттіләр бір пара бөзга чұлғанып,
Тонлары өз қанларыға бұлғанып,
Мұнча түрлік мал уа ниғматән қуып,
Мүлкәта һәм тахт һәм бактан қуып.
Чүнки келдің дүния – кетмәк керәк,
Бар күчүң иеткәнча хайыр етмак керәк.
Бұ қара йер, кім көрәрсан, түп-тулуғ,
Адам ұланларыдыр кічіг – үлұғ.
Һәр қадам кім йер йүзүнә басарсан
Һәр кадамда адам йүзүнә басарсан.
Бағ ічінда текма бір нәркес чығар.
Үзтүнлары зұлфдүр – көзүң бағар.
Қайу сүнбүл бітар бостан ара.
Зұлфы ерүр шаһларның түн тік қара.
Бұ қара топрақ ічінде нечалар, 
Йатырлар үшбу түн, күндүз кечалар.
Кімі сұлтан, кімі құл, кімі әмір,


323 
Кімі хожа, кімі бай, кімі фақыр,
Кімі ұғлан, кімі шайх, кімі фәта,
Та и мен – Аллаһы бағләм үммәті.
Кімнің топырақын йеллар суырыб,
Кімнің сұнгаклары күнга курыб,
Ұлұғ, кічік, бай уа йүқсын – белгүсіз,
Әмір, міскін, құл уа сұлтан – белгүсіз.
Тыңла емді бұ сөзімга бір мәсал,
Бұ мәсал кім бағдағы битан ғасәл. 
* * * 
Ғиса пайғамбар мүсафирлік қыла, 
Гезәр ерді шам еліндін бір ела. 
Көрді бір сахраны ол хұш мәргазар, 
Сулар ағар, құшлар ұшар зир уа зар. 
Барып ол су йақасында ұлтұрүп, 
Уозу қылұр ерді ол йерда тұрып. 
Көрар ол сахрада бір сахра ташы
Йәна ол таш үзра бір адам башы: 
Не көзі қалмыш, не ағзы, гәудәсі, 
Ағзасында қалмамыш еч нәрсәсі. 
Мәриям ұғлы чүн назар қылды аңа, 
Ғибрат алып, хайрана калды таңа. 
Айды: «Уа, Аллаһи, көрүһдім неча баш, 
Көрмәдім мен йер йүзінда бұнча баш». 
Бақты, йазылмыш алтында екі хат: 
«Кім сен ей баш, мұнча йүріп, мұнча йат. 
Йәна сендін мұнча ішлер кечісәр. 
Соңра жаның кұшы сендін үчысар». 
Мәриям ұғлы хайран ічіндә қалып,
Ол дәм ол екі көзін көккә тікіп,
Айды: «Ей, хақ, хәзрәтің хұд білісәр,
Хажәтім бардыр, ижабат қылысар:


324 
Тіләрім үшбу башың ахуалыны
Тыңлағаймын ез тіліндін халыны».
Хақ бұйырды Жәбрәйілға ол заман:
«Кім сәләмімні елт рухымға рауан:
Сұрайан сөзүң бітірмәсдін бұрын,
Хажәтің тапды ижабатда орын.
Өз қауымынға біраз ренж айласын,
Сұрасын ол баш ди, баш барын сөйләсін!» 
Енді Жәбрәйіл ол дәм йер йүзіне,
Бұ хабарны текүрді аның үзіне.
Ғиса ол дәм баш таба барды йүрүп,
Кім ешіткәй – білгәй ахуалын сұрып,
Айды Ғиса: Ей құрұр адам башы.
Ер мі ердің дүнияда йа сен теше?
Құлмы ердің йа хожамы? – Айғыл сән.
Бекмі ердің йа сұлтанмы? – Айғыл сән.
Баймы ердің, йоқса сән – йоқсыл, фақыр?
Йа гедаймы ердің, йа мүскін, хақыр?
Йа сахи ма ердің сән, йахұд бохыл?
Йа ғазизма ердің? Бәдбәхт? Зәлил? 
* * * 
«Дүнияда мән бір мәлік ердім ұлұғ,
Мүлкәтім мағмұр уа ниғматым толұғ.
Жұмжұма сұлтан еді атым менім,
Ғаләмә чыкмыш еді дадым менім.
Біл, андын дахы неләрім бар еді:
Тахт е гәһім шәһрі мұғаззам еді,
Ұзұны беш күнлік ерді, еңі – үч,
Қылмас ердім анда еч кімсәга күч;
Йәна бір күшк етміш ердім анда мән,
Тулан – гәрзан он мың ерді ей хәкім.
Тышрадын көрінләр «айбат» дер еді.
Ічінә кірәнлар «жаннат» дер еді.


325 
Үстінә мінгән йүгінгейде мәгар,
Йоқса тұрса, башы бұлұтқа тегәр. 
Та қырқ мың уәзірім һәм бар еді,
Мінер ерді түтып арслан һәрбірі.
Он сегіз мың мүғтабар беклер қамұғ,
Күнде екі гәз қылар ерді таһұғ.
Тақы он мың тұтмыш ердім кім күчүн,
Мұхташам құллар йәна ит, ат үчүн.
Он мың ерді йәна чашникйар құлым.
Тапұғ қылмай ашқа сұнмасдым қолым.
Йәна он мың сақи құлым бар еді,
Йәна он мың хазір башмақдар еді.
Йәна он мың жұфтым ай-күндін ары,
Һәрбірі бір падишаның дохтары.
Йәна он мыц қырнақым һәм бар еді,
Хұсн ічіндә әрбірі бір маһ еді.
Текмә хатынға мыңар қырнақ беріп,
Кім сатұб алмыш ердім йармақ беріп. 
Һәрбірі бір хұрыға беңзар еді,
Ол қамұғ мені құшмағқа зар еді. 
* * * 
Йәна бар ерді мәнім хош ғадәтім,
Ол сәбәб чықмыш еді ізгі атым.
Кім келер айды йұмыш, қайда әсір,
Болса мүскін иә ғаріп йа хұд фақыр.
Күнда мың келса еді дәруіш, етім,
Алмайынча кетмас ерді тон, атым. 
Андын үзга бахшиш, ихсанлар үкүш,
Қылар ердім дәрдіга дәрман үкүш.
Кече күндүз ғаділ – дад ерді ішім,


326 
Барча ғалам йер ерді су – ашым.
Күнда сансыз халқ ашым ашар еді,
Анча мың хайуан өліп пішәр еді:
Мың түйе, мың ат, сығыр мың, он мың қой,
Өзгә нигмат, құшны-құртны айтма қой.
Сырча, чинаклар қымыздын пөр еді,
Текрәсіндә мурассағ інжі еді.
Ғалам ічра йайдым еді мунтиқ ат,
Келдісә мәут болур чүн «шаһ – и мат».
Чүн түкәтті ол қүрұғ баш сүзіне,
Ғисаға білдірді ол канд – өзіне.
Ғиса сұрды йәна ол башдын сауал:
«Кім йәна сөзләгіл», ей сахиб залал,
Жан не түрлүк бердің – аны сөзләгіл.
Гөрда не көрдің – хикайат айлағыл.
Һечкім ерса келіп сұрды ма сені?
Ұрдымы, ұхшаттымы йа хұд сені?
Не сифлатлықтыр ол ұжмах, ол тамұх?
Көрдүң ерса сөзләгіл аны қамұғ.
Ахрың нә болды – шарх айлағыл.
Йоқса қой: дүниа сөзін тәрк айлағыл:
Андын айды кім йәна ол құрұғ баш,
Ағзы – йүзі көзіндін ақып йаш: 
* * * 
Олтырыр ердім бір күн тахтымда хош,
Құрып мәжіліс, қылар едім ғайш уа нұш.
Чүра – йанымда хатын қырнақларым,
Кім тәжім тұтар еді, кім – тонларым.
Ғишрат ічіндә еркән, ешіт сөзім,
Түшті бір махбубыма нәгах көзім. 
Алдым аны йаныма зауқ етмага,
Бірге йатыб, қүчүбан ғайш етмага.
Нагахан бір хасса кім кірер, айұр:


327 
«Бір фақыр келді кім ихсан тіләйұр».
Мен хұд ан тік мәжғұл ердім өзіме,
Кім көрінмес ерді ғалам көзіме.
Айдым: «Ей ахмақ, не ихсан уақтыдыр,
Не сәңа, не өзгега сан уақтыдыр». 
Чықты хасса, ол көр, хұд не айламаш:
Барып, ол мүскінгә қатығ сөзләмәш.
Кетті ол мүскіннің көңлі йықылар
Чүн көңіл йықылды – айрұқ не қылұр?
Қалды ойран, ол көңілні йапмадым,
Соңра көп естідім аны, тапмадым... 
Андын соңра чықдым хәлуаттан тұрып,
Шаһидім бірле мұрадымны болып.
Бардым андын соңра хаммамға кім мен, 
Арығсызлықдын өзімні йуғаймын.
Чүн бір тас су кұйдым ердім башыма.
Чыкты бір ғиллат, қабарды башыма,
Түштім ол дем йерга көзім қарайып,
Качты қаным, қалды миңзім сарғайып.
Құлларым чүн мене ан тік көрділәр,
Көтәріп мойынларыға алдылар.
Тахтымға көтерібән міндірділәр,
Хатын – қырнақлар чүрә олтырдылар,
Әсрү йауыз халдә йаттым ол кеча.
Ол білер, кім өз башындын іш кеча.
Ертесі беклар, уәзірлар келділар,
Тегмасі бір түрлік дару қылдылар,
Онмады чүн һечбірісінің дәрусі,
Бәлкім артық олды миңзім сарысы.
Күндін күнә халім имгәнді менім,
Іріді йағым, біләкім, сызды тәнім.
Йеті күндә еч мәжалым қалмады,


328 
Сүнгакім бошады, халім қалмады. 
* * * 
Йатыр ердім бихабар өз халімдін, 
Фарих олып ел – күн, мүлік – малымдын, 
Аны көрдім кім көзімла нагәхан: 
Бір ұлұғ сахра болмыштыр бұ жиһан. 
Чықты бір сурәт кім, алты йүзі бар, 
Қан құйылмыш тасқа беңзәр көзі бар.
Бірі астын, бірі үстін йүзләрі,
Сағ уа сола, артқары һәм ілгері.
Машриқ – мағрип тұтмыш екі қанаты,
«Әзрәйіл» ерміш оған
қойған аты.
Бір еліндә чәңчәл, біріндә қадах,
Көрмәс ерміш кечкән ғұмрұнда фарах. 
* * * 
Қойды көксәм үзрә ол чәңгәл ұчын,
Үчірді ол қадахтан дәхи күчүн.
Айды: «Бір замандын өзіңә келгәйсін,
Қауым – қардашларыңды көргәйсін». 
Жұмжұма чүн ол қадахні қылды нұш,
Чықты жаны, қалды құрұғ гәуда бош.
Келділәр бір кач кіші, көтәрділар,
Алдылар хақ йеріне текүрділәр.
Анча қадар мал-мүлкәт кім, уа уәлі,
Тұтмадылар бір сағат, чықты жаны. 
* * * 
Андын айды: «Йа, Ғиса, тыңла сөзім:
Бір замандын соң йәна ачдым көзім.
Йатмышым бір пара бозга чұлғанып,
Тәнім тұзан тофрақ үзра бұлғанып.


329 
Аһ ұрдым мен: кәні тактым, дәулетім.
Кәні тон – атым йа хұд мал-мүлкәтім.
Кәні мұнча мың құлым уа қырнақым.
Кәні сансыз жауһар, алтын, йармақым.
Кәні мұнча көп ұрұғым, қардашым.
Кәні мұнча түрлік ниғмат, су – ашым.
Мендін соңра барча на – суд қалмыш ол.
Демәгіл кім, меңа асығ қылмыш ол. 
Көрдім андын: көр дидарын бұздылар,
Екі һәйбәтлік феріште кірділәр. 
– Кім тұрұрсыз? – тейу сұрдым қорқудын,
Айдылар: «Бізләр – кираман кәтибин».
Кәфінімдін бір кесәкін үзділәр,
Қылғаным ішләрні анда йаздылар.
Астылар мойнұмға, айдылар: «Білгіл,
Қылдыңыз ерса, ош жазасын көргіл».
Кетті анлар. Келді екі көр йара,
Екі сурат: бірі көк, бірі қара.
Ол екінің қолында отдын ғамұд
Кім аны көрміш еді, гад уа самұд
Көрдім ерса тітрәмак тұтты мені,
Айдым: ей, Жұмжұма, не қылдың, мәні. 
Келіп ол дем мені мәхкәм тұттылар,
Сұрдылар, айбат илә қорқыттылар:
– Кім тұрұр тәңрің тейу, айт, мәжуси.
Йоқса отлуғ ғамуд илә ұрғұси.
Сөзләмәдім ерса, қағып тұрдылар,
Һәрбірі бір гүрзі бірлә ұрдылар. 
Аны көрдім кім: зобанилар келіп,
Бастылар мойнымға отлуғ гүл салып,
Мойнұмға тағып, йүзін сүрәділәр,


330 
Йеті тамұғ ічрә һәм текүрділәр.
Йәнә отдын силсилаға тарттылар,
Андан соңра мені отқа йақтылар.
От йесселегендін ічім күйді йаман.
Чағырубан су тілермін һәм әман.
Ұрдылар, ағзым үнүн өчірділәр,
Бір қадах зәһәр күчүн ічірділәр,
Аны ічтім ерсә бағрым ойнады,
Йүрегім қысылды, ічім қайнады.
Бір заманда ағзым суы құрыды,
Құрсағым күйді, ічім чіріді.
Йәна бір ічірділәр – андын бітәр,
Айдым кім: «Анчақ болұр, ічмәк йетәр».
Йәна бұл йердін мені көтәрділәр,
Йетміш аршын силсилаға тарттылар.
Қағып еңсәмдін, сұғұп аның үчін.
Ағзым ачып, тарттылар тілім үчін.
Создылар тілні – мойнымға салдылар,
Йүзүм бірлә сүрап алып бардылар. 
* * * 
Чүн аны тыңлады Ғиса йығлады,
Ғибадатқа қатығырақ бел бағлады.
Айды: «Құрұғ баш ей, йанә сүзләгіл,
Ол тамұғларны йәна уәсф айлағыл:
Кім нечүкдір һәрбірі, ічра не бар,
Тегмәсінда кім қайу қоллар йанар. 
Жәһаннам 
«Ол жәһннам тамұғында, ей ұлұғ,
Бір қауым көрдім – бічін йүзлүг қамұғ.
Анлар йерміш дүниада нәфәскәрам,
Кім йеміш йермішләр анлар көп харам.


331 
Йәна бір қауым анлар қатында еді,
Башы төбән, азақы үстүн еді.
Анлар ерміш кім бұрұнын көтәріп»,
Йүрүр ерміш һәрбірі: «Мен! Мен! Теп 
Ергә мың һөнәр үгрәнмак құп дәгіл,
Илла болса бір – «мен-менлік» йүп дәгіл.
Йәна көрдім бір қауым хинзир кебі,
Һәрбірінің қарны болмыш тағ кебі.
Дүниада ерміш анлар ел – ара
Кім салырлар ерміш фітнә халқ ара.
Йәна бір тайфа көрдім кім, тұрұр,
Көзләрі йоқ, қайда болса тік йүрер.
Анлар ерміш ұнытып өз-өзләрін,
Өзгәнің ғайбіна салмыш көзләрін.
Йәна көрдім бір қауым мен тілі йоқ,
Һәм тақы бір қауым – азақ елі йоқ.
Тілсіз анлар – хәкімлар ерміш бұрын,
Ігрі хүкім бірлә тұтмышлар орын. 
* * * 
Йәна тайфа көрдім онда мен,
Кім йүрүрләр, халләрі йаулақ йаман.
Тілләрі өз еңсәләріндін чықып,
Қан, ірің тынмас олардын еч ақып.
Анлар ерміш, өз ақуалыны бұзып,
Тұғыры тілін ігрі сөзләрга түзүп,
Йүрүрләр ерміш кім анлар халқ ара
Кімга болса бөһтән – бәләлар сала.
Тақи бір тайфа көрдім анда мен,
Тұтмадым өзімні еч ол санда мен:
Зобанилар алтын ақча сызғырып,
Басар анлар йүзләріне қыздырып,
Йәна алып көзләріне сызғырар,
Не көзі қалыр, не йүзі – қыздырар.


332 
Анлар ерміш ол жиһанда көп, үкүш,
Саны йоқ йығмышлар кім алтын-күмүш.
Не мұны хақ берді теб білер емеш,
Не біліш, не йат, не өзі йер емеш,
Һеч чығармас малыдын хақ үлешін, 
Көр, нечік болмыш ахыр, мұнлар үчүн.
Мың һөнәр болса бір ерга көп дәгүл,
Чүн бохил болса ол анда йұп дәгүл.
Ер әгар болса сахават һәм кәрам,
Ғайбы йоқ үзга һөнәр болмаса һәм. 
Иәна бір тайфа көрдүм көз білә,
Кім сифат қылмаға болмас сөз білә.
Тақи бір қауым азақ үзра тұрүр,
Бір тынмас, отлығ қылыч бірла ұрұр:
Башларыны тәнларыдан айырыр,
Йәна хақ құдратыдан баш бітүрүр.
Анлар ерміш кім болар, йолда тұрұр,
Баш кесіп, қан төкмешлар бағый болып. 
* * * 
Бір ғажайыб көрдүм онда йәна мен,
Кім бәңа ол барчадын келді йаман.
Барча мәстүр ерді аңлар – йалангач,
Не иңінда тон бар, не башында тәж.
һәрбірінің гауратындын қан ағар,
Тамұғ әһлі барча анларға бағар.
Тәнларындын йетміш алуан шыш чығып,
Тыйылмас ерүр һеч қан, ірің ағып.
Һәр қайусы ан тек гөриан йүүрүр,
Қел енді сен, кім ерміш, анларны көр:
Һәрбірі ерміш бір ықылым иесі,
Әлуан ерміш киасы һәм йийасы.


333 
Илла кімга бір күрта кидірмәміш,
Йәна бір тұтқын көрүп құтқармамыш.
Алмамыш һечбір мүскіннің көңілін,
Бермәміш йаланғача бір киімін.
Не бір өлүкка кәфін берміш болар,
Не асыйғ малындын... чүн отта сыздар.
Ахиретта ләжәрем, ан тек жаза,
Тапты ерса һәм жазадыр, һәм саза.
Ол сифтатларны чүн Ғиса тыңлады.
Қазғыру бен йығлазы әм таңлады. 
* * * 
Андын айды баш йәна сөзга келіп:
«Кач мәлаик бәне ол йердін алып.
Иүзүм бірла сурайүбан елттілар,
Бір ұлұғ уади ічіна аттылар.
Ол ұлұғ уади аты Әсфал еміш, 
Йәна көрдүм: анда бір табұт йатыр, 
Айдылар ол табұтқа, бақтым өзі. 
Үч бөлек адам көрүнді көзіма. 
Сұрдым: Дүииа ічра кімлар ердіңіз? 
Айдылар «Сұлтан ердік һәрбіріміз, 
Һәрбіріміз бір мәлік ердік ұлұғ, 
Емді ош мұнда олды бізга тұрұғ. 
Фиск уа ғисман ерді ішіміз бұрұн. 
Емді чайанлар мәканында орұн. 
Халіміз бұ боларын білсак еді, 
Разы ердік кім гедай болсақ еді. 
Кәшкі болғай ердік дүниада фақыр, 
Кім сұлтан болұп, һәм болғұнча хақыр. 
Чүн жиһан сұлтанлығы соңы болұр, 
Уай, аңа кім шад болұп, ғафыл болұр? 
Андын ол табұт ічра кірсам мен, 
Мар уа ғақрап – торт йарыға барсам мен: 


334 
Кімі санчар, кімі ейар – тішлар еді. 
Ол қамұғ мен қылғаным ішлар еді. 
Неча кім етім йеп түкәтсалар, 
Йаңы ет бітарда біраз кетсалар. 
Йығлар ерді ачығындын зар уа зар, 
Айтар ердім кім: «Шафағат қанда бар?» 
Һеч қайусы бақмас ерді сөзүма, 
Һечбір чара табмас ердім өзүма». 
* * * 
Ғиса айды: «Ей баш, бармы хәжәтің?
Бар еса айт: қабұлдыр мүнажатың».
Айды: «Олдұр хажәтім илла менім:
Кім тілайүрмұн тірілгай ош тәнім:
Та ғибадат қылғаймын кач ел тақы,
Тәңірі мені ғафу қылғай, ей ахы!»
Ел көтәрді Ғиса, айды: «Ей, рахым!
Йа самиға, йа мәжиба, йа хакім!
Хәзратыңдын тіләгім ол кім: йәнә,
Бергайсан жан үшбу чіріміш тәна.»
Чүн тіргізді құдрәтіндін хақ аны:
Жан кірді: қайра сан болды тәні. 
* * * 
Қалды баш өз құллұғын тегүрмәга,
Тірілік шүкіранасын келтүрмәга.
Сол заман барды ол Құддұс еліна,
Кірді, ол тұрды бір тау тешігіна. 
Йәнә йетміш йыл ғибадат айлады.
Көр, аңа хақ не ғинайат айлады.
Ғақибат мұғмын олып чықты жаны,
Емді сізлар: «Рахматы!» дейің аны.
Мұхтасар бұ дұр, ей адам ұғланы:
Һәркім ерса не екса, орғай аны. 


335 
Үшбү сөз аңа йәна келді ғазиз:
Ізгі бірлан йауызын қылғыл тамиз.
Мұнча шаһлар кім жиһана келділар,
Бәс, ешітің кім анлар не қылдылар.
Тапмас ерді кеше дүниадан мұрад,
Бөс қалыр ерміш жиһанда ізгі ат.
Тәңрі берген ризықның шүкрің қыл,
Кеча күндүз ізінің зікірін қыл.
Жұмжұма дастаныны ешіткіл сен:
Кім Мисыр шәһріда ерді үшбу тән.
Аты данлы, өзі хас сұлтан еді,
Хасса дүниа сұлтаны, жаны еді.
Кім тарихи йеті йүз йетміш еді,
Кім Хұсам Кәтиб мұны бітміш еді,
Рахмат еткіл барчаға сен, ей рахым.
Қыл шаһадат көңлүні сен мұстақым.
Хәтам қылдым йа илаһи-л галамин,
Йарылқағыл йа илаһи – л ақырын.
Барча құлыңдын келіп тұр көп хата,
Рахматің дәриа сенің, қылғыл гата. 
Аудармасы 
Уа, «жаһан мәңгі-бақи» дегені кәні? 
Есіт дүние ісін (сырын), біл оны: 
Осылай бұл ғалам бір күні жоқ болады, 
Мұндағылардың ешқайсысы мәңгіге қала алмайды. 
Бұл айтылғандар өзі бізге де жетер: 
Нендей махлұқаттардың бәрі бұл өмірден кетер. 
Көр оларды бұрынғы өткендерді, 
Жаман, жақсы барша күштілер (өліп кетті.) 
Қайда кетті, мыңдаған пайғамбарлар, патшалар? 
Олар – тұрған биік дарақтар, 
Қайда Адам (пайғамбар), қайда Нұх пен Хәлилдер? 


336 
Мәңгі қалмас (ешкім) кейінге (өлмей) ол анық. 
Қайда Сафуан, қайда Жәмшид, 
Қайда Хұсрау, Шырын, Зұлқарнайндар, 
Қайда Дақиянус, Шиддад, 
Қайда Намруд пен Фридун? 
Қайда кәні Рүстем мен Асфандияр? 
Қайда Яхуд, Наушаруан билеуші? 
Қайда ол Махмуд дін патшасы Ғазнауи? 
Оның келбетіне мағынасы сай еді. 
Ибраһим Әдһам, ол биігіміз қайда? 
Ол өзі сұлтан болса да пақырлық кешкен. 
Шыңғыс хан қайда – бәрі де өлді. 
Мәлік болса да, жауыз, аш көзді болса да, 
Әрқайсысы бұл жаһанды биледі, 
Ақырында не болды, соны есіт: 
Кетті олар бір жапырақ бөзге оранып, 
Тәні өз қандарына былғанып. 
Сонша мал мен дүниені қуып, 
Патшалық пен тақ және бақ қуып. 
Келдің дүниеге – кетпек керек. 
Бар күшің жеткенше жақсылық етпек керек.
Бұл қара жер байқап көрсең топ-толық,
Онда үлкен-кіші адам балалары бар.
Әр қадам жер жүзін басарсың,
Әр қадамыңды адам жүзіне басарсың.
Бақ ішінде әр жерден нәркес гүлдер шығар, 
Бұрымдары да бар, көзіңмен көрерсің.
Таза бақта сүмбіл де бар,
Түні шаһтардың бұрымындай (қап-қара),
Бұл қара топырақ ішінде нешелер,
Күндіз-түнді басынан кешеді.
Бірі сұлтан, бірі құл, бірі әмір.
Бірі қожа, бірі бай, бірі пақыр.
Бірі бала, бірі кәрі, бірі жігіт.


337 
Қайсысының топырағын жел суырып,
Қайсысының шөптері күнге қурап.
Үлкен-кіші, бай, жоқ-жітік пе белгісіз,
Әмір, мүскін, құл ма, сұлтан ба, белгісіз.
Тыңда енді бұл сөзіме бір мысал,
Бұл мысалым бақтағы балдай шырын.
* * * 
Ғайса пайғамбар мүсәпірлік қылып,
Кезер еді Шам елінен бір елді.
Көрді бір сахарда жасыл алаңды,
Сулар ағар, құстар ұшар зуылдап.
Барып ол су жағасында отырып,
Дәрет алып жуынар еді ол жерде тұрып.
Көрді ол сол жерден сахра тасын, 
Және ол тас үстіндегі адам басын
Не көзі қалмаған, не аузы, кеудесі –
Денесінде қалмаған еш нәрсесі. 
Мәриямұлы назар салды оған,
Ғибрат алып, қайран қалды таңдана.
Айтты: «О, Алла, көріп едім неше бастарды, – 
Көрмедім мен жер жүзінде мұндай бас.
Қарады, алдында жазылған екі хат (бар):
«Ей бас, мұнша жүріп, мұнша жатасың,
Және сенен мұншалық істер өтеді,
Содан соң жанның құсы сенен ұшады 
Мәриям ұлы қайран қалып, 
Сол кез екі көзін көкке тігіп, 
Айтты: «О, хақ (тағала) құдіретін, өзі біледі, 
Өзіңнен тілегім бар, қабыл ет: 
Тілегім – мына бастың ахуалын, 
Өз аузынан тыңдайын». 
Хақ тағала бұйырды Жәбірейілге сол заман 
Сәлемімді жеткіз, рухыма лайықты айт: 


338 
«Сұраған сөзін бітірместен бұрын, 
Тілегі қабыл болды. 
Өз қауымына біраз ренжісін,
(Оның себебін) бастан сұрасын, бас бәрін айтсын» 
Енді Жәбірейіл сол замат жер жүзіне, 
Бұл хабарды жеткізді оның (Ғайсаның) өзіне. 
Ғайса сол кез бастың қасына барды жүріп, 
Хал-ахуалын сұрап есітпекші болды. 
Ғайса айтты: Ей, қураған адам басы, 
Тірлігіңде сен ер ме едің, я әйелсің бе? 
Құлсың ба, я қожасың ба? – Айт сен. 
Бек пе едің, я сұлтан ба? – Айт сен. 
Бай ма едің, болмаса жоқ-жітік пақырсың ба? 
Я кедей ме едің, я мүскін бишара, 
Я мырзасың ба, болмаса сараң ба едің? 
Қадірлісің бе, я бетбақ, қадірсізсің бе? 
* * * 
«Дүниеде мен бір ұлық мәлік (билеуші) едім,
Елім түзу, байлығым толық еді.
Жұмжұма сұлтан еді атым менің,
Ғаламға жайылған еді даңқым менің.
Тыңдап біл бұдан басқа тағы нелерім бар еді: 
Билігімде зор жерім бар еді,
Ұзыны бес күндік, ені үш күндік еді. 
Онда мен ешкімге күш көрсетпеуші едім. 
Және бір сарайым бар еді, 
Бойы мен ені он мың еді ей, хакім. 
Тыстан көрген адам «әйбәт» дер еді. 
Ішін көргендер «жаннат» дер еді.
Үстіне шыққан жүгінер еді, 
Өйтпесе басы бұлтқа тиер еді. 
Тағы қырық мың уәзірім бар, 
Әрбірі арыстан ұстап мінер еді. 


339 
Он сегіз мың бектердің барлығы, 
Күніне екі рет келіп басын иер еді. 
Тағы он мың қаршыға ұстайтын едім, 
Ит, ат үшін күшті құлдарым және бар. 
Ас-су ұстайтын және он мың құлым бар, 
Олар басын имейінше асқа қолымды салмас едім. 
Және он мың сақа құлдарым бар еді. 
Және он мың ай мен күндей әйелдерім бар еді, 
Әрбірі бір-бір падишаның қызы еді. 
Және он мың кәнизагым бар еді, 
Сұлулардың ішіндегі айы еді. 
Бір әйелге мың кәнизак беріп, 
Және ақша беріп сатып алар едім. 
Әрбірі хор қызындай бар еді. 
Бәрі де мені құшуға зар еді. 
* * * 
Және бар еді менің жақсы әдетім,
Сол себептен шығар ізгі атым.
Жұмыспенен кім келсе де,
Мүскін болсын, я ғаріп, я пақыр.
Күнде мыңы келсе де дәруіш, жетім,
Алмайынша кетпес еді тоны мен атын. 
Одан өзге жәрдем алғандар көп, 
Дертіне дәрмен қылғандар көп. 
Кеше күндіз әділ үкімді еді ісім, 
Барша ғалам суымды ішіп, асымды жер еді. 
Күніне сансыз халық тамағымды ішер еді. 
Қаншама мал сойылып, пісер еді. 
Мың түйе, мың ат, мың сиыр, он мың қой,
Өзге тамақ, құс еті, құрт оларды айтпай ақ қой.
Кесе, шанақтар қымызға толар еді,
Жиектерінде қымбат тастар, інжу тұрар еді.
Ғаламға жақсы атым жайылған-ды, 


340 
Небір шаһтарың менің даңқымның алдында 
мат болар. 
Осы қураған бас сөзін түгесті
Ғайсаға білдірді өз жайын.
Ғайса сұрады және ол бастан сауал:
«Және сөйле өкінішті, ей, мырза,
Не себептен жан бердің, соныңды айт,
Көрде не көрдің – әңгімелеп бер.
Ешкім келіп сұрақ алды ма,
Ұқсатып ұрды ма сені?
Қандай екен жұмақ пен тамұқ?
Көрген болсаң бәрін айт. 
Ақыры не болды, жинақтап сөйле (соны айт),
Қой, дүние-тірліктің сөзін айтпа».
Одан соң қураған бас және айтты,
Аузы, жүзі жоқ, көзінен ағып жас: 
* * * 
«Бір күні отыр едім тахтымда қош көңілмен
Сауық құрып, ғашықтықтың ойынын қылып. 
Жанымда қатын-кәнизактарым, 
Бірі тәжімді көтеріп, бірі киімімді ұстап тұр. 
Махаббатқа мас болып отырып, 
Бір сүйіктіме көзім түсті. 
Оған зауқым кетіп жаныма алдым, – 
Бірге жатып, құшып сүймекке. 
Қапелімде қызметшім кіріп айтты: 
«Бір пақыр кісі келді, қайыр тілейді». 
Мен өзіммен-өзім едім, 
Көзіме еш нәрсе көрінбес еді. 
Айттым: «Ей, ақымақ, осы қайыр беретін уақыт па? 
Сенің, өзгенің өзіне арналған уақыты». 
Қызметшім шығып кетті, не істегенін көріңіз, 
Барып, мүскінге қатты сөйлеген. 


341 
Кетті, ол мүскіннің көңілі жығылды, 
Көңіл жығылған соң, одан айырылып не болар, 
Ойран болған көңілді орнына келтіре алмадым, 
Соңынан көп іздедім, бірақ ол адамды таба алмадым. 
Содан соң қылуеттен (аулақ орын) шықтым, 
Сүйіктіммен мақсатыма жеткен соң. 
Одан соң моншаға бардым, 
Көңіл кірімді жумақпын. 
Содан бір бақыр су құйып едім басыма, 
Бір әлсіздік пайда болды, басым айналды. 
Сол мезгіл құлап түстім көзім қарайып, 
Қаным қашты, қалды жүзім сарғайып. 
Құлдарым мені тік көтеріп алды, 
Көтеріп мойындарына салды. 
Көтеріп тағыма мінгізді; 
Қатын-кәнизактарым жаныма отырды. 
Өте қиын халде жаттым ол күні, 
Бұл жағдайды өз басынан өткізген білер. 
Ертесіне бектер, уәзірлерім келді,
Әрқайсысы әр түрлі ем жасады.
Бірақ ешбірінің дәруі дарымады,
Бәлкім жүзім тым сарғайып кеткен болар.
Күннен-күнге халім нашарлады менің,
Жағым суалды, білегім, денем сыздады.
Жеті күнде еш дәрменім қалмады,
Сүйегім босады, халім болмады. 
* * * 
Жатыр едім бейхабар өз халімнен, 
Бөлек болып ел-жұрт, мүлік-малымнан. 
Бір нәрсе көрінді көзіме кенеттен: 
Бір үлкен сахра екен бұл жиһан. 
Шықты бір сурет алты жүзі бар, 
Қан құйылған, тасқа ұқсас көзі бар. 


342 
Бірі астын, бірі үстін жүздері, 
Оң және соң артқары әрі ілгері. 
Күншығыс пен батысты тұтар екі қанаты – 
«Әзірейіл» еді оған қойған аты. 
Бір қолында сүңгі, бірінде ыдыс (шарап құятын) 
Көрмеген еді өткен ғұмырында еркіндік. 
* * * 
Қойды көкірегім үстіне ол сүңгі ұшын,
Ішкізді ол ыдыстан тағы күшпен.
Айтты: «Біраздан соң өзіңе (адамдарға) келесің, 
Қауым-бауырларыңды көресің». 
Жұмжұма содан кейін ол ыдыстан ішті,
Шықты жаны, қалды құр кеуде, басы.
Келді де көп кісілер, көтерді,
Алды да хақ жеріне жеткізді.
Соншама көп мал-мүлкі және жақындары,
Ұстай алмады бір сағат та, шықты жаны. 
Тағы айтты: «Иә, Ғайса, тыңда сөзімді:
Біраздан соң және аштым көзімді.
Жатыр екенмін бір бөлек бөзге оранып,
Тәнім тозаң, топырақ үстінде былғанып.
Аһ ұрдым мен: кәні тағым, дәулетім.
Кәні киімім, атым, өзім, мал-мүлкім.
Кәні сонша мың құлым және кәнизактарым.
Кәні сансыз жауһар, алтын, ақшаларым.
Кәні сонша көп ұрпағым, бауырларым.
Кәні сан түрлі сыйым, ас-суым.
Менен соң баршасы пайдасыз қалар,
Ойламаңдар маған көмегі тиер деп. 
Көрдім тағы: көр есігін бұзды:
Екі айбатты періштелер кірді.
«Кімсіздер?» – деп сұрадым қорыққанымнан.
Олар айтты: «Біздер жақсы-жаманыңды жазып 


343 
отыратын періштелерміз».
Кебінімнің бір шетін жыртып алды,
Қылған істерімді соған жазды.
Мойныма асты, айтты: «Біліңіз–
Не қылсаңыз, соның жазасын тартасыз». 
Кетті олар. Келді екі көр жолдас, 
Екі сурет: бірі көк, бірі қара. 
Ол екеуінің қолында оттан баған бар, 
Көрген адам қашып кетер еді. 
Көрген кезде бойым тітіреп кетті. 
Айттым: «Ей, Жұмжұма, не қылдың енді». 
Сол кезде олар келіп мені мықтап ұстады. 
Сұрады, айбаттанып қорқытты: 
«Тәңірің кім, – деді, – айт, отқа табынушы. 
Айтпасаң отты баған ұрады». 
Сөйлемеген соң олар тұрды, 
Әрбірі бір-бір гүрзімен ұрды. 
Тағы да көрдім: жендеттер келіп. 
Басты мойныма, оттан гүл салып. 
Мойныма жіп тағып, сүйреді, 
Жеті тамұқтың ішіне дейін жеткізді. 
Және оттан шылбыр салып тартты, 
Одан соң мені отқа жақты. 
От өртеген ішім күйді жаман. 
Айқайлап, шақырып, су сұраймын ылғи. 
Ұрды аузымнан, үнімді өшірді, 
Бір тостаған зәһарды күшпен ішкізді.
Оны ішкен соң бауырым күйді,
Жүрегім қысылды, ішім қайнады.
Бір уақытта аузымның суы құрғады,
Құрсағым күйді, ішегім шіріді.
Және бір ішкізді – сонымен бітер,
Айттым: «Көп болды, ішкенім жетер».
Және бұл жерден мені көтерді,


344 
Жетпіс аршын шылбырмен тартты.
Денемді ұрып, сұғып оның ұшын,
Аузымды ашып, тартты тілімнің ұшын.
Созды тілімді – мойныма салды,
Бір жерге сүйреп алып барды.
* * * 
Сонда мұны тыңдап Ғайса жылады,
Ғибадат қылуға қаттырақ бел байлады.
Айтты: «Қураған бас, ей, және сөйле,
Тамұқ туралы және суреттеп айт:
Әрбірі қандай, ішінде не бар,
Әрқайсысында кім, қандай құлдар бар?» 
Жәһаннам 
«Ол жәһаннам тамұғында, ей ұлық кісі,
Бір қауым көрдім – бәрінің беті тілінген (пішілген), 
Олар (болған) еді дүниеде нәпсі құмар,
Арамдықтың жемісін жеген еді. 
Және бір қауым олардың қасында еді, 
Басы төмен, аяғы үстінде еді. 
Олар мұрынын көтеріп, 
Жүрер еді әрбірі: «Мен, мен», – деп. 
«Ерге мың өнер үйренбек құп» деген: 
Үйренгені азға «менмендік» жұп деген. 
Және көрдім бір қауым доңыз дайын, 
Әрбірінің қарны болар таудайын, 
Дүниеде олар алдамшы, 
Адамдар арасына араздық туғызатын. 
Және бір тайпа көрдім, 
Көздері жоқ, қайда болса тік жүрер, 
Олар ұмытып өз-өздерін, 


345 
Өзгенің айыбына салар еді көздерін. 
Және көрдім бір қауым мен: тілі жоқ, 
һәм тағы бір қауым: аяқ-қолы жоқ. 
Тілсіздері – әкімдер еді бұрын, 
Қисық үкім жүргізіп, орында (қызметте) отырған. 
*** 
Және тайпа көрдім онда мен, 
Жүреді, халдері өте жаман. 
Тілдері өз ауыздарынан шығып, 
Қан, ірің, тынбас олардан ағып. 
Олар өз ахуалын бұзып, 
Тура сөзін қисық сөздерге түзеп. 
Жүрер еді адамдарды алдап, 
Кімге де болса бәле-жала жауып. 
Тағы бір тайпа көрдім онда мен, 
Қоспадым өзімді ол санға мен. 
Азаптаушылар алтын ақшаны қыздырып, 
Басар еді көздеріне шыжғырып. 
Не көзін қалдырып, бетіне басар, 
Олар еді жиһанда сансыз көп, 
Саны жоқ жияр еді, алтын-күміс. 
Не мұны хақ берді деп білмес, 
Не қадірін білмес, не жат, не өзі жемес. 
Еш шығармас малынан хақ үлесін, 
Көр, қандай болды ақыры, сол үшін. 
Мың өнері болса, бір ерге көп емес, 
Сараң болса, өнер оған жұп емес. 
Ер егерде жомарт һәм мейірімді болса, 
Айыбы жоқ өзге өнері болмаса. 
Және тайпа көрдім көзбенен, 
Сипаттауға болмайды сөзбенен. 
Тағы бір қауым аяқ үстінде тұрар, 
Бір тынбас, отты қылышпенен ұрар: 


346 
Бастары тәндерінен айырылып, 
Және хақ құдіретімен бас бітірер. 
Олар еді тірісінде жолда тұрып, 
Бас кесіп, қан төккендер аңдушы боп. 
* * * 
Бір ғажайып көрдім онда және мен, 
Көргенімнің баршасынан болды жаман. 
Баршасы киінген еді, ал олар жалаңаш. 
Не иығына тон жамылған, не басында тәж, 
Әрбірінің кіндігінен қан ағар, 
Тамұқтағылардың баршасы оларды көзімен бағар. 
Тәндерінен жетпіс алуан жара шығып
Тыйылмас еді ешбір қан, ірің ағып. 
Әрқайсысы солайынша жалаңаш жүрер, 
Енді сен, кім еді, оларды көр: 
Әрбірі еді бір ықылым иесі, 
Алуан еді кигені мен жиғаны. 
Бірақ біреуге бір күрте кигізбейтін, 
Және бір тұтқын көрсе құтқармайтын. 
Орындамас ешбір мүскіннің тілегін, 
Бермейтін жалаңашқа бір киімін. 
Не бір өлікке кебін бермеген, 
Не артық малынан... солай отта сызар. 
Ақыретте, әлбетте, сондай жаза (алды), 
Тартты жазасын ісіне лайық. 
Ол сипатты (әңгімені) Ғайса тыңдады, 
Қайғырып жылады және таңғалды. 
* * * 
Тағы айтты бас және сөзге келіп: 
Кешегі мәлік – мені ол жерден алып, 
Өзімді ұстады, 
Бір үлкен шұңқырдың ішіне тастады. 


347 
Ол үлкен шұңқырдың аты Әсфал еді, 
Және көрдім: онда бір табыт жатыр, 
Айтты: ол табыт ішіне кір, отыр. 
Кірдім ол табытқа, қарадық өзіне (оған), 
Үш бөлек адам көрінді көзіме. 
Сұрадым: дүние ішіне (тірлігіңде) кім едіңіздер? 
Айтты олар: «Сұлтан едік әрбіріміз, 
Әрбіріміз бір мәлік едік ұлық, 
Енді осында болды біздің тұрағымыз. 
Азғын және алдамшы еді ісіміз бұрын, 
Енді шаяндар мекенінде орын (ымыз). 
Халіміз мұндай боларын білсек едік, 
Разы болар едік кедей болсақ та. 
Кешер едік дүниені болып пақыр, 
Бұрын сұлтан болып, мұндай болғанша ақыры. 
Осылайша сұлтандықтың соңы болар, 
Уай, оған кісі шат болып, қапы қалар. 
Содан ол табыт ішіне кірсем мен, 
Жылан мен шаян – төрт бұрышына тұрсам да. 
Бірі шаншар (инесімен), бірі жер – тістер еді. 
Барлығы менің қылғанымды істер еді. 
Қаншама етімді жеп түгескен соң, 
Жаңадан ет бітер еді, олар кеткен соң. 
Жылар едім ашынғаннан зар-зар, 
Айтар едім: «Шапағат қайда бар?» 
Ешқайсысы көңіл бөлмес еді сөзіме, 
Ешбір шара таппас едім өзіме (халыма). 
Ғайса айтты: «Ей, бас, бар ма (менен) керегің?
Бар болса айт: қабыл болар тілегің».
Айтты ол: «Қажетім мынау менің:
Тілеймін тірілсе деп осы тәнім.
Ғибадат қылармын өткеніме тағы,
Тәңірі мені ғафу етер (кешірер), аһ!»
Қолын көтерді (көкке) Ғайса, айтты: «Ей рақымы 


348 
күштім (Құдайым.)
Есітіп тұрушы, жауап қайтарушы құдірет иесі, 
йа хакім, 
Хұзырыңнан тілегім: және,
Бергейсің жан мынау шіріген тәнге».
Содан тірілтті құдіретімен хақ оны.
Жан кірді: қайыра сау болды тәні. 
* * * 
Қалды бас өзінің құл екенін жеткізбекке 
(құлдық ұруға),
Тірілгеніне шүкірлік қылуға.
Сол заманда барды ол (Ғайса) Құддыс еліне,
Кірді, отырды бір тау тесігіне (үңгірге).
Және жетпіс жыл ғибадат (құлшылық) қылды.
Көр, (сондықтан) оған хақ қалай кеңшілік етті. 
Ақырына дейін (шын) мұсылман болып, шықты 
жаны,
Енді сіздер: «Рақымы түссін (Құдайдың)» деңіздер 
оған. 
Қысқасы, түйіні былай, ей, адамзат:
Әркім не ексе, орар соны.
Мына сөз оған және байланысты:
Ізгілікпен жауыздықты тазала.
Мұнша шаһтар бұл жаһанға келді,
Есітіңдер, аяғында не болды.
Таппады олар дүниенің мұратын,
Тапса, қалар еді жаһанда ізгі аты.
Тәңір берген ризықтың шүкірін қыл,
Өткен күнінде (күн сайын) Алланы есіңе ал. 
Жұмжұма туралы дастанды есіт сен:
Мысыр шаһарында еді ол адам.
Аты даңқты, өзі хас сұлтан еді,
Нағыз дүние сұлтаны, жаны еді.


349 
Тарихи жеті жүз жетпіс (інші жыл) еді,
Хұсам Кәтиб мұны (жазып) біткен еді.
Патша көңілді сен тура жолға сал, 
Тамам қылдым, йа, Алла, 
Жарылқай гөр: йа, Алла, (өмірімнің) ақырын. 
Егер құлыңнан кетсе көп қате, 
Рахымың дәрия сенің, бере гөр жәрдем! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет