«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ


Дәріс тақырыбы: «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» жаңа Қазақстан философиясы Еуразияшылдық және Қазақстанның дамуы



бет40/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023
ХИМКА
15.Дәріс тақырыбы: «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» жаңа Қазақстан философиясы Еуразияшылдық және Қазақстанның дамуы
2.Оқу нәтижелері:-Ойлау мәдениеті және ой-өрісі кең, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық пәндер саласындағы базалық негіздерді біледі және түсінеді;
3.Дәріс жоспары:
1.Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері
2.Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы. «Мәңгілік ел идеясы»
3.Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы-ХХIғасырдағы Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат
4.Дәріс тезистері:

  1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы ой қозғады. Мақаланың кіріспесінде Елбасы әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталғаны, сондықтан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп кеткен қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, нық түйістіру мүмкін еместігіне назар аударды.
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының негізгі мақсаты: біріншіден, ол - әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық нәрселерден бас тартатын адам. Төртіншіден, білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюциялық даму ғана халқының өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол-түрлі тілдерді меңгерген, әлемнің үздік тәжірибелерін алуға және заман талаптарына сай өзгеруге қабілетті, сана-сезімі ашық адам.
Халықтың рухани құндылықтарына тіл, тарих, өзіндік мәдениет, жазбаша мұра жатады. Бұл ежелгі ғалымдардың еңбектері, эпикалық мұралар, музыка, фольклор, дәстүр, сәулет ескерткіштері - бізге бабаларымыздың ұлттық кодын жеткізетін қазақтардың жалпы мәдени әлемі болып табылады.
Президенттің «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы жаңа 100 есім», т.б. жобалар жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді тәрбиелеуде озық тәжірибелер болатынын жеткізді.

  1. Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан артық мерзімінде еліміз жаңғырудың үшінші кезеңіне қадам басты. Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім. Бүгінгі күнде жүйелі жаңғырудың үшінші сатысына аяқ бастық. Бірінші, экономикалық жаңғыру қолға алынды. Екінші, саяси жаңғыру іске асырылды. Қазіргі кезде үшінші, рухани жаңғыруға кірістік.
Адам капиталын дамыту қажеттілігі жарияланған мақаланың басты негізі болып табылады. Мақаланың негізгі мазмұны тұлғаның жаңғыруы мен жаһандық бәсекелестік. Елбасы ұлттық-мәдени кодтың сақталу қажеттілігі жайлы айтады. Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті сақтау қажеттілігін айта отырып тарихқа жүгінеді, әрі сонымен бірге алға жылжуға мүмкіндік беретін дамудың прогрессивті тұжырымдамалары жайлы ұмытпау керектігін айтады.
Біз экономикалық жаңғырудың қоғамның гуманитарлық өмір саласына әсер ететіндігін түсінуіміз қажет. Қазақстандықтар бұл өзгерістерге бейімделуі және кең көлемді ішкі реформаларға дайын болуы тиіс. Бұл техникалық прогрестің айырылмас бөлшегі болып табылатын сананың өзгеруін қажет етеді. Азаматтардың өзара қатынасының негізіне рухани-адамгершілік бағыттар, оның ішінде іскерлік әдеп, азаматтардың мемлекетке деген қатынасы жатуы қажет. Сондықтан Елбасының мақаласы бізді осы өзгерістерге өз уақытында баптап, ішкі дамудың векторын айғақтап, экономикалық даму стратегиясын үйлесімді толықтырады. Елбасы өзгерістерге ашық болуға, жаһандық үрдістерге сай өзгеруге және сыртқы әлемнен оқшауланбауға шақырады.
Жаңа көзқарастың символикалық нышаны ретінде қазақ тілінің заманауи ақпараттық қоғамның озық технологиялары мен жаңа ілімдерін бейнелейтін латын әліпбиіне көшу идеясы болды.
Жалпы айтқанда Қазақстан өзінің өркениеттік және құндылықты таңдауын ашықтық, иновациялар мен прогресске берді. Қазақстан әлемнен оқшаулану, сыртқы жауларды іздеу немесе бірегей локальді даму жолын таңдау сынды адасушылықтан бойын аулақ ұстауы тиіс.
«Мен еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім. Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын!»- деп кесіп айтты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Посткеңестік кеңістіктегі елдердің бастамасымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды. Бұл посткеңестік кеңістіктегі экономикалық және мәдени-тарихи байланыстар жүйесін сақтап қалуға бағытталған саяси қадам болатын. Нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) 1991 жылдың 8 желтоқсанында Беларусь, Ресей Федерациясы мен Украина басшыларының құжатқа қол қоюмен құрылды.


Екі апта өткен соң, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласында егеменді он бір мемлекеттердің (Балтық елдері мен Грузиядан басқа. Грузия ТМД құрамына тек 1993 жылы қосылып, 2009 жылдың 18 тамызында өз мүшелігін тоқтатты) басшылары бұл Келісімге арналған Хаттамаға қол қойды. Онда Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Украина теңқұқылы бастамада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құратындығы айтылды.
1993 жылдың 22 қаңтарында Минскіде өткен ТМД саммитінде Достастық Жарғысы қабылданды.
ТМД Жарғысының негізінде Достастықтың негізгі мақсаттары ретінде төмендегілер келтірілген:

  • саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салаларда әріптестік жүргізу;

  • ортақ экономикалық кеңістік, мемлекет аралық кооперация мен интеграция аясындағы мүше-мемлекеттердің жан-жақты және тепе-теңдіктегі экономикалық және мәдени дамуы;

  • халықаралық құқық нормалары мен барлығымен мойындалған принциптері және ЕҚЫҰ құжаттарына сәйкес адамның құқықтары мен негізгі бостандығын қамтамасыз ету;

  • мүше-мемлекеттердің арасында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соғыс қаруы мен соғыс шығындарын азайту бойынша тиімді шараларды қолдану, ядролық және басқа да жаппай жоятын қарудың түрлерін жою, жалпы және толықтай қарусыздану мәселелері бойынша әріптестік;

  • Достастыққа мүше-мемлекеттердің азаматтарының өзара еркін тілдесу, байланысу және қозғалуға мүмкіндік жасау;

  • құқықтық қатынастар саласындағы өзара құқықтық көмек көрсету және әріптестік;

Достастық мемлекеттерінің арасындағы дау мен қақтығыстарды бейбіт шешу.
Кедендік Одақ
2006 жылдың 16 тамызында Сочи қаласында (РФ) ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің басшылары кездесуінде ЕурАзЭҚ аясында үш мемлекет (Беларусь, Қазақстан, Ресей) арасында Кедендік одақты құру жайлы шешім қабылданды.

  1. жылдың 12 желтоқсанында ЕурАзЭҚ мемлекет аралық кеңесінде ұйымға мүше елдердің үкімет басшылары ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағы комиссиясының (КОК) жұмыс істеуіне қажетті құжаттарға қол қойды.

  2. жылдың 27 қарашасында Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің басшылары КО Кедендік кодексі жайлы Келісімге қол қойды. Келісім-шартта КО-ның Біртұтас кедендік тарифтері (2010 жылдың 1 қаңтарынан әрекет ете бастады), сыртқы экономикалық қатынастардың Тауар номенклатурасының ортақ жүйесі және біртұтас кедендік-тарифтік реттеудің басқа да халықаралық құжаттар бекітілді. КО біртұтас кедендік территориясының 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастауы жайлы келісім жасалды.

  3. жылдың 5 шілдесінде КО Кедендік кодексінің осы жылдың 6 шілдесінен бастап күшіне енетіндігі жайлы шешім қабылданды (Қазақстан мен Ресейде Кедендік кодекс 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданыла бастаған).

Кедендік одақ 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап толыққанды жұмыс істей бастады. 2012 жылдың 1 қаңтарында БЭК қалыптастыратын 17 базалық келісімнен тұратын құжаттар пакетіт енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет