Ы. Алтынсарин орта мектептің Педагог ұйымдастырушысының 2О13-2О14 оқу жылындағы жылдық қорытынды есебі. Мақсатым



бет16/23
Дата23.08.2017
өлшемі3,57 Mb.
#25446
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


Онда мен «Сыры көп айтары аз қызбаланың» атты баяндама оқыдым.
29. Апта сайын жүргізілетін оқушылардың сынып аралық кезекшілігі жүргізіліп отырды. Әр сынып аптасына қорытынды шығарып, жазбаша есеп беріп отырды. Кезекшілік өз дәрежесінде өткізілді.
28. Сәуір айының 3-онкүндігінде эстетикалық пәндер апталығында,5-6сыныптар аралығында сыныптан тыс «Әнші балапан» байқауы ұйымдастырылды. 3-турдан тұрды.Байқауда бас жүлдені Жорабай Нүрила иеленді. Екінші орынды би наминациясы бойынша 5-сынып оқушылары «Қызғалдақтар» тобы жеңіп алды.Үшінші орынды хормен ән айту наминациясы бойынша 6-сынып оқушылары «Егемен ел» әнін орындап,жеңіске жетті. Іс-шараға мектеп директоры мен ДТІЖО: Сариева Р қатысып оқушыларымызға сәттілік тіледі.
29. Барлық мектептердегідей мектебімізде 17-Сәуір күні жас ұстаздар арасында Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Құрымбаевтың ұйымдастыруымен мектепішілік «Жыл мұғалімі-2014» байқауы өтті. Байқауға қатысып, «Жаңашыл ұстаз» номинациясын иелендім.

3О.Сәуір айында мектебімізде «Жігіт сұлтаны-2О14» байқауы ұйымдастырылды. Жігіттер 6 кезең бойынша өз бақтарын сынады,әр сыныптан екі оқушыдан қатысты. Жеңіске Мұратбек Фараби жетті.






31. Мамыр айының 9-жұлдызында жеңіс күніне орай «Желбіре, жеңіс жалауы» атты жалпы мерекелік іс-шара өткізілді.Оқушыларға бейбіт күннің соғысқа қатысқан аталарымыздың арқасында келгенін,олардың аруағына тағзым ету керектігін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға соғыс ардагерлерінің зайыптары, ауыл ақсақалдары, т.б. қонақтар шақырылды. Ардагерлер зайыптарына мектеп атынан сыйлықтар тапсырылды,сөз берілді. Мереке 1-минут үнсіздікпен басталды. Аналарымызға арнап, «Ана туралы баллада» әнін Қожағұлова Назерке орындап берді. «Соғыстың басталуы» туралы көрініс көрсетілді. Соғыс қасіреті жайында,соғыс тақырыбындағы өлеңдерді оқушыларымыз жатқа оқыды. Жүргізушілер соғыс тарихынан үзінділер оқып, Келешек ұрпаққа олардың есімдерімен таныстырып, оқып өтті. Көпшілікке « Жеңіс» әнін Сембекова Құралай нақышына келтіре орындады. 7-сынып оқушылары «Валенкий» орыс биін көрермен назарына ұсынды. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының орыс командирімен болған оқиғасы көрініс ретінде көпшілік назарына ұсынылды. «Соғыстың басталуы» атты көрініс көрермен көңілінен шықты.Соңында бейбітшілік жасасын деген ұранмен барлық іс- шараға қатысушылар «Қазақ елі» әнін хормен орындады. Көпшілік жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарасты.

32. Оқушыларымыздың жыл бойы білім нәрімен сусындап,алтын ұя мектептерімен қоштасып, жазғы демалысқа шығатын уақыт та келіп жетті. Мектебімізде «Сәт-сапар саған,жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жас түлектеріміз 11 жыл бойы білім алған мектептерімен тебірене қоштасты. Ардагер ұстаз Оспанова Бұйраш , ауыл әкімі Біржан Әлімбаев қонаққа келді.Мектеп бітіргеніне 20 жыл толып отырған түлектер келіп, ұстаздарға деген ыстық ықыластарын білдірді. Оқу жылын сәтті аяқтайық!



Салтанатты жиын ту көтеру рәсімінен басталды. Жас түлектердің келесі ізбасарларына ту тапсыру рәсімі өткізілді
Каталог: uploads -> doc -> 04ac
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04ac -> Сабақ "Ұлттық киімдер" 7 сынып Сабақтың мақсаты: Білімділік ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық
04ac -> Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет