I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі


ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ДАСТАН ТАҒЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет15/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add
«Жаратылыстану» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік
ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ДАСТАН ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Әбуғалисина - Әбілхарис 
Дастан бойынша әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина мен Әбілхарис егіз болған. Екеуі 
Писағұрыстың жер астындағы кітапханасына кіріп, түрлі ғылым салаларын меңгеріп, 
ұстаздық жолға түседі. Дастанда Әбу Әли ибн Синаның адамның мәңгі өмір сүруі үшін 
еткен әрекеті баяндалады. 
Сол жерге Ғалисина қайтып келіп
Отырған өлгенінше мекенденіп. 
Самарқан қаласының оң жағында, 
Екі үлкен жасапты зейнет беріп. 
Сыйысқан әр бөлмеге елу бала, 
Тамаша сұлулығы оның және. 
Сұлулық сәулетіне көз тойынған, 
Әр пәннен алды оқыған білім, сана. 
Синаның жетпістерге жасы жетті, 
Көшесін қызықты өмір басып өтті. 
Өтерін бұл дүниеден анық біліп, 
Данышпан бұған да әдіс айла етті... 
Ойлады оқығанда мұнша ғылым, 
Өлімді сүймепті ол да жетсе білім.
Жолдарын ой жеткенше қарастырды, 
Ажалдың жоймақ үшін арты түбін. 
Жасапты жеті жұлдыз төбесіне
Жеті ыдыс жасады оның өресіне. 
Қасиетін жеті ыдысқа қосты үркердің, 
Білімнен сақтап таза оны есіне. 
Ғылыммен жеті ыдысқа дәрі толды, 
Өлгенде жан енетін денесіне. 
Тапсырды шәкіртіне бәрін соның, 


18 
Жамас хакім дер еді есімін оның. 
Бағдатта туған жері сенімі асқан
Бірлесіп көп сапарда жүрген жолын. 
Ешкімге әшкере етпе өлігімді, 
Орында менің айтқан сенімімді. 
Алжаспай дәрілерді жұмса тегіс, 
Ұстаздан алсаң мақтау орыныңды. 
Мақұл деп қабыл алып иді басын
Мүлтіксіз орындауға уағдасын. 
Көз жұмып Ғалисина өлгеннен соң, 
Қолға алды Жамас хакім тапсырмасын... 
Дәрінің шыныдағы тағы бірін, 
Құйғанда айнығысыз адам түрін. 
Көрініп тіршіліктің барлық сиқы, 
Тағы бір жұмсағанда ыдыстарды
Дем шығып, көзін ашып тыныс алды. 
Бетіне шәкіртінің тура қарап, 
Шығарды "бәриз" деген дыбыстарды. 
Және бір "қүй" деген сөз "бәриз" деген, 
Талабы тірілудің қамын жеген. 
Дәрінің енді қалған бірін құйса, 
Дүниеде мәңгі тірі жүреді екен. 
Айтқандай ғалым Сина ашты көзін, 
Тіріліп кететіндей білді өзін. 
Жамастың көңіліне кірді пікір, 
"Бәриз" деп естігенде айтқан сөзін.
Ойлапты, тұрса қазір Сина ғалым, 
Шүһрәті хабарлатқан халықтың бәрін. 
Келетін менің бақыт кезегіме, 
Кез болып, бермес бедел ықтиярын... 
Шәкірті өзі оқытып сабақ берген
Сенімін адалдамай, садақ көрген. 
Қолынан шынша түсіп сынды дейді, 
Аңдамай аттағанда аяқ жерден... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет